Әлеуметтік ғылымдар факультеті Педагогика кафедрасы


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет16/103
Дата09.02.2024
өлшемі7.85 Mb.
#491487
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   103
Педагигика

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
алтыншы 
Дидактиканы оқыту және білім беру бөлімі деп те атайды. Дидактиканың 
қарастыратын негізгі мәселелері: оқытудың мазмұны, үдерісі, әдістері, түрлері, 
заңдылықтары, ұстанымдары, оқытудың жаңа технологиялары, және т.б. Дидактиканың 
негізгі ұғымдары: оқыту, білім беру, оқыту ұстанымдары, білім берудің мазмұны, сабақ. 
Мектептану – мектептегі басқару ісінің мазмұнын, әдісі мен тәсілін зерттейтін
мектеп жұмысын ұйымдастыру жүйесінің ерекшеліктерін анықтап, саралайтын 
педагогиканың бөлімі. 
Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогикалық ғылымдар жүйесі келесі салаларды 
қамтиды: 
 
Мектепке дейінгі педагогика; 
 
Мектеп педагогикасы; 
 
Кәсіби-техникалық білім беру педагогикасы; 
 
Орта арнайы білім беру педагогикасы; 
 
Жоғары мектеп педагогикасы; 
 
Пәндерді оқыту әдістемесі; 
 
Өндірістік педагогика; 
 
Әлеуметтік педагогика; 
 
Салыстырмалы педагогика; 
 
Арнайы педагогика; 
 
Әскери педагогика; 
 
Педагогика тарихы; 
 
Халық педагогикасы (Этнопедагогика); 
 
Коррекциялық педагогика; 
 
Кәсіби педагогика; 
Ғылым – 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде 
алынған негіздер; 2) негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға 
жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған 
әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі. Ғылым – табиғат, қоғам 
және ой жүйесі туралы жаңа білімді меңгеруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарының 
әдістерін және категориялық аппаратын, ғылыми ақпарат жүйесін түгел қамтитын зерттеу 
қызметінің саласы. Ол шынайы ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала 
болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы нысаны. Ғылым – қоғамдық 
сананың ерекше формасы (күрделі, жан-жақты). Ғылым ‒ тек білімнің, фактілердің және т.б. 
жиынтығы ғана емес ол сондай-ақ, қоғамның мәдени-әлеуметтік маңызды құбылыстарының 
бірі. Яғни ғылым дегеніміз бұл: мәдениеттің бір саласы; дүниетанымдық әдістің бірі; адамды 
және табиғатты қайта өңдеуші өндіргіш күш; арнаулы институт (институт түсінігіне тек 
жоғары оқу орны емес, сонымен қатар ғылыми қауымдастықтар, академиялар, 
лабораториялар, журналдар және т.б. кіргізіледі)
Ф. Энгельс «Табиғат диалектикасы» атты еңбегінде бүкіл ғылым саласын үш топқа 
бөлген. Бірінші топқа ‒ математика, астрономия, механика, физика, химия пәндерін; екінші 
топқа ‒ тірі организмді зерттейтін ғылым салалары – ботаника, зоология, анатомия, 
физиология пәндерін; үшінші топқа – тарих, әдебиет, тіл, заң, философия пәндерін енгізген. 
Адам және қоғам туралы ғылымдар – (білім беру психологиясы, әлеуметтану, т.б.) адамның 
жүріс-тұрыс және даму заңдылықтары туралы, сонымен бірге адамдар арасындағы өзара 
және олардың қоғаммен қарым- қатынастары туралы осы заманғы ғылыми түсініктерді 
қамтамасыздандыруға мүмкіндік береді. 
Ғылым нысаны ‒ әлемнің құрылысы мен жердегі тіршіліктің пайда болуынан бастап 
қоғамдық өмір мен жеке ғылымның проблемаларына дейінгі адамзат тарапынан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   103




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет