Эпидемиологиялық процесске әсер ететін факторлар



бет2/49
Дата24.11.2022
өлшемі1.33 Mb.
#465657
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
лекция по эпид
ответы эпидем (2)
Аэрозольді механизм арқылы берілуі екі жолмен іске асады:

  1. Ауа-тамшылы; 2. Ауа-шаң.

Ауа-тамшылы жолмен берілу сыртқы ортаға төзімсіз микрорганизмдердің қоздырғыштарының берілуі (мысалы, менингококк, қызылша вирусы, т.б).
Ауа-шаң жолымен сыртқы ортаға төзімді микроорганизмдер болғанда(мысалы, туберкулез микобактериясы).
Жалпы, аэрозольді механизммен қоздырғыш ауру адамнан оның демі арқылы шыққан аэрозольдар арқылы беріледі. Бұдан әрі қарай қоздырғыш қабылдаушы организмдегі тыныс алу мүшелерінде өзіне тән орынын табады. Аэрозольді механизмінің факторы болып ауа табылады.

  • Фекальді-оральді механизм қоздырғыштары адамның ішек жолдарында орналастын  ішек инфекциялары үшін жалғыз берілу механизмі болып табылады. Бұл механизмде қоздырғыш адам ағзасынан сыртқы ортаға құсық, кіші дәрет немесе үлкен дәрет арқылы шығып, келесі сау қабылдағыш организмге ауыз арқылы осы қоздырғышпен ластанған су немесе тамақты ішкенде енеді. Сенитарлық жағдайы нашар жерлерде қоздырғыштың тасымалдаушы ролін шыбын атқарады. Санитарлық мәдениеті мен санитарлық тұрмысы төмен жерлерде қоздырғыш тұрмыстық жол(мысалы, ойыншық, лас ыдыс, т.б.)арқылы беріліп отырады.

  • Трансмиссивті механизм . Қоздырғыш қан тамырлар жүйесінде орналассқан болса, оның сыртқы ортаға шығуы кене, маса, бүрге секілді қансорғыш буынаяқтылардың шағуы арқылы іске асып, келесі организмге енуі де осы қанмен залалсызданған буынаяқтылардың шағуы арқылы іске асады. Сол себепті де бұл механизм трансмиссивті деп аталады.

  • Жанасулық механизм дегеніміз сыртқы қабат ауруларының қоздырғыштарының берілу механизмі . Яғни, тері немесе кілегей қабатта орналасқан қоздырғыш, қабылдағыш организмге қоздырғыш көзімен тікелей жанасқанда жұғады(жыныс аурулары, тері аурулары). Бұл механизм киім кешек, тұрмыстық заттар, топырақ арқылы берілуі мүмкін. Жанасулық механизм тікелей немесе тікелей емес жанасу арқылы жүреді.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет