Әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар ғылыми-зерттеу институты



Pdf көрінісі
бет73/97
Дата29.09.2024
өлшемі1.81 Mb.
#504107
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   97
Торгаутова Ш.А. - Абайтану ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ - 2024

Биология (грекше bios – «тіршілік», «өмір» logos- «ғылым» ) - тірі ағзалардың тіршілік 
ету әрекетін зерттейтін көп салалы ғылым. Биология - тірі табиғатты және тіршілікткен өткен 
ағзалардың ішкі мәнін, сыртқы құрылысымен қатар, оның ерекшелігін, шығу тегін, дамуын өлі 
табиғатпен байланыстыра зерттейді.
«Өлсе өлер, табиғат адам өлмес» деген Абай, жанның мәңгілігін өлі табиғатқа қарама-
қарсы қойып, олардың араларындағы байланысын, оның тіршілік етуі мен дамуын, құрып 
бітуін талқыға салу биологияның еншісіне тастаған сияқты. Адамдардың «Тіршілік» қалай 
пайда болды? «Тіршіліктің» иесі кім, деген сұрақтар адамзатты үнемі мазалап келеді.
Тірі ағзалардың пайда болуы көбінесе екі жолмен: өлі табиғат «Қара тастан басқаның 
бәрі жадырап» (Абай) судан, тау-тастан, ағаштан басқа
Безендіріп жер жүзін тәңрім шебер, 
Мейірбандық, дүниеге нұрын төгер. 
Анамыздай жер иіп емізгенде 
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер. –


77 
деген ақын «Жазғытұрым» атты табиғат лирикасында рух қалауымен пайда болуы ретінде 
түсіндіреді.
Адамдар жоғарға сатыдағы дамыған сүтқоректілер типіне жатады. Тіршілік атаулыны 
барлығына тән қасиет - жасуша. Биология ғылымының өзі бірнеше салаларға бөлінеді. Соның 
ішінде үш негізгі салалары мынадай: Ботаника (өсімдіктер), зоология (жануарлар), анатомия 
(адам ағзасы).
Абай өз шығармаларында тіршілік бір жаратушыдан деп, 28-қара сөзінде «...ауруды 
жаратқан – құдай, ауыртқан құдай емес» деп келеді де
Жаз жіберіп, жан берген қара жерге 
Рахметіне Алланың көңіл сенер - деген Абай табиғатты
Алланың құдіреттілігімен көркемдік қиялға беріліп суреттейді. Осы «Жазғытұры» өлеңінің 
тағы бір жерінде:
Тамашалап қарасаң тәңрі ісіне, 
Бойың балқып, ериді іште жігер. – деп, жаратушы өзі тәңрі
арқылы адам мен табиғаттың бірыңғайлығын көрсетеді.
Медицина ғылымының пайда болуы, тіршіліктің пайда болуы туралы ежелгі грек 
ғалымдары ертеректе-ақ тіршілік иесі жұмбақ және жылы ұйыма балдырдан тұтаспаған ағза 
түрінде пайда болып, жеке мүшелері: бас, қол, аяқ, дене бір-бірімен соңынан қосылады деп 
жорамалдаған. Абай: 
Сол досты сая таппай іздейді жан, 
Жоқтайды күңіреніп қозғалып қан. – деп, қаннан жаратылған жанды (адам)
медицина ғылым саласында тірі табиғат, барлық тірі ағзаларға тән белгілі қасиеттер бар
оларды тірі жүйелер деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет