ӘОЖ 34:002
Амзабекова Айнура Артикойкизи-ЮМ-21-1к6 тобының студенті
Блашева М.Т- аға оқытушы
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Шымкент Қазақстан
Егеменді ел-болашағы айқын ел!
Бұл мақалада егеменді ел болашағын көркейту үшін қолданылатын әрекеттер тізімі айқындалған.Егеменді ел болашағын болжау үшін оның тарихын да ескеру қажет.Тарихты білмейтін болсақ,болашаққа жол жоқ.Ал егемендікке қол жеткізу жолы аса ауыр жол болғаны ешқайсымызға сыр емес.Сол егемендікті сақтау және нығайту бізге берілген борыш деп қарау қателік болмасы анық!
Тірек сөздер:Егемендік,болашақ,жас ұрпақ,тәуелсіз.
Егемендік қай кезден бізге тиісті термин болды? Бұл сұрақтың жауабын табу үшін “Егемендік декларациясы” атты құнды құжатты қарастырған жөн шығар. Жалпы мемлекетіміз 1990 жылдағы қазан айының 25-жұлдызында қол жеткізген болатын. Сол күні аталған декларацияға қол қойылды.Декларацияға қол қойған ел ендігі кезекте егемендігін сақтап қалуы сонымен қоса егемендікке ие бола алатынын амалда дәлелдеуіне тура келді.
Егемендік.Егемендік сөзін есіткен кезде ойға келер дүниелер өте көп.Солай емес пе? Себебі бұл сөзді тар мағынада түсініп қоя салу әсте жарамас! Адамдар әу бастан еркіндікті құптаған.Ал енді егемендік ұғымының бір ұшын еркіндікпен байланыстырар болсақ қате емес шығар.Еркін болу,елдегі биліктің неғұрлым жоғары болуы, тәуелсіз түрде өмір сүру, яғни, бір сөзбен айтқанда өзгеге бағынышты емес болған өмірімізді “егемендіміз” деген бір сөзбен ауыстырып қолдануымызға болады.
Егеменді елдің бүгіні мен ертеңіне тереңірек үңілетін болсақ, әуелі тарихқа көз жүгіртейік.Егемендікке қол жеткізу оңайға соқпады.Егемендік алу үшін қаншама қан төгілді,қаншама қиыншылықтар болды.Бірақ, солардың бәріне төзіп біз бұл күнге қол жеткіздік.Ал егемендікке дейін құрбан болған ата-бабаларымыз ел есінде мәңгі қалады.Міне , осы жыл егемен еліміз өзінің отыз бір жасын тойлайды.Отыз бір жылдың бастапқы жылдары керемет өтті деп айта алмаймыз. Себебі еншісін бөлек алып шыққан жас мемелекеттің аяққа тұруына дейін белгілі бір уақыт аралығында халқымыз қиыншылық көрді.Жас елдің өз саясаты, өз заңы, өз аумақтық шегарасы, өз рәміздері және де өз ақша айналымы болуы тиіс еді. Аталғандардың баршасын бірден қабылдау оңай жұмыс емес.Жай ғана мысал келтірер болсақ, шаңырақ көтерген жас отбасы құрған соң бірталай қиыншылық көреді , дәл сол сияқты елдің де жас ел ретінде дамып өз экономикасын жоғарылатуы барысында қаншама маңдай тер қаншама еңбек талап етеді.Сол еңбектерді қадірлей отырып елдің болашағын көркейту біздің мойнымыздағы парыз болары сөзсіз.
Тәуелсіздік бізге өте көп мүмкіндіктер есігін ашты. Білім саласындағы жаңалықтар, жастардың емін-еркін шығармашылықпен айналысуы,түрлі салаларда сонымен қоса спорт саласында өз қабілеттіліктерін көрсетуі баршасы да тәуелсіз елдің жастары жайлы сыр шертеді. Бірінші кезекте бүгіннен ертең нұрлы болуы үшін тер төгетін тұлға ол әрине ел басшысы.Елді басқаратын адам. Әрбір дұрыс жасалған жоспар жұмыстың тиянақты болуына өз септігін тигізері анық. Сол сияқты елбасының болашаққа құрар жоспарларының маңыздылығы өте зор.Сонымен қоса, біздерге берер демеуі, жігерлентіруі де жүрекке күш жігер силайды десем қателеспеспін. Жарқын болашақ.Жарқын болашақ ұғымын қалай түсінуге болады?Немесе , жарқын болашақты қалай елестете аламыз? Болашаққа нық қадам басу үшін бізден не талап етіледі? Бүгінгі таңда жастардың санасында осы сынды сан сұрақ бар.Ал ол сұрақтарға жауап та түрліше.Әр тұлға өз көқарасы , өз ойлау шеңберінен тысқа шықпаған күйінде сұрақтың жауабын табады.Осы егемен елдің жас ұрпақтарының бірі ретінде мен осы сынды сұрақтарға жауап қата кетсем, пікірімді қате деп есептемейтін шығар, сірә! Болашақ жайлы елестетер болсақ , әрине , бірінші кезекте дамыған ел көз алдымызда бейнеленеді. Технологияның құдіреті көзге түскен заманда адамдардан физикалық еңбек көп талап етілмейді.Тек ақыл,ой еңбек етеді.Түрлі қолайсыздықтар кезек-кезек өз шешімін табады.Ақыл жұмыс жасайтын заманда жас ұрпақ білімді болады.Білім сапасын күшейту өз-өзінен “Бақытты болашақ” іргетасын қалаумен теңестіріледі.Сондықтан, білім алу әр бірімізге борыш деп білсек дұрыс болар.
Егеменді елдегі тәртіпті қамтамасыз ету ол -ата заңымыздың міндеті. Яғни, елдегі барша тәртіп осы заңнан бастау алып сонан соң өз саласына байланыса отырып реттеледі.Сондықтан да Конституциямыздың екінші бабында былай делінеді: “Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет. Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi”.Айтқым келгені егемендікті сақтау үшір оны қорғау қажет.Ал оны елімізде заң арқылы қорғаймыз.Егемендіктің тағы бір белгісі ол- азамат құқықтарының үстемдігі.Азаматтардың құқықтарына ешқандай да қол сұғушылық болмаса, заңды тәртіпте қорғалатын болса,әділет билеген елде егемендік мәңгі жасары анық.Болашаққа қойған мақсаттарды айқындау барысында да біз азаматтық міндеттерді сөзге аламыз.Ал бұл құқықтар мен міндеттер “Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі” бойынша реттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |