«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі



Pdf көрінісі
бет39/72
Дата06.04.2023
өлшемі0.86 Mb.
#471874
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72
Лекциялар (ЕДТ, массаж) Сабырбек Ж.Б.

Су астындағы топтасқан массаж. Бұл бір жағынан судың қатты ағынын беріп, екінші 
жағынан қолмен массаж жасауды біріктіру деген сөз.
Гидромассаж терінің қан тамырларын кеңітіп зат алмасу, қоректенуін жақсартып, адамға үлкен 
жеңілдік әкеледі.
Баромассаж – В.А. Кравченко аппартымен жасалады. Арнайы камераның ішіне ауа енгізіп
оны қайтадан насос арқылы сорып алады. Сол ауаның қысымы өзгеріп отыратын камераға аяқты 
салады. Ол камера тығыздалып жабылады. Содан соң аяққа не қолға қысым түсіріп теңіз деңгейінен 
1200-1700 м биіктікке көтереді және 500 м биіктікке түсіреді. Осындай қысымның өзгеруін 3–рет 
қайталайды. Баромассажды 12-15 минут жасайды.
Мұндай массаж қан тамырлары саңылауын бірден ашып аяқтың температурасын 1,5 – 2
0
– қа 
өсіреді. Тканьдерге келетін оттегі мөлшері көбейіп тотығу процессі қызу жүреді. Венамен керісінше 
ағатын қанның жылдамдығы артып денеде керексіз қортылған заттарды шығаруға толық мүмкіндік 
туады.
Массаждың осындай ел арасына таралған жүйесі мен әдістері бар. Олар барлық жерде бәрдей 
меңгеріледі деп айта алмаймыз. Өйткені материалды техникалық база көп жерде жетілмеген. Соның 
салдарына жоғарыда аталған аппараттар республикалық облыс орталықтарында болмаса, асқан емдеу 
профилактикалық мекемелерде көп кездеспейді. Дегенмен оқырман қауым массаждың қандай түрлері 
бар екенін біліп, мағлұмат алу дұрыс деп есептейміз. 
III ТАРАУ 
МАССАЖДЫҢ ТҮРЛЕРІ 
Массаж бірнеше топқа бөлінеді. Олар емдеу, гигиеналық, косметикалық және спортық 
массаждар сондай-ақ осыларға қосылатын массаждың тағы бір түрі-адамның өзіне-өзі массаж жасауы 
(самомассаж). 
Емдік массаж. Бұл емдеу әдістерінің ішінде өзінше оқшау тұрған ерекше түрі. Оны тек дәрігер 
тағайындайды. Ал орындағанда білгір мамандар ғана жасайды. Олар емханада, санаторий – 
прафилакторий сияқты медициналық – мекемелерде аурудың жағдайын тыңғылықты қадағалап 
отырады. Ол басқа комплексті емнің құрамына кіреді. Мысалы дәрі- дәрмекпен, физиотерапиялық 
емдік гимнастикамен бірге жүріп отырса, аурудың жылдам айығып кетуіне толық мүмкіндік бар. 
Емдік массаж өзі жеке бірнеше топқа бөлінеді. Ол аурулардың түріне, зақымдаған не жарақаттанған 
жерге байланысты. Мәселен жүрек, қан – тамыр ауруларына (жүрек ақауы, миокард инфаркты
гипортония, гипотония, ауруларына) бір түрлі массаж, тыныс алу жолдары аурғанда – басқа түрі, 
орталық не шеткері нерв жүйесі зақымданғанда тағы бір түрі қолданылады. Сол сияқты массаж 
операцияға дейін, одан кейін де кең қолданылады. Қысқасы әр аурудың өзіне тән қолданатын 
массаждың тәсілдері, методикасы бар. Сондықтан емдік массажды тек медициналық білімі бар
адамдар ғана жасай алады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет