Әлеуметтану ғылым ретінде



бет1/2
Дата22.02.2024
өлшемі55.5 Kb.
#492841
  1   2
әлеуметтану қоғам туралы ғылым (2)



1.1 Әлеуметтану қоғам туралы ғылым.

“Әлеуметтану” термині екі сөзден құралған: латынның socіetas — қоғам және гректің logos — сөз, түсінік, ілім деген сөздерінен. Демек, этимологиялық тұрғыдан алғанда әлеуметтану “қоғам туралы ғылым” немесе “қоғам туралы ілім” дегенді білдіреді. Бірақ бұл біршама абстрактілі ой, өйткені адамзат қоғамы өзінің заңды көріністерімен көптеген қоғамдық ғылымдардың пәні болып табылады. Сондықтан да әлеуметтану пәнін қандай да бір басқа қоғамдық ғылым пәнінен бөлек қарауға болмайды.


Әлеуметтану адамдар мен топтардың өзара әрекетке гүсуін, сондай-ақ өзара әрекетке түсуді түзетін мінез-құлық ережелерін зерттейді. Бұл орайда, өзара әрекетке түсу үлгілеріне баса назар аударылады - бүл үлгілер қалай дамиды, оларды қалай қолдануға болады және қалай өзгереді деген сұрақтар қарастырылады. Әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың бірі ретінде саясаттану, экономика, психология және антропология сияқты ғылымдармен тығыз байланысты. Осы салалардың бәрі адамның әлеуметтік мінезқүлқын және белгілі бір дәрежеде қоғамды зерттейді. Бұдан басқа, бұл салалар жаңа білімді қалыптастырудың ең жақсы тәсілі ретінде ғылыми әдіске назар аударады. Ғылымның бұл саласы дәлелдемелерді жүйелі түрде сараптауға негізделген эмпирикалық зерттеулерге сүйенеді, яғни қандай да бір тұжырым жасамай түрып зерттеушілердің дәлелдерінің объективті түрде бағалануын күтеді. Қоғамдық ғылымдарды журналистикадан және адамды зерттейтін басқа салалардан ерекшелендіретін нақ осы эмпирикалық көзқарас. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдардан өз ерекшелігі бар. Антропологтер, ең алдымен, адам (немесе адамдық емес) мәдениетіне ден қояды. Мәселен, антропологтар кей мәдениетте зорлық-зомбылықтың басқаларға қарағанда неге көп таралғанын және мектеп бітіру кештері, Марди Гра мерекесі және Киньсеаньера (Q u in ceafieras) сияқты мейрамдардың қандай мақсаттарда жасалатынын зерттейді. Психологтар адамның жеке мінез-қүлқына және ойлау ерекшеліктеріне назар аударады, мысалы, «Неге кей адамдар күйгелек болып келеді?» немесе «Неге кей адамдар басқаларға қарағанда, әлденеге көбірек құмар болады?» деген сұрақтарға жауап іздейді. Саясаттанушылар саяси жүйе мен мінез-құлықты, мысалы, диктаторлықтың өсуі мен құлдырауы сияқты проблемаларды зерттесе, экономистер тауарлардың қалай өндіріліп, қалай таратылатынын және қызмет көрсету түрлерінің қалай пайда болып, қалай қолданылатынын зерттейді, мәселен, «Жүрттың көбі неге камерасы бар ұялы телефон алады?» деген сияқты сұрақтардың жауабын қарастырады. Әлеуметтанушылар мәдениетті, жеке мінез-құлық, саясат пен экономиканы зерттесе де осы және басқа проблемалардың әлеуметтік топтар мен әлеуметтік өзара әрекеттерге қалай эсер ететінін басты назарда ұстайды. ҚО
Қазіргі уақытта әлеуметтанудың ғылым ретінде пәнін белгілеу, жетілдіру, білімді тереңдету үрдісі жүріп жатыр. Бұл әлеуметтік ғылымдардың жіктелуімен, бірігуімен, гуманизациясымен байланысты.
Әрбір ғылымның атқаратын қызметі қоғамның күнделікті өмірімен өзара әрекеті және байланыстарының сан қырлылығын көрсетеді. Мұнда қоғамның сол ғылымның нақты танымдық немесе түрлендіруші әрекеттеріне деген сұранысы қамтылады.
Әлеуметтанудың қоғам өмірімен байланысының алуан түрлілігі, қоғамдық мақсаты бірінші кезекте оның ерекше әлеуметтік ғылым ретінде атқаратын қызметімен айқындалады. Әлеуметтану әлеуметтік шынайылықты зерделей отырып, біріншіден, әлеуметтік шынайылық туралы білімді қалыптастырумен, әлеуметтік дамудың процестерін сипаттаумен, түсіндірумен және ұғынумен, әлеуметтанудың тұжырымдамалық аппаратын, әлеуметтану зерттеуінің әдістемесі мен әдістерін жасаумен байланысты ғылыми проблемаларды шешеді. Екіншіден, әлеуметтік шынайылықты түрлендірумен, әлеуметтік процестерге жоспарлы түрде, мақсат көздей отырып, ықпал етудің жолдары мен құралдарын талдаумен байланысты проблемаларды зерделейді. Осы екі қырын ескере отырып, неғұрлым маңызды міндет ретінде танымдық (дескриптивтік және диагностикалық міндеттер) және тәжірибелік (болжамдық, әлеуметтік жобалау мен құрастыру және басқару) міндеттерін бөліп қарауға болады.
Әлеуметтанудың қоғамдық дамуға ықпалы кең және сан қырлы. Қазіргі жағдайда әлеуметтану ғылымының рөлі мен маңызы артып келеді. Маңызды және шұғыл әлеуметтік-саяси өзгерістер бүгінгі таңда көптеген елдерде, соның ішінде біздің елімізде жүріп жатыр. Қоғамды реформалау жағдайында тұтас организм ретіндегі қоғамның дамуы мен қызмет атқаруының үрдістері мен заңдылықтарын мұқият зерделеу және пайдалану ерекше өзекті, теориялық және тәжірибелік тұрғыдан маңызды, бұл ең алдымен әлеуметтанумен байланысты. Біздің қоғамның және өзге қоғамдардың дамуының қазіргі кезеңі қоғамдық өмірдің әлеуметтік факторлары мен әлеуметтік саласының рөлі мен маңызы арта түскенінің бұлтартпас дәлелі. Әлеуметтік факторлар мен реформалардың әлеуметтік салдарларының рөлі мен маңызын елемеудің немесе байыпты түрде жете бағаламаудың жалпы қоғамдағы және оның жекелеген салаларындағы реформалардың сәтті жүруіне нақты қатер төндіретінін өмір айқын дәлелдеп отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет