Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Құндылығы жарияланған халықаралық кіріс хаттарды өңдеу



бет32/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   114
ОМПО дайын кітап

3.7 Құндылығы жарияланған халықаралық кіріс хаттарды өңдеу

Өндірістік объектіге түскен құндылығы жарияланған халықаралық хаттар салынған кіріс қаптардың кіріс нөмірлері 16н. жүкқұжатында көрсетілгендерімен салыстырылады, автоматтандырылған өңдеу кезінде 17н. адрес жапсырмаларындағы нөмірлер (ШПИ) сканерден өткізіледі.


Қаптар штат бойынша тек бір ғана жұмыскері бар (почташыны есепке алмағанда) өндірістік объектілерден басқа, міндетті түрде екі жұмыскермен ашылады, қапты ашу барысында пломбыға немесе мөрге зақым келтірмей жіптің (БПҚ) бір айналымы ғана кесіледі.
«Сақтандыру» қабын ашқаннан кейін жұмыскер міндетті:
1) 16н. жүкқұжатының дұрыс ресімделуін тексеруге (ПМ бедерінің бар болуын, ескертусіз, қойылмаған қолсыз түзетулердің);
2) келіп түскен құндылығы жарияланған жөнелтімдерінің жалпы санын 16н. жүкқұжатында көрсетілген жиынтықпен салыстыруға, әр құндылығы жарияланған хаттың сыртқы жағдайын тексеруге, өлшеуге. Хаттың салмағының айырмашылығы, салымға кіруге мүмкіндік туғызатын қабы, байлам, мөр, лента ақаулығы табылған жағдайда немесе сыртқы жағдайының белгілері бойынша салымның бұзылғаны және зақым келгені туралы жорамал жасауға болатын болса ақаулы жағдайға қарай 51н. актісін немесе 30н. хабарламасын жасауға;
3) құндылығы жарияланған хаттардағы нөмірлерді (ШПИ) 16н. жүкқұжатында көрсетілген деректермен салыстыруға. Автоматтандырылған өңдеу кезінде нөмірлер (ШПИ) сканерден өткізіледі. Тіркеуге алынбаған құндылығы жарияланған хаттар табылған, не тіркеуге алынған құндылығы жарияланған хаттардың орнына басқа хаттар алынған жағдайда оларды жүкқұжатқа тіркеп жазуға және осы Ережелердің 870, 871 тармақтарына сәйкес 51н. актісін жасауға;
4) дұрыс жеткізілмегенді, кешіктірілгенді тексеруге, дұрыс жеткізілмегендер бар болған жағдайда хаттың әрі қарай жіберу/қайтаруын ресімдеуге және почта алынған бөлімше арқылы тиісті орынға жіберуге;
5) адресат мекен-жайы толық болмаған жағдайда (жуылған, үзілген және т.б.) адресаттың мекен-жайы нөмірі бойынша (ШПИ) бағдарламадан алыну мүмкін, нөмірі (ШПИ) болмаған жағдайда адресаттың мекен-жайын алу үшін қабылдау орнына қызметтік сұрау салынады;
6) 1, 4 тармақшаларында жөнсіздіктер табылған жағдайда осы Ережелердің 866-868 тармақтарына сәйкес 30н. хабарламасын жазуға;
7) 16н. жүкқұжаттың қайырма бетіне құндылығы жарияланған хаттардың санын, алған уақытын, лауазымын көрсете отырып қолын қоюға;
8) хаттар шығарылғаннан кейін қап және ашылған орыны хаттар мен құжаттар қалып қалмау үшін міндетті түрде мұқият қаралады;
9) құндылығы жарияланған хаттармен түскен 16н. жүкқұжатта тиісті бағанада нөмірден нөмірге дейін реттік кіріс нөмірлерін жазуға. Құндылығы жарияланған кіріс хаттардың нөмірленуі бір ай бойы жүргізіледі;
10) құндылығы жарияланған хаттардың қайырма бетіне ПМ айқын бедерін және кіріс нөмірін қоюға;
11) құндылығы жарияланған әр хатқа 22н. хабарлауын жазуға. Хатта белгілер болған жағдайда 22н. хабарлауының жоғарғы жағында сол белгілер, сондай-ақ құндылығы жарияланған сомасы көрсетіледі. Үстеме төлем хаттарға тиісті деректерден басқа үстеме төлемнің сомасы және жөнелтушінің атауы көрсетіледі;
12) 16н. жүкқұжатының қайырма бетіне алған күннің ПМ бедерін қоюға, құндылығы жарияланған хаттарды тексеру және қоймаға кіргізу туралы қолын қоюға;
13) хаттарды санауға, Құрылымдық бөлімшелермен көрсетілетін почталық, қаржылық және агенттік қызметтерді статистикалық есепке алу тәртібіне сәйкес 2-а н. айырбастауды есепке алу бланкісін толтыруға.
Құндылығы жарияланған кіріс хаттар адресатқа табыс етілгенше қоймада сақталады.
Күні бойы құндылығы жарияланған хаттарды қоймаға қабылдау және тапсыруы осы Ережелердің 110 тармағының 6 тармақшасына сәйкес жасалады.
Құндылығы жарияланған хаттардың 22н. хабарлаулары сұрыптауға 16н. жүкқұжаттың қайырма бетіне қол қою арқылы беріледі, бұл кезде 16н. жүкқұжаттағы кіріс нөмірлері мен жалпы саны көрсетіледі.
22н. хабарлаулары үйге жеткізу үшін, «Талап етілгенге дейін» картотекасына және абонементтік жәшіктер арқылы тапсыру үшін 23н. кітабы бойынша жалпы саны көрсетіліп беріледі.
Бір заңды тұлға мекен-жайына бес немесе одан да көп құндылығы жарияланған хаттар келіп түсу барысында, барлық құндылығы жарияланған хаттарға кіріс нөмірі, жарияланған құндылықтың жалпы сомасы және үстеме төлемінің жалпы сомасы (болған жағдайда) көрсетіліп бір 22н. хабарлауы жазылады.
Үстеме төлеммен құндылығы жарияланған хат аударым бланкісіз келіп түскен жағдайда өндірістік объектінің жұмыскері құндылығы жарияланған хатта көрсетілген деректердің негізінде барлық қажетті мәліметтерді толтыра отырып, «Телқұжат» деген белгісімен үстеме төлеммен аударым бланкісінің телқұжатын толтыруға міндетті.
Хабарламасы бар хат 119н. (CN 07) бланкісіз келіп түскен жағдайда құндылығы жарияланған хаттың деректері негізінде «Телқұжат» деген белгісімен хабарламаның телқұжаты жасалады.
Хабарлама жетпей тұрған мәліметтерімен түскен жағдайда олар хабарламаның бланкісіне құндылығы жарияланған хатта көрсетілген деректер негізінде енгізіледі және 30н. жазылады.
«Үкіметтік» белгісімен құндылығы жарияланған хаттар бірінші кезекті тәртіпте өңделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет