Әож 378: 76: 37. 013 Қолжазба құқығында Танирбергенов Медеубек Жұматайұлы



бет4/5
Дата09.06.2016
өлшемі0.67 Mb.
#124777
түріДиссертация
1   2   3   4   5

Сонымен зерттеу барысында қазақтың графика өнері арқылы көркем шығармашылыққа бейнелеу өнері мамандығы студенттерін оқытудың ғылыми-педагогикалық негіздері теориялық тұрғыда негізделіп тәжірибелік эксперименттік жұмысына алынған нәтижелер негізінде төмендегідей қорытынды жасадық:

1. Қазіргі егемен Қазақстан жағдайында жоғары оқу орындарында бейнелеу өнері мамандығы студенттерін мәдени мұрадағы қазақ графика өнерінің көркем шығармашылығына назар аудару өте орынды да қажет болып табылады.

2. Бейнелеу өнері мамандығы студенттеріне графика өнеріндегі көркем шығармашылықты дайындаудың нысандары мен әдістерін ойластыру, дамыту – ғылыми-педагогикалық теория мен практикасын жетілдірудің көкейтесті міндеттері екенін дәлелдедік.

3. Графика өнеріндегі көркем шығармашылықты қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеттерде графика элементтерін көркемдікпен әдептеуді, шығармашылықтың маңызды компоненті ретінде қарастырдық.

4. Мәдени мұрадағы қазақ графика өнерінің әлеуметтік-педагогикалық мәні бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнеріндегі көркем шығармашылық іс-әрекетке даярлауды қажет етеді.

5. Бейнелеу өнері мамандығы студенттері графика өнерінде көркем шығармашылыққа даярлығын қалыптастыру процесінің нәтижелілігі осы оқытудың модельдік қолданумен қамтамасыз етілді. Оқыту моделіне моральдық-психологиялық, теориялық, практикалық, әдістемелік компоненттері жатады.

6. Бейнелеу өнері мамандығы студенттеріне графика өнерінің көркем шығармашылық әдіс-тәсілдері мазмұнды сипаттама беру және бүгінгі жоғары оқу орындарында оларды қандай бағыттар мен педагогикалық шарттар арқылы жүзеге асыруға болатынын саралап көрсетуге көмектеседі.

7. Бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнеріндегі көркем шығармашылыққа даярлауда жоғары оқу орындарының іс-тәжірибелерін зерттеп, талдау мамандыққа байланысты арнайы және педагогикалық пәндерді, педагогикалық практика бағдарламаларын, аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыс әдістемелерін жетілдіру қажеттігін дәлелдейді.

8. Зерттеу бейнелеу өнері мамандығы студенттеріне графика өнеріндегі шығармашылықты зерттеу проблемасы саласындағы іс-әрекетке даярлаудың тиімді педагогикалық шарттарының бірі – ғылыми-әдістемелік зерттеу әрекеттерін (рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар, баяндамалар, тәрбие жұмыстарының сценарийлері т.б.) аудиториядан тыс жұмыс нысандарын (тақырыптық кештер, өнер шеберлерімен кездесулер, конференциялар, көрмелер, дөңгелек стол, олимпиада т.б.) ұйымдастыру болып табылады.

9. Бейнелеу өнері мамандығы студенттеріне графика өнеріндегі көркем шығармашылықты қалыптастырудағы теориялық білімдер мен практикалық іскерліктің өзара үйлесімділігі педагогикалық практика жағдайында қамтамасыз етіледі. Графика өнерінің көркем әдептелінуі әр кезеңде күрделендірілгем тапсырмалар ендірілу арқылы өңделіп, жетілдіріліп отырды.

10. Бейнелеу өнері мамандығы студенттеріне графика өнеріндегі көркем шығармашылық іс-тәжірибесінің тиімділігі мынадай шарттарға байланысты артатынын ескеру қажет:

– бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнеріндегі көркем шығармашылықтың маңызын сапалы ой-мен түсіндіру;

– графика өнеріндегі көркем шығармашылықты меңгеру жөніндегі білім мен іскерлікті бейнелеу өнері мамандығы студенттерінің терең меңгеруі, өздігімен білімін жетілдіруі, дербес шығармашылық ізденістерге талпынып бағдар алды.

Соңғы он жылдықта ақпарат технологияларын игеру жоғары оқу орындарында, ЭЕМ техникалары оқу процесінде әр студенттің жұмысын бақылау және ескірген бағдарламаларды модернизациялауды қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесінде алынатын ақпараттармен алмасу, интернетке шығу мүмкіндігін кеңінен пайдалануда. Жалпы білім беретін мектептердегі бейнелеу өнері сабақтарында, оқушыларды еңбекке оқытуда жаңа педагогикалық әдістерді қолдануда оқушының жасына, өзіндік, мүмкіндігіне, психикалық өрісіне және әлеуметтік мәртебесіне сай көп салалы бағытта құралатын инновациялық технологияның ішінен ақпараттық оқыту технологиялар жүйесін ендіру көзделген. Сондықтан болашақ мұғалімдерді заман талабына сай ақпараттық технология мүмкіндіктерін оқу процессінде пайдалануға университет қабырғасында дайындауды қажет етеді. Мұғалімді дайындауда ақараттық технологияны пайдалану. олардың білімді нәтижелі игеріп, білікті маман иесі болуына да ықпалы зор. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану және енгізу саласында орта білім беру жүйесі үшін кадрлар даярлау, қайта даярлау бүгінгі күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе.

Жобалау кезеңі - жоба шешімін (мәселен, натура сызбасын, конструкциясы типін, параметр есебін т.б.) алуға, адам мен ЭЕМ-нің қатысу деңгейін анықтайды.

Автоматталған кезең - жобалау маршрутын белгіленген алгоритм негізінде адамның араласуынсыз ЭЕМ жүзеге асырады.

Затты құрастырудың басты міндеті - жазық сызықтардан затты қоршап тұратын көлемді формасының сызбасын шығару. Барлық көлемді беттер жазықтыққа бөлінетін және бөлінбейтін болып келеді. Жазықтыққа бөлінетін беттерді ешбір қатпарсыз әрі қиықсыз жазықтыққа бөлуге болады. Олар изометриялық беттер болады, оны жазық беттерге , бөлгенде тік немесе қисық сызықтар мен бұрыштар өз қалпында қалады. Жазықтыққа бөлінетін беттерді екі типке жіктейді:


  1. Кеңістіктегі қисық сызыққа қатысты беттер.

  2. Конустық және цилиндрлік сызбаға айналуы.

Адам портретін конструкциялау әдістерінің үш топқа бөледі:

1. Типті, портрет тұлғасын өлшеу, қосымша типті бөліктер мен


беттерге бөлу, форма шығару тәсілдерін қолдану арқылы бастың жақтарын конструкциялау.

2. Көптеген киім үлгілерінде варианттарды таңдау мүмкіндігі бар


еркін алгоритмді инженерлік әдісті қолдану. Бұл әдіс бойынша, адам портретінің өлшемдерін тікелей өлшеу арқылы жазық беттерін алуға болады. Оларға қима жазық беттерінің портреттің сызбасын Чебышев торы арқылы конструкциялау әдістері және т.б. жатады. Бұл кластардың өздері түрлі әдістер арқылы адам портретінің сызбасын шығаруға мүмкіндік береді. Мысалы, кима жазықтык әдісі, графикалық және аналитикалық әдістер. Ал, портрет сызбасын Чебышев торы арқылы конструкииялау әдісі 5-ке бөлінеді:

  1. графикалық;

  2. конваторды колдану;

  1. құрама (комбинированный) бақылау нүктелерін және қосымша
    торды пайдалану (аналитикалык есептеу нәтижесінде);

  1. аналитикалык;

  2. жазықтықты бейнелеу (геодезиялык).

портретті жобалауда конструктивті параметрлерді анықтау қағидалары басшылыққа алынады. Мұнда портреттің негізгі графикалық элементтеріне мыналар жатады:

1. Вертикальды және горизонтальды сызықтардан базалық торды

құрастыру.

2. Адам тұлғасының өлшемін анықтау.



  1. Конструктивті нүктелердің орналасуын әртүрлі қиылысу сызықтары арқылы табу

4. Айқын қисық сызықтарды анықтау

  1. Радиусографика.

  2. Қисық сызықтар арқылы форма шығару.

  3. Адам тұлғасында және сызбада белгіленетін негізгі горизонтальды, вертикальды сызықтарды шығару.

  4. Базистік торды талдау.

АЖЖ-ды қолдана отырып адам тұлғасының сызбасын жүзеге асыру үшін тірек схемаға сүйенеміз. Ол негізінен ақпараттық техника-технология көмегімен іске асырады.

Адам тұлғасын жасауда арнайы графикалық бағдарлама Согеl Draw қолданылды, ол - векторлы, бейнелер жасауда үлкен мүмкіндіктері бар қазіргі заманғы ең танымды бағдарламалардың бірі болып табылады. Согеl Draw бағдарламасында контурларды басқарудың әртүрлі және қолайлы шаралары бар. Олар: контурларды құрастыру және басқарудың құрал-саймандар жүйесі, оларды тасымалдаудың қарапайымдылық; топ ішінде объектімен жұмыс жасау болатындығы біріктірілген контурларды жасау жеңілдігі, дайын геометриялық пішіндердің болуы, графиктер мен сызбалар тұрғызу үшін арнайы саймандарды пайдалану мүмкіндігі. Осылардың барлық керекті объектілерді жасауға көп көмегін тигізеді. Студент өз ойларын іске асыру үшін әр қилы жолдарды іздей отырып, өз күштерін шығармашылық талсырмаларды шешуге жұмсайды. Бояу және мөлдірлілік Согеl Draw-да әр түрлі, ал, оларды басқару жұмыстары түсінікті болып келеді. Бағдарламада бірыңгай және градиентті бояулардан баска аралас, фронтальді бояулар да кездеседі. Үлкен жобаларды жасау кезінде бояулар мен түстердің қорын қалай қолдануға болса, шаблонды да солай қолдануға болады.

Берілген ақпараттық технологияның жұмысы ретінде әр түрлі саладағы адамдардың істеріне ақпараттық қызмет ету түрлері және оларды компьютерлік техника және байланыс тәсілдер негізінде басқару түсініледі.

«Ақпараттық технология» - деген түсінікті академик В.М. Глушков енгізген оның пайымдауынша: «ақпараттық технология дегеніміз - бұл ақпаратгы өндеумен байланысқан процесс». Бұл анықтаманы, Н.А.Апатова нақтылай түседі: «Ақпараттық технология - бұл ақпаратты өңдеу көмегімен жүзеге асырылатын әдістер және тәсілдер жинағы».

Қазіргі ақпараттық технология, негізінен бүгінгі таңда бес техникалық жетістіктерді құрайды. Олар:


  1. Жаңа ақпараттық қорлану орталығының және машинамен оқуды
    (машиначитаемых) таратушысының (магниттік ленталар, магниттік
    дискілер, лазерлік дискілер т.б.) пайда болуы.

  2. Қандайда бір ақпаратты уақытына және ара қашықтыққа
    қарамастан іс жүзінде жер шарының кез келген нүктесіне жеткізіп
    салуды қамтамасыз етудегі байланыс тәсілдерінің дамуы (радио,
    теледидар, телефондык желі, спутниктік байланыс т.б.).

3.Ақпаратты сандық өңдеу мүмкіндіктерін қамтамасыз электрондық құ-рылғылар, берілгенді бейнелеу және өзгерту, көшіру және көбейту техникалары, қазіргі аудио-видеотехника т.б.

4.Берілген алгоритм бойынша компьютер көмегімен ақпаратты автоматты өндеулер мүмкіндіктері (сақтау, алмасу, қажетті формада кейіптеу т.б.).

5.Ақпараттарды тарату және алмастырудың жаңа мүмкіндіктері – бүкіләлемдік ғаламтор желісінің пайда болуы және тез қарқынды дамуы.

Оқу үдерісінде ақпаратты және коммуникациялық технология іс-шараларының мүмкіндіктерін пайдалану қажеттілігі өсуде. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың (АКТ) іс-шаралары дегеніміз - есептеуіш техника, микропоцессор базасын функционалдайтын бағдарламалы-ақпаратгы және техникалық іс-шаралар мен құрылғылар. АКТ-қа келесілер жатады: ЭЕМ, жеке компьютерлер, терминді жабдықтар жинағы, локальды есептеуіш желілер, графикалық ақпаратты енгізіл-шығару құрылғылары, үлкен көлемдегі ақпараттарды архивте сақтау іс-шаралары; машиналы графика жүйелері, бағдарламалы кешендер (бағдарламалау тілдері. трансляторлар, компиляторлар, операциялы жүйелер, қолданбалы бағдарламалар пакеті т.б.); қазіргі байланыс іс-шаралары. Оқытудағы қазіргі ақпараттық технологияны пайдалану әлемдік білім беру процесі дамуының жоғары нәтижесін қамтамасыз ететін маңызды және тұрақты тенденциясының бірі болып табылады. Отандық жалпы білім беру мектептерінде соңғы жылдары компьютерлік техника және басқа да ақпараттық технология құралдары көптеген пәндерді оқыту барысында жиі қолданылуда. Сол секілді мектептегі «Бейнелеу өнері» білім беру саласына да «ақпараттық технология» бөлімі енгізілген.

Ақпараттық технологияны пайдаланудың келесі дидактикалық ерекшелігін бөліп керсетуге болады:

- объектіні жасау, сызба тұрғызу барысын, технологиялық


операцияның бірізділігін байқау мүмкінділігі;

- алдын-ала дайындалған формада мультимеди тәсілдерін


пайдалану арқасында көрсетілген үлкен көлемді ақпаратқа кіру;

- Компьютерлік катологтар және анықтамалармен жұмыс істеу кезінде ақпаратты өңдеу ептілігін құру;

- «Бейнелеу өнері» білім беру саласының мәртебесін жоғарылату;

- Мұғалімдердің авторлық бағдарламаларын жасаудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашу.

Өнер тарихы мен теориясы пәнінің міндеті – көне заманнан бастап әлеуметтік және мәдени талап-тілектерінен туындайтын өнер түрлері, көркем шығармашылық образ және осы образды сомдаушы суреткер жөнінде, көркем құбылыстар мен стильдік бағыттар туралы мағлұматтар беріп, олардың ішкі бірлігі мен үндестігіне деген теориялық танымды тереңдету болып табылады.

Теориялық мөселелерді талдау барысында сонымен бірге мынадай проблемаларға көңіл бөлінді:

– Батыс мәдениеті мен Шығыс өнерінің түрлері арасындағы көркем шығармашылықтарына, әсіресе бейнелеу өнері түрлеріне (живопись, графика, мүсін, сәулет, қолданбалы қол өнері) шығыстық өнер түрлерімен көркемдік жағынан ажыратылуы мен жіктелуі арасындағы сипаттық айырмашылықтарға мән беру ж:әне осы ерекшеліктерді жеке көкейкестілік деңгейінде қарастыра отырып, салыстырмалы түрде талдаулар жасау;

– көркем өнердің өзара байланысы (синтездік) көркемдік қасиетін ескеру, мәдени құбылыстың ұлттық сипаты, формасы мен образдың бірлігі мен табиғи үйлесімділігі дәуір тарихында дамып, көркемдік негізінде мәдени-рухани, діни дүниетанымдық және психикалық, әлеуметтік тәжірибелерге байланысты қалыптасады;

– «Өнер тарихы мен теориясы» бағдарламасында қарастырылған негізгі қағидалар заман талаптарына сәйкес бейнелеу өнері мамандығы студенттерінің білімін жетілдіріп, ақыл-ой санасын қалыптастыруға әсер етумен бірге, көркем шығармашылық тәжірибені арттыруға қосатын үлесіне, көркемдік мақсаттың тиімді жолын ашуға жағдай жасайды;

– реалистік шығармаларымен шектелмеу. Мұнда көркемдік ой-сана кеңірек қамтылатын сюжетті шығармаларға кең орын беріледі;

Өнер тарихы пәні бейнелеу өнері мамандығы студенттерінің көркем шығармашылық ойын қалыптастырып, сөйлеу мәдениетін дамытады. Соған байланысты өнер тарихы мен теориясы сабағын жүргізу барысында ауызша (вербальді) әдіс қана емес, көзбен шолып байқау (визуальді) мәдениетін жетілдіру де маңызды роль атқарады.

Сондықтан бейнелеу өнері тарихы және теориясы сабағында ауызша баяндай білу мәдениетін біліктілікпен байланыстырамыз. Біліктілік білім көлемінің жеткіліктілігі ғана емес, сол алған білімді іске асыра білу дағдысы, қабылдау деп есептеуіміз керек. Сонымен көркем. шығармашылықты қабылдау әрқашан көңіл-күймен, сезім тереңдігімен, ішкі интуициялық мәдени деңгейімен, жинақталған мол тәжірибемен, білім сапасымен байланысты.

Қорытынды

Қазіргі графика өнерінің көркем шығармашылығында әрі көкейкесті, әрі даулы теориялық мәселелердің бірі – көркем шығармашылық. Бейнелеу өнеріндегі көркемдік шығарма суретші қиялы арқылы өкшеленген, сұрыпталған, әдептелген, пайымдалған, мақсат тұрғысынан бейнеленген шындық. Оны қатып қалған, өзгермейтін канон деп есептеуге болмайды. Халық мұрасынан туындайтын бейнелеу өнерінің түрлі формада дамуы арқасында көптеген үлгілер қалыптасады. Графика өнерінің көркем шығармашылығы барлық компоненттерді тұтастықта алып, идеялық, эстетикалық талдауда, мазмұн мен форманы бірлікте қарағанда ғана көркем шығармашылық табиғатын терең ұғуға болады.

Сондықтан да бейнелеу өнерінде графика өнерін көркем шығарма-шылықпен оқытып, үйретуге болашақ кадр дайындаудың ұлттық мемлекеттік тұжырым ұлттық төл өнерімізбен санасу арқылы жасалатын білім жүйесіндегі ең өзекті проблемасы ретінде зерттедік.

Олай болса, халқымыздың мәдени мұрасындағы ұлттық өнердің дамуы арқылы- эстетикалық әсемдікті, көркем шығармашылықты бейнелеу өнері мамандығы студенттерінің өз бетінше игере алатын деңгейін жоғарылататын, танымдық әрекеттерді атқара алуға мүмкіндік туғызатын, оқытудың мазмұны мен бағытын түбегейлі өзгертетін әдіс-тәсілдерін қарастыру. Мұндай үлкен жауапты мәселені нақты шешу болашақ кадрлар дайындаудың теориясы мен практикасын диалектикалық бірлікте қарастыру негізінде ғана қол жеткіздік.

Көркем шығармашылықтың негізгі мақсаты бір-бірімен тығыз байланысты мынадай міндеттер жүйесімен нақтыланды:

1. Өнертану, тарихи-этнографиялық, ғылыми-педагогикалық еңбектерді зерттеп, талдау қазақ графика өнеріндегі көркем шығармашылықты меңгеруге қол жеткізеді.

2. Бейнелеу өнері мамандығы студенттерінің қазақ графика өнерін көркем шығармашылықта пайдалану тәжірибесі қалыптасады.

3. Бейнелеу өнері мамандығы студенттері бейнелеу өнеріміздегі графика өнерінің мазмұнын, көркемдік шығармашылығын әдістеме тұрғысында қолдана алады.

4. Жоғары, арнайы, орта және педагогикалық оқу орындарының оқу-тәрбие процесіне қазақ графика өнерінің көркем шығармашылығы негізінде арнайы курстар енгізуге болады.

5. Педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіретін институттарда, жалпы білім беретін мектептерде, мұғалімдер мен оқушыларға арнап қазақ графика өнерін бейнелеу өнері мамандығы студенттері тәрбиесіне тиімді пайдалану, әдістемелік семинарлар өткізеді.

6. Қазақ графика өнерінде болашақ маманның көркем шығармашылық жүйені оқыту - тәрбие жұмыстарын жетілдіруге, дамытуға пайдаланады.

7. Бейнелеу өнері мамандығы студенттері шығармашылық әдістемелік қызметінің деңгейлік жүйесінде шығармашылықпен негізделген жеке авторлық үлгіде жасалған әдістемелік жүйесін құруына қол жеткізеді.

8. Бейнелеу өнері мамандығы студенттері өнерді, білімді шығармашылық ой дәрежесінде орындайды.

Сонымен қазақтың әлеуметтік мәдени мұрасындағы қазақ графика өнерінің көркем шығармашылықпен пайымдалуы халқымыздың ежелгі өнері. Ал графика өнері біздер үшін көпнәрсені білу, көкейкесті мәселелерді көңілге түю, көркем шығармашылық пайымдауларды жалғастыру және шеберлікті арттыру.

Қорыта айтқанда, көкейде жүрген осындай терең ойларды үлкен зерделілікпен қарап, ұлттық мақсат мүдделерімізге сай талаптар қойып, оларды ұлттық өнер дәстүрімен мәдениетімізді дамытуда елеулі қажеттілік ретінде танып, қабылдауға мүмкіндік алады.

Зерттеу жұмысының қорытындысы біз жасаған ғылыми болжамның дұрыстығын толықтай дәлелдеп шықты. Сонымен қатар жалпы білім беретін мектеп оқушыларын және сол мектепке өнерді оқытып үйрететін бейнелеу өнері мамандығы студенттерін графика өнеріндегі көркем шығармашылықты дамыту бойынша жүргізілген зерттеуді осы кезеңге сай аяқталған деп есептей отырып, бірқатар проблемалық мәселелерді одан әрі қарай тереңірек зерттеу қажеттілігін атап өттік. Бұл мәселеге жеке қазақ графика өнерін жан-жақты дамытуды, құрама компоненттердің өзара байланысын ашып көрсетуді, түрлі графикалық жұмыстарды әдептеуде көркем шығармашылықты қалыптастырудың мазмұны, әдіс-тәсілдері мен теориясы арасындағы сабақтастықты орнатуды қолдана отырып қол жеткізуге болады.

Біздің осы зерттеуімізде бейнелеу өнері мамандығы студенттерін кәсіптік оқыту кезінде студенттердің көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту болашақ маманның сапалық тұрғыдан қалыптасуын айқындадық.

Сонымен қатар қазақтың мәдени мұрасындағы графика өнерінің ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде жеке өнер тұрғысында зерттелмеуі және болашақ мұғалімдерді графика өнерінің ғылыми-теориялық, көркем шығармашылық мағлұматтармен қаруландыратын жүйелі ғылыми-педагогикалық еңбектердің жоқтығы – таңдап алған проблеманы жан-жақты зерттеп, оның ғылыми-теориялық мазмұнын, көркем шығармашылық даму ерекшеліктерін, тәрбиелік мүмкіндіктерін ашу қажеттігін дәлелдеді.

Біздің зерттеуімізде қазақтың мәдени мұрасындағы графика өнерінің көркем шығармашылық даму процесі бойынша тарихи-философиялық, этнопсихологиялық, ғылыми-педагогикалық зерттеулерді талдау – қызметі барысында табиғат пен қоғамды өзгертуге араласатын ғылыми көзқарастардың басты ролін көрсете отырып, қоғам мен халық мұрасындағы графика өнерінің дамуы арасындағы байланыстар мен заңдылықтарға теориялық талдау жасалынды; көркем шығармашылыққа деген қабілеттілікті дамытудың ғылыми-педагогикалық негіздері ашылды; графика өнеріндегі шығармашылық процеске бейнелеу өнері мамандығы студенттерін оқыту мен графиканы көркем шығармашылықпен әдептеуге сипаттама берілді; зерттелетін әрекеттердің теориялық моделі көрсетіліп, графика өнерін шығармашылықпен дамытудың әдіс-тәсілдері көрсетілді.

Диссертацияның мазмұны мынадай басылымдарда жарияланды:



Оқулық, оқу құралдары, оқу әдістемелік құралдар:

  1. Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі. Оқулық.- Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ баспасы, 1999.- 150 б.

  2. Дипломдық жұмысты дайындау және қорғау. Әдістемелік нұсқау.- Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ баспасы. 2004ж. 22б. (Е.Көпжасарұлымен бірлестікте)

  3. Дипломдық жұмысты дайындау және қорғау. Кәсіптік білім беру мамандығының студенттеріне арналған көмекші құрал. -Шымкент, ШӘПУ, 2005. 23б. (Сейдуалина А., Қалабаева З., Камалов Ю.М. бірлестікте).

  4. Графика. Учебное пособие. Разработка учебники учебных пособии и покупка. Конкурс «Искусства». Министерства образовании и наука РК. 2005г.

  5. Гравирлеу. Оқу құралы. Жоғары оқу орындарына оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау, басып шығару және сатып алу. «Өнер» конкурсы. ҚР білім және ғылым министрлігі, 2005ж.

  6. Графика. учебное пособие. Разработка учебники учебных пособии и покупка. Конкурс «Искусства». Министерства образовании и наука РК. 2005г.

  7. Методические указания по скульптуре. Учебно-методическое указание. -Шымкент, ЮКГУ имени М.Ауезова 2006г.

  8. Сурет пәнінен бақылау жұмысын орындау әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал.-Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2006ж. (К.Б.Ахметовамен бірлестікте)

  9. Гравюра. Оқу құралы. –Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ

  10. Бағдарлама. Мектепте графика үйірме жұмысына арналған әдістемелік нұсқау.- Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ.

  11. Акдемиялық кескіндеме. Оқу құралы.- Шымкент қ. М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2009 ж.

  12. Академиялық сурет. Оқу құралы. – Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2009 ж.

  13. Композиция. Оқу құралы. –Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2009 ж.

  14. Техники графического искусства учебное пособие. -Шымкент.ЮКГУ имени М.Әуезова, 2009. (В соавторстве с А.Л.Павловским).

Ғылыми мақалалары:

  1. Педагогический взгляд на формирование эстетического мировоззрения при помощи изобразительного искусства. //Ташкентский государственной педагогической университет им. Низами.- Ташкент:. 25.05.2005. -б.96-103.

  2. Формирование творческих способностей современной молодежи в процессе изобразительного искусства. //Научные труды ЮКГУ им. М.О. Ауезова №8, .-Шымкент:. ОҚМУ, 2005.-б.158-160 (С.Н., Бейсенбаев, А.С. Жусиповалармен бірлестікте).

  3. Исследования влияния обучения как определенного фактора воздействия на развития в процессе обучения рисунку. //Научные труды ЮКГУ им. М.О. Ауезова №8, –Шымкент:.ОҚМУ, 2005.- б.167-169. (А.Л.,Павловский, Л.М., Павловская, С.С. Булатовтармен бірлестікте).

  4. Бейнелеу өнерін оқушыларға үйрету арқылы эстетикалық тәбие беру. //Научные труды ЮКГУ им. М.О. Ауезова №8,.-Шымкент:.ОҚМУ, 2005.- б.167-169. (А.Л.,Павловский, Л.М., Павловская, С.С. Булатовтармен бірлестікте).

  5. Методические рекомендации по изготовлению учащимися национальных художественных изделий. //Сборник научных трудов каф. «Рисунка и живописи» ЮКГУ им. М.О. Ауезова.- Шымкент:.ОҚМУ, 2004.- б.72-80. (Д.А.Саипов, Р.К. Маймаковтармен бірлестікте).

  6. Көркемдеп гравирлеу. //М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ «Сурет және сұңғат» кафедрасының ғылыми жұмыстар жинағы. –Шымкент:.ОҚМУ, 2004.- б. 80-83. (А.Е. Көпжасаровамен бірлестікте).

  7. Метод интегрирование искусства графики с другими предметами.// Сборник научных трудов каф. «Рисунка и живописи» ЮКГУ им. М.О. Ауезова,-.Шымкент:.ОҚМУ, 2004.- б.84-87. (А.Жусиповамен бірлестікте).

22. Графика сабағындағы психологиялық ерекшеліктер.//«Қазақстан мектебі» журналы №3.-Алматы:. 2005.-б. 33-34. (Е. Көпжасарұлы, Е.К.Бибатыровпен бірлестікте).

  1. Қазіргі жастардың графика саласы бойынша кәсіби біліктілігі мен шығармашылық білімділігін арттыру. Оңтүстік Қазақстан ғылымы мен білімі №1 (41).-Шымкент:. 2005. -б. 33-35. (С.Қ. Бисенбаев, А.С.Жусиповалармен бірлестікте).

  2. Научно-теоретические основы процесса познания и пути активизации восприятия студентов на занятиях по рисунку. Наука и образование Южного Казахстана №1 (41),-Шымкент:.2005.- б.139-143. (А.Л., Павловский, Л.М., Павловскаялармен бірлестікте).

  3. Касб-хунар дарсларида маьнавий меросдан фойда-ланиш. (методик кулланма). //Ташкентский государственный педагогический университет им. Низами. –Ташкент:. (Булатов С.С. бірлестікте)

  4. Касб-хунар дарсларида маьнавий меросдан фойда-ланиш. (методик кулланма) //Ташкентский государственный педагогический университет им. Низами.-Ташкент:. (С.С.Булатовпен бірлестікте).


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет