81
Уақыт өткен сайын Абайдың ұлылық тұлғасы асқақтап биікке көтерілуінің бір себебі
артында қалдырған
мұраның молдығында ғана емес, құндылығы мен құнарлылығында. Ақын
мұрасы тұңғиық теңіз сияқты, асылы түбінде жатқан жаһұтты алуда «Математикадағы ойлылық,
педагогикадағы
тәрбиелілік,
логикадағы
жүйелілік,
психологиядағы
сезімталдық,
философиядағы пайымдылық қажет» (Ф.Бэкон) осы ғылым салалары арқылы қайта оқысаңыз
бұрынғы ұғымыңыз бен әсеріңізге жаңадан мән енеді. Абай еңбектерін бір рет оқып, қайта соқпай
кеткен кісі, адам болу тұжырымдамасына атүсті қараумен бірдей ғана әсерде қалады. Ал,
ұлылықпен
ғұмыр бойы сырлас, аралас болғың келсе, (қай маман иесі болмасын) күнде бір
шығармасын оқып, ой елегінен өткізіп отырсаң мұратыңа жетесің.
Достарыңызбен бөлісу: