«Эпидемиология» пәні бойынша 3 курс «Стоматология» мамандығы бойынша жазбаша түрдегі емтихан сұрақтары I күрделілік деңгейі


Қоздырғыштың берілу механизмі туралы ілім



бет2/8
Дата24.11.2022
өлшемі46.57 Kb.
#465658
1   2   3   4   5   6   7   8
ответы эпидем (2)

Қоздырғыштың берілу механизмі туралы ілім. Эпидемиология ғылымының өте маңызды теориялық жетістігі ретінде Л. В. Громашевский ойлап тапқан инфекциянын берілу механизмі туралы ілімді айтуға болады. Бұл ілімнің негізгі түйіні мынада: паразит эволюциялық даму барысында қалыптасқан механизмдері арқьлы, өзіне тән берілу механизмдерінің көмегімен, жеке тән организм иелерін ауыстырып отыру үшін, паразиттің биологиялық түрі ретінде сақталды. Берілу механизмінің қоздырғьшггың ие организміндегі басты орныруының сөйкестігі осы ілімнің негізі болып саналады.
Берілу механизмі — эволюциялық даму барысында қоэдыргыштың иелерін ауыстыру арқылы биологиялық түрін сақтауды қамтамасыз ететін механизм, яғни қалыптасқан заңдылық негізінде қоздырғыштың инфекция көзінен қабылдаушы ие организміне ену механизмі. Ол үш сатымен (фазамен) іске асады: 1) ауру адамнан шығу сатысы; 2) сыртқа ортаньщ биотикалық жөне абиотикалық объектілерінде уақытша бола тұру сатысы; 3) қабылдағыш организмге ену сатысы. Берілу механизмінің екінші жөне үшінші сатысы белгілі бір (немесе бірнеше) фактор арқылы іске асады.
Берілу факторлары - қоздыргьшпың бір организмнен екіншісіне тасылуын қамтамасыз ететін сыртқы орта объектілері жөне буынаяқтылар. Қоздыргыштың берілу механизмін бірінші сатыда іске қосуда қатысатын факторларды алғашқы берілу факторлары деп атайды. Қоздырғышты организмге жеткізетін факторларды соңғы факторлар деп атайды. Берілу факторлары міңдетін атқаратындарға жататындар: ауа, тағамдар, су, топырақ, үй жабдықтары мен өндіріс құралдары жөне буынаяқтылар. Қоздырғышты инфекция көзінен қабылдаушыға тасуға қатысатын буынаяқтыларды қоздырғыштың тасымалдаушысы деп атайды.
Берілу жолдары деп нақты эпидемиялық жағдайда қоздырғышты бір организмнен екіншісіне жеткізуді қамтамасыз ететін нақты сырткы орта элементтерін жөне тасымалдаушыларды (буынаяқтыларды) немесе осылардың үйлесімділігін (факторлар жиынтығын) айтады.

10. Жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жіктелісі (Л.В.Громашевский бойынша экологиясы мен этиологиясы)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет