Әлеуметтік серіктестік



бет55/77
Дата02.05.2024
өлшемі3.22 Mb.
#500309
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77
бәскеге (1)

Экспериментік

топ



Бақылау тобы
Сурет-22.Зерттелуші топтардың бәсекеге қабілеттілік деңгейлерінің салыстырмалы диаграммасы

Осылайша сыналушылардың эксперименттік топ пен бақылау тобындағы зерттелушілердің бәсекеге қабілеттілігін көрсететін нәтижелердің біршама артқанын көруімізге болады. Бұл біз ұйымдастырған қалыптастырушы іс- шаралардың болашақ педагогтардың зерттеліп отырған сапасының дамуына тиімді әсер еткендігін дәлелдейді.


Сонымен, болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту бір реттік жүргізілетін шара емес, ол жүйелі түрде жүргізілетін ұзақ процес. Нәтижелерді талдау тәжірибелі-эскперименттік жұмыс барысында педагогтардың бәсекеге қабілеттілігі деңгейінің эксперименттік топтарда жоғарылағанын көрсетеді. Бәсекеге қабілеттіліктің жоғарғы деңгейі 26%-дан 43%ке дейін өсіп, ал төмен деңгей 16%-ға төмендеген. Бұл көрсеткіште экспериментке дейін төмен деңгей көрсеткен болашақ педагогтарды орташа деңгейге дейін көтеруге қол жеткізілді. Ал бақылау тобында эксперименттік топқа қарағанда көп өзгерістер байқалмады. Қорыта келгенде, зерттеудің сандық және сапалық мәліметтері эксперимент нәтижелерінің айқындығын сипаттайды. Сондықтан практикалық эксперимент жұмыстарының нәтижесінде алынған жоғарыдағы мәліметттер жоғары оқу орнында болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту үдерісінде
жағымды динамика байқалады деп тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Педагогикалық эксперименттің нәтижесін математикалық өңдеу үшін Фишердің бұрыштық құру критерийінде φ* негізгі бақылаудың қанша бөлігі зерттеушіге қызықты болған тиімділігіне қатысты және қай бөлігі оның тиімділігіне қатысты еместігін анықтау негізінде құрылған. Фишер критерийі 2- таңдаулар арасындағы жиілікті салыстыру және зерттеушілерде кездесетін яғни бәсекеге қабілеттілік деңгейі мен педагогикалық құзіреттілігіне қызығушылық
тиімділігін, яғни эффектісін зерттеуде де кеңінен қолданылады.
n1=81, n2=80 болған мұндай жағдайда анықталатын белгі бойынша таңдамалыны салыстыру. Олай болса, Фишер критерийін φ* қолдануда Колмогоров-Смирнов критериін λ салыстыра отырып, белгілі мақсатқа жетіп максималды дәл қорытынды алуға болады.
Зерттелген белгінің екі топ бойынша, яғни бәсекеге қабілеттілігінің арту тиімділігін салыстыру болып табылады. Берілген нұсқа бойынша қолданған критеридің бір таңдауында пайыздық зерттеуін салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі бейнеленеді, дәл осы пайыздық зерттеудің басқа таңдауларында сол бәсекеге қабілетті болуға жетелейтін факторлардың тиімді артқандығы қайта бейнеленеді.
Айталық, мынадай бізді бір мәселе қызықтырады 2-топтың студенттері оқу- тәрбие процесінде берілген бәсекеге қабілеттілік деңгейін эксперименттік тапсырманы орындау кезінде қалай көрсетті? 1-ші топта, яғни қалыптастырушы эксперименттің бақылау тобындағы жоғары деңгейін орта есеппен 80 адамның 19-ы бәсекеге қабілеттілік деңгейін көрсете алды, ал 2-ші эксперименттік топтың орташа арифметикалық шамасының кездесу жиілігі 81-адамнан 41-і орындады. Бірінші жағдайда пайыздық үлестің орындалуына байланысты құрылады 19/41×100%=70%, ал екінші жағдайда 46/58×100%=88% осы пайыздық үлестің мәліметтері жеткіліктіме n1 және n2? 70%, 68% қарағанда жоғары, бірақ мәліметтер негізінде n1, n2 жеткіліксіз. Тексеріп көрейік. Бізді қызықтыратын қай топ оқу-тәрбие процесі барысында бәсекеге қабілеттілік деңгейін басымдылық танытты. Бәсекеге қабілеттілік деңгейі жағынан орта есеппен жоғары деңгейде орындағандар «күшті әсер» қалдырғандар, ал селқос орындағандарды сәтсіз орындағандардың қатарына жатқызамыз. Болжам құрастырамыз:
H0 - тапсырманы орындаған 2-ші топ 1-ші топқа қарағанда эффектісі аз.
H1 - тапсырманы орындаған 2-ші топ 1-ші топқа қарағанда эффектісі жоғары.
Енді кестеде, бұл кестеде эмпирикалық жиілік екі нәтиже бойынша шығарылады: «әсері бар» және «әсері жоқ» болып.

Кесте-13. Топтарың орындаған тапсырмалары бойынша пайыздық үлестің нәтижелері



Топтар

Бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейде тапсырманы орындағандардың «әсері (эффектісі) бар»

Топтар

Тапсырманы орындамағандардың немесе селқос орындағандардың
«әсері (эффектісі) жоқ»

Саны

Зерттеу шілер саны

% үлес

Зерттеушіл ер саны

%үлес

1-топ

55

(30%)

1-
топ

66

(70%)

81

2-топ

25

(68%)

2-
топ

44

(32%)

80

Барлығы

80







81




161

Г.В. Наследовтың еңбегінде кестенің 8-ші қосымшасы бойынша әр топтың пaйыздық үлестік сәйкестігінің көлемін анықтаймыз [218].
φ 1 (64.6%) =2, 322
φ 2 (35,4%) =1,641
Енді эмпирикалық көрсеткішін φ* формула бойынша есептейміз.


φ*= (φ 1 – φ 2 )*

φ 1 – үлкен % үлеске үйлесімді келетін бұрыш; φ 2 – бұрышы кіші % үлеске үйлесімді келетін бұрышы;


n1 -1-ші топтағы адамдар саны; n2 -2-ші топтағы адамдар саны; Нақты жағдайда:
Ендігісінде қай деңгей үйлесімге сай келеді φ=1,34; ρ=0,05 Критикалық статистикалық мәліметі мынадай:


 3.85 p  0.01
φ*кр = 2.73p  0.05

φ эмп =5,6 φ эмп > φ кр

Алынған эмпирикалық мәлімет φ* зонасының мәнді аймағында орналасқан.
Сондықтанда, Н1 статистикалық болжамы (жұмыс болжамы) қабылданады. Яғни, (бақылау тобында) тапсырманы орындаған 2-ші топ 1-ші топқа қарағанда әсері жоғары. Олай болса, 2-ші топты құраған эксперименттік топта қалыптастырушы-дамытушы іс-шараларға белсенді қатысу негізінде бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейде қалыптасқан. Орта есеппен тапсырманы жоғары деңгейде орындағандар «күшті әсер» қалдырғандар, ал немқұрайлы орындағандарды сәтсіз орындағандардың қатарына жатқызамыз. Екі таңдау тобы зерттелушілерінің оқу-тәрбие процесі кезінде бәсекеге қабілеттілік деңгейін салыстырғанда, Фишердің φ*-критерийінің көмегімен пайыздық көрсеткішетердің статистикалық мәнділігі анықталып, эксперименттік топтағы зерттелушілердің бәсекеге қабілеттілік факторларының тиімді артқандығы дәлелденді.
Жоғарыда келтірілген деректер диссертациялық зерттеу барысында жүргізілген қалыптастырушы эксперименттің нәтижелі болғандығын көрсетеді. Демек, практикалық зерттеу жұмысымызды қорытындылай келе, біз болашақ педагогтардың бәсекеге қабілеттілігі әлеуметтік серіктестіктің барлық мүмкіндіктерін пайдалану негізінде құрылған модель мен әдістемелік жүйе жоғары педагогикалық оқу орнының оқу-тәрбие процесіне ендірілсе, онда студенттердің қарастырылып отырған сапасын дамытудың нәтижелілігі артып, нарық талаптарына сай маман дайындау мүмкін деген болжамымыз дәлелденді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет