9 Тарау. Куратордың қызметін бағалау критерийлері
22. Куратордың қызметі төменгі өлшемдерге сәйкес бағаланады:
1) Білім алушылар контингентінің сақталуы.
2) Топтағы өзін-өзі басқаруды дамыту деңгейі.
3) Студенттік топтың әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру, өткізу және қатысу.
4) Куратордың университет, қала шеңберінде тәжірибе алмасу бойынша іс-шараларға қатысуы.
5) Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру.
6) Жеке жұмысты білім алушылар және ата-аналармен ұйымдастыру.
7) Студенттік топтың қоғамдық пайдалы қызметке қатысуы.
8) Тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмыс.
9) Куратор үшін белгіленген құжаттаманы жүргізу.
10 Тарау. Куратордың міндетті құжаттамаларының тізімі
23. Куратордың міндетті құжаттамаларының тізіміне мыналар кіреді:
1) Мазмұнында студенттер туралы жалпы мәліметтер бар куратордың күнделігі; семестрге, оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары; студенттік топ жиналыстарының хаттамалары; куратордың жұмысы туралы есеп.
2) Тәрбие іс-шараларын, кураторлық сағаттарды әзірлеу.
3) Студенттік топ кураторының ақпараттық картасы.
4) Куратордың жұмысын бағалау парағы.
11 Тарау. Қорытынды ережелер
24. Куратор жеңімпаздарға рейтинг бойынша қосымша балдар беретін "институттың үздік кураторы", "жылдың үздік кураторы" конкурсына қатысуға құқығы бар.
П 127 – 2020
25. Жақсы жұмысы үшін кураторлар университет ректорының грамотасымен, университет бойынша бұйрықта алғыс жариялаумен көтермеленеді.
26. Студенттік топта теріс пиғылмен жұмыс істейтін Куратор тәртіптік ықпал ету шараларын қолдана отырып, міндеттерін орындаудан шеттетілуі мүмкін.
12 Тарау. Өзгерістер енгізу тәртібі
27. Осы Ережеге өзгерістер енгізу туралы кафедра меңгерушілері, институт директорлары, директорлардың орынбасарлары, оқу-тәрбие жұмысына қатысы бар басқа да тұлғалар мен алқалы органдар ұсына алады.
28. Өзгерістер, егер оларды тәрбие жұмысы басқармасы ұсынса, университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіліп қолданысқа енгізілсе, қабылданды деп есептелуі мүмкін.
13 Тарау. Келісу, сақтау және тарату
29. Осы ереженің жобасын алғысөзде көрсетілген сарапшыларға таратуды дайындаушы жүзеге асырады.
30. Осы басылымды келісу - жетекшілік ететін проректормен, әкімшілік-құқықтық жұмыс департаментінің директорымен, құжатпен қамтамасыз ету бөлімінің бастығымен жүзеге асырылады, жеке формада "Келісу парағы" рәсімделеді және құжаттың түпнұсқасымен бірге сақталады.
31. Осы Ереженің жұмыс даналары проректорларға, оқу бөлімшелерінің басшыларына, институт директорларына, кафедра меңгерушілеріне таратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |