Әож 796. 4 Дене шынықтыру сабақтарында төменгі мектеп жасындағы балаларда төзімділікті арттырудың Әдістемесі



Дата16.06.2016
өлшемі38 Kb.
#138516
ӘОЖ 796.4
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНДА ТӨМЕНГІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДА ТӨЗІМДІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.

Н.Б.Шегенбаев ОҚМПИ, Е.Б.Мамыров ОҚГИ

Шымкент қаласы, Қазақстан Республикасы
Дене қасиеттерін тәрбиелеу тәсілдері мен әдістерін қолдануға дәстүрлі түрде келу, атап айтар болсақ сабақта дене қасиеттерінің мәдениеті жөніндегі типтік бағдарламаларды қолдану балалар организмінің функционалдық мүмкіндіктерін арттыру және негізгі қимыл-қозғалыс қасиеттерін тиімді дамыту үшін жеткілікті бола бермейді [8; 5]. Осыған орай кіші жастағы мектеп оқушыларының дене қасиеттерін тәрбиелеу жөніндегі жаңа тиімді әдістемелерді жасап шығару және оқытудың тәсілдері мен әдістерінің оқушылардың дене шынықтыру сабақтарына деген қызығушылығын арттыруға, оларда оңды эмоциялық фон жасауға, сабақта қимыл-қозғалыс әрекетін белсенді етуге, қимыл-қозғалыс қасиеттерінің кешенді дамуына ықпал етуге, септігін тигізуге мүмкіндік беретін үйлесімін іздестіру мәселесі өзекті болып қалуда [13].

Төменгі сыныптарда төзімділікті дамытқан кездегі міндеттердің бірі дене қасиеттерін дамытудың міндетті бағдарламаларында меңгеру үшін қарастырылған, қимыл-қозғалыс әрекетінің әр түрлерінің негізінде жалпы аэробтық төзімділікті үнемі арттыру үшін жағдай жасаудан тұрады [11; 14].

Балалармен шұғылданған кездегі бір сарындылық пен шаблондылық мектеп оқушыларының жылдам қажып, болдыруына алып келеді. Сабақтарды одан да алуан түрлірек етіп құру, оларды жаңа да тартымды, балаларда оңды эмоциялар тудыратын қимылдармен толықтыру қажеттігі туындайды.

Төзімділікті дамыту өзіне жүгіру жаттығуларынан өзге дене шынықтыру бойынша мектеп бағдарламасымен қарастырылған өзге де тәсілдерді енгізуі тиіс; жаттығулар олардың шұғылданушылардың барлық бұлшық ет топтарына әсерін ескере отырып іріктеп алынуға тиіс; бұлшық ет қызметіне кезекпе кезек қолдардың, аяқтардың және дененің бұлшық еттері қатыстырыла алатындай етіп, барлық жаттығуларды белгілі бір реттілікпен орындаған жөн [4; 9].

Кіші жастағы мектеп оқушыларында төзімділікті дамытқан кезде алуан түрлі тәсілдер қолданылады: еркін қарқынмен жүру, қозғалу бағытын өзгерте отырып жүру, жылдам қарқынмен жүру, қиындатылған жағдайларда жүру, жеңілдетілген жағдайларда жүру.

Сонымен бірге әр түрлі ырғақта жүгіру қолданылады: баяу ырғақпен жүгіру, жүрумен үйлестіре отырып баяу жүгіру, қозғалыс бағытын өзгерте отырып жүгіру, орналастырылған заттар арасында «жыланша ирелеңдеп» жүгіру, үдей отырып жүгіру, үздіксіз ұзақ жүгіру [3; 11].

Дене қасиеттерінің даярлығының төзімділік секілді құрамдас бөлігін дамыту үшін энергия ресурстарын көп шығындаумен, қимылдарды жиі қайталаумен, ойын ережелерімен алдын ала белгіленген ұзаққа созылатын үздіксіз әрекетпен байланысты болып келетін ойындарды іріктеп алған мақсатқа лайықты, ақылға сыйымды болып келеді. Организмдегі аэробтық процестерді жетілдіру үшін келесідей қозғалмалы ойындарды қолдану ұсынылады: «Қарапайым салки», «Құтқара отырып ойналатын салки», «Қояндарды аулаушы», «Тоннель», бұл ойындарда балаларға уақыт бойынша бес минутқа жуық жүгіре отырып, кең кеңістік бойынша қозғалу мүмкіндігі беріледі. Күш түсірудің қарқындылығын арттыру үшін бірнеше жүргізушіні тағайындауға болады [5].

Төзімділікті төменгі мектеп жасында дамытуды дене қасиеттерін тәрбиелеу процесіне ұтымсыз қарау деп есептейтін авторлар, солай бола тұрса да, егер төзімділікті бастауыш сыныптарда дамытатын болсақ, мұны абайлап, адекватты әдістерді қолдана отырып жасау керектігін атап көрсетеді.

Мектеп оқушыларында төзімділікті дамытудың ең кең қолданылатын әдісі – бірқалыпты әдіс [18; 5]. Ол бірқалыпты жылдамдықпен жасалатын жұмыстың үздіксіз, ұзақ режимімен сипатталады. Бұл кезде жаттығулар максималды қарқындылықпен орындала алады. Төзімділікті дамытудың аталған әдісін қолдана отырып, жаттығуды орындаудың уақыты мен қарқындылығын дәл мөлшерлеп отыру қажет – оқу жылының басында бұл параметрлер азырақ, оқу жылының соңында – арта түседі.

Айнымалы әдіс қозғалу жылдамдығын өзгерту арқылы, үздіксіз жаттығу барысында күш түсуді біртіндеп өзгертумен сипатталады. Төзімділікті дамытудың бұл әдісі төменгі мектеп жасындағы балалардың күш түсуді кезектестіру барысымен әуестеніп, белгіленген қашықтықты жүріп өтуді жеңілірек көтеретіндігімен ыңғайлы болып келеді.

Сонымен қатар, төзімділікті дамыту үшін, жаттығуларды демалыстың қатаң мөлшерленген және алдын ала жоспарланып қойылатын интервалдарымен орындауды қарастырады. Аталған жағдайда демалыстың енжар болмауы өте маңызды. Демалыс ретінде жүруді, тыныс алу жаттығуларын қолдану мақсатқа лайықты болып табылады [6].

Айналма жаттығу әдісі алуан түрлі бұлшық ет топтарына және функциялық жүйелерге әсер ететін жаттығулардың орындалуын қарастырады. әсіресе аталған әдіс спорт залында өткізілетін сабақтар кезінде ыңғайлы [2].

Жаттығуларды жарысу түрінде орындаумен сипатталатын жарысу әдісі дене шынықтыру сабақтарындағы мотивациялық рольді орындайды [8].

Төзімділікті дамытудың ойындық әдісі баланың эмоциялық фоны жоғары деңгейде болып, бала өзінің организмінің шаршағандығы туралы ойларға көңіл бұрмаған кезінде дене жаттығуларын орындау балаға жеңіл түсетіндігімен тиімді болып келеді [2].

Жалпы төзімділіктің негізгі құрамдас бөліктері болып жұмысты энергетикалық қамтамасыз ету факторлары, функционалдық және биохимиялық экономизация, жеке бас-психикалық факторлар, сонымен бірге шұғылданушылардың жасы табылады.

Төзімділікті дамытуға бағытталған жүйелі сабақтар барысында организмнің жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйелерінің көрсеткіштерінің оңды қозғалыстары белгіленеді.

Төзімділікті дамытқан кезде циклдық жаттығулар ең кеңінен қолданылады. Бұл кезде ұсынылатын күш салуларға келесідей талаптарды ұстанған жөн: қол жетерлігі; жүйелілігі; біртіндеп жүргізілуі.

Төменгі мектеп жасындағы балаларда төзімділікті дамытудың тиімді әдістері болып: ойын және жарыс әдістері, сонымен қатар айнымалы әдістің алуан түрлі варианттары табылады. Төзімділікті дамыту кезіндегі тәсілдер болып: қозғалмалы және спорттық ойындар, ұзақтығы әртүрлі және қарқындылығы мөлшерленіп отыратын жүгіру, шаңғы тебу табылады.

Жоғарыда тізіп көрсетілгендердің барлығы, дене шынықтыру сабақтарында алуан түрлі тәсілдер мен әдістерді анық жоспарлауды ескере отырып, төзімділікті төменгі мектеп жасынан бастап-ақ дамытудың маңыздылығын көрсетіп отыр. Сондықтан да біздің жұмысымыздың мақсаты дене шынықтыру сабақтарында 2-4 сынып оқушыларында төзімділікті дамытудың тиімді әдістемесін жасап шығару болып табылады.

Алға қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерін айқындап алу керек:



  1. Қазіргі мектеп оқушыларындағы төзімділіктің даму деңгейін

анықтау.

  1. 2-4 сынып оқушыларының дене қасиеттерінің даярлығының құрылымын айқындау және төзімділіктің дене шынықтыру сабағының құрылымындағы орнын анықтау;

  2. Жалпы білім беретін мектептің 2-4 сынып оқушылары үшін төзімділікті мақсатты бағыттай отырып дамыту бойынша дене шынықтыру жөніндегі бағдарламасын жасап шығару.


Әдебиеттер


  1. Адамбеков К.Т. «Оқушылардың дене тәрбиелеудегі педагогикалық негізі» п.ғ.к. дисс. Автореферат. Алматы,-1995,38б

  2. Сапарбаев М.Б. Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдеріне үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің теориясы мен практикасы. п.ғ.к. дисс. Автореферат. Алматы,-1993,318б

  3. ҚаражановБ.К. Адамның моторлық адаптациясы. п.ғ.к. дисс. Автореферат. М.,1992, 1-85б


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет