Ереже куратор жұмысы е 127 2020


Тарау. Куратор жұмысының мақсаты мен міндеттері



бет4/6
Дата10.06.2022
өлшемі138.5 Kb.
#459062
1   2   3   4   5   6
Е 127-2020 Куратор жұмысы

6 Тарау. Куратор жұмысының мақсаты мен міндеттері
12. Куратор жұмысының басты мақсаты – тәрбиелік іс-шаралар кешенін ұйымдастырып және өткізу арқылы әр студенттің үйлесімді көпжақты өзін-өзі дамытуына, оның кәсіби деңгейінің өсуіне , студенттік топтың ұжымға бірігуіне ықпал етуі.
13. Мақсатқа жету үшін Куратор келесі міндеттерді шешеді:
1) Студенттерді заңға, ұжымдық өмір нормаларына құрметпен қарауға тәрбиелейді, маңызды жеке тұлғаның басты қасиеті ретінде азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікті дамытады.
П 127 – 2020

2) Әрбір студенттің табиғи бейімділігін, шығармашылық әлеуетін анықтайды және дамытады, оларды оқу және оқудан тыс уақытта оқытудың танымдық, ғылыми-зерттеу процестеріне тартады.


3) Студенттердің өмірге деген құндылық қатынасын қалыптастырады, оларды халықтың, туған өлкенің, әлемдік мәдениеттің байлығын көрсететін мәдени құндылықтар жүйесіне баулиды.
4) Гуманистік моральдың жалпыадамзаттық нормаларын (мейірімділік, өзара түсіністік, кәсіби этика, қайырымдылық, төзімділік және т.б.), қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады.
5) Іскерлік қатынастарда еңбекке және жауапкершілікке оң көзқарасты тәрбиелейді.
6) Салауатты өмір салтына қажеттілікті дамытады.
7) Топтың, институттың тығыз ұжымын құруға және студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға күш-жігер жұмсайды.
8) Студенттердің жаңа оқу жағдайларына бейімделуіне, оқытушылар мен студенттер арасында достық қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді.
9) Болашақ мамандықтың қоғамдық маңыздылығын және білім деңгейіне жауапкершілікті түсінуді қалыптастырады.
10) Тұтастай топқа және жеке студенттерге олардың денсаулығы мен табысты оқу мүддесі үшін қажетті оқу-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетеді.
7 Тарау. Куратордың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету

14. Куратор тәрбие жұмысына жетекшілік ететін проректорға тікелей бағынады.


15. Куратор директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен, жастар саясаты департаментімен, институт пен университет кураторлар Кеңесімен тығыз байланыста жұмыс істейді.
16. Кураторға ұсынылады:
1) Студенттерді (әсіресе бірінші курс студенттерін) университеттегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырумен, оның ерекшеліктерімен және ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру.
2) Оқу орнының жағдайларына сәтті бейімделу үшін студенттердің жеке тұлғалық ерекшеліктері мен моральдық-психологиялық қасиеттерін зерделеу, оларды есепке алу қажет.
3) Студенттердің оқу сабақтарында болмау себептерін уақтылы анықтауға және бұл туралы институт директорының орынбасарына хабарлауға міндетті.
4) Топ старостасының, активінің жұмысын ұйымдастыру, студенттік топтағы мәселелер туралы басшылықты уақтылы хабардар ету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет