Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым:
алтыншы
қызметінің жоғары жетістіктері ретінде академиялық білім беру жүйесін құрайды. Бұл
модель қоғамның, мемлекеттің, ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуы үшін
шығармашылық негізін салуға міндетті. Көріп отырғанымыздай бұл болашақ қоғамның
перспективті, жан-жақты білімді мәдениетті тұлғасын дайындауға бағытталған. Классикалық
білім моделінің мазмұны мен мақсаты әлемдегі ғылым, мәдениет, техника мен адам өмірін
өткен күн, қазігі кезең және болашақ жағдайында үйлесімді ұсынады. Рационалистік модель
– осы күнгі қоғам мен өркениетке бейімделгіш, жоғары дәрежеде универсал дайындалған,
болашақ кәсіби қызметіне терең дайындықпен келетін, алдағы уақыттағы технологияларды
шығармашылықпен меңгере алатын университеттік білімге ұйымдасқан түрде бағытталған.
Сондай-ақ, университеттік білімге әлеуметтік-мәдени феномен ретінде қарап, университеттің
«әлеуметтік жүйеге кіру» және «басқару тәсілі» сияқты даму белгілеріне қатысты тағы да
екі модельді анықтап алуға болады. Бұл екі модель мемлекеттік-ведомстволық мекеме және
мемлекеттен тыс жоғары білім беретін автономдық университет. Бірінші жағдайда
университеттік білім орталықтанған білім мақсаты мен мазмұнын мемлекеттік білім
стандарттарымен,
мамандықтар
бойынша
номенклатурасы,
оқу
жоспары,
оқу
бағдарламалары және білім нәтижесін анықтау арнайы басқару органдарымен іске асады.
Автономдық университеттер орта ғасырлық университеттер тәрізді өз ресурстарымен қызмет
етеді.
Жоғары оқу орны – ең алдымен, жоғары білікті қызметкерлерді даярлаумен
байланысты, әр түрлі қызметтерді көрсете алатын білім беру мекемесі. Жоғары оқу
орындарының негізгі түрлері: университеттер, академиялар, ұлттық зерттеу университеті,
ұлттық жоғары оқу орны, зерттеу университеті, институт және оларға теңестiрiлгендер
(консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище). Бұл мекемелердің бәрі бірінші кезекте
ғылыми зерттеулерді орындаумен қоса білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Ұлттық зерттеу университеті - ерекше мәртебесі бар және Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасы бар,
мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім берудің өз бетінше әзірленген білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын, жаңа білімді жинақтау мен тасымалдау үшін іргелі және қолданбалы ғылыми
зерттеу нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны;
Ұлттық жоғары оқу орны - елдің жетекші ғылыми және әдістемелік орталығы болып
табылатын, ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны;
Зерттеу университеті – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен университетті
дамыту бағдарламасын іске асыратын әрі іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді
және
өзге
де
ғылыми-техникалық,
тәжірибелік-конструкторлық
жұмыстарды
ұйымдастыруға және жүргізуге қатысатын жоғары оқу орны болып табылады. Зерттеу
университетінің негізгі міндеті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің
барлық деңгейінде ғылыми қызмет пен білім беру процесінің интеграциясы болып
табылады. Зерттеу университеті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің
білім беру бағдарламаларының стандарттарын өз бетінше әзірлейді және іске асырады.
Білім беру бағдарламаларын іске асыру шарттарына және меңгеру нәтижелеріне қойылатын
талаптар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік
стандарттармен белгіленетін тиісті бағдарламаларынан төмен бола алмайды. Зерттеу
университеті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары
бойынша оқуға қабылдау кезінде бейiндiк бағыттың қосымша талаптарын белгiлеуге
құқылы.
Университет – мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары білім
берудің, магистратураның және докторантураның білім беретін оқу бағдарламаларын іске
асыратын, іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыратын, ғылыми және әдістемелік
орталық болып табылатын жоғары оқу орны.
|