Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


Құндылығы жарияланған халықаралық хаттарды табыс ету



бет33/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   114
ОМПО дайын кітап

3.8 Құндылығы жарияланған халықаралық хаттарды табыс ету

Өндірістік объектілерде табыстауға жататын заңды және жеке тұлғаларға жіберілген құндылығы жарияланған хаттардың 22н. хабарлаулары абоненттік жәшіктерге салынады.


Заңды тұлғаларға жіберілген құндылығы жарияланған хаттардың 22н. хабарлаулары «16н.жүкқұжатына» жазылып, екінші данасында уәкілетті тұлғаның қойылған қолын алу арқылы беріледі.
Құндылығы жарияланған хаттар адресатқа 22н. хабарлауына қол қою арқылы өндірістік объектілерде немесе почташымен қосымша ақыға үйде беріледі.
Құндылығы жарияланған хаттар өндірістік объектілерде және үйде беру барысында адресаттың қолына осы Ережелердің 43 тармағында көрсетілген құжаттардың бірін көрсету арқылы беріледі.
Халықаралық құндылығы жарияланған хаттар, алынғандығы туралы хабарламалар және 22н. қайталама хабарлаулары («Өз қолына табыс етілсін» - «A remettre en main propre» белгісі бар хаттардан басқа) берілуі мүмкін:
1) сенімхатсыз, осы Ережелердің 43 тармағында аталған құжаттардың бірін және адресатқа жақын екенін растайтын құжатын көрсеткенде, отбасының кәмелетке толған мүшелерінің біріне;
2) нотариалдық расталған сенімхат және заң талабына сәйкес ресімделген, оған теңелетін сенімхат ұсынушыға осы Ережелердің 43 тармағында көрсетілген құжаттардың бірін көрсеткенде;
3) сенімхатсыз, осы Ережелердің 43 тармағында көрсетілген құжаттардың және адресатқа қатысын растайтын құжаттардың көрсетуі бойынша 16 жасқа дейін кәмелеттік жасқа толмаған тұлғалардың ата – анасына (асырап алушылар, қамқоршылар);
4) қабілетсіз адамдардың ата-аналарына (асыраушыларына, қамқоршыларына) сенміхатсыз, осы Ережелердің 43 тармағында аталған құжаттардың бірін және адресатқа жақын екендігін растайтын құжатын көрсеткенде;
5) мектеп-интернаттардың, балалар үйлерінің және басқа мекемелердің заңды тұлға өкілдеріне, соңынан 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандарға беру үшін – сенімхатпен, сондай-ақ жатақханаларда, интернаттарда, балалар үйінде, қонақ үйлерде, сауықтыру және емдеу мекемелерінде тұратын жеке тұлғаларға.
Әскери бөлімдер мен мекемелерге жіберілген құндылығы жарияланған хаттар жеке адресаттарға, әскери почташыларға немесе бөлімдер мен мекемелердің уәкілетті тұлғасына беріледі.
Адресат 22н. хабарлауының қайырма бетінде ұсынған құжаттың атауын және деректерін көрсетеді, қолын қояды және алған күнін көрсетеді.
Өндірістік объектінің жұмыскері адресат көрсеткен жеке басын куәландыратын құжатты тексереді, 22н. хабарлауында алушы көрсеткен деректерді көрсетілген құжат деректерімен және қойылған қолымен салыстырады және хаттың беруін 22н. хабарлауының қайырма бетінде өз қолымен растайды.
Қажетті жағдайда адресаттан құндылығы жарияланған хаттарды сақтау, әрі қарай жіберу/қайтару үшін белгіленген тариф бойынша төлемақысы алынады.
Төлемақысын алу барысында 47н. дәптерінен түбіртек жазылады, онда құндылығы жарияланған хаттың кіріс нөмірі, («Қ» немесе «ӘҚЖ») тиісті белгісі, жиынтықтың сомасы (жазбаша) көрсетіледі. Жиынтықтың сомасы және түбіртектің нөмірі 22н. хабарлауының қайырма бетінде де көрсетіледі.
Құндылығы жарияланған хатты беру кезінде қабында көрсетілген салмағы мен нақты салмағының сәйкестігі тексеріледі.
Құндылығы жарияланған хат салым тізімдемемен түскен жағдайда (ТМД елдерінен) ол өндірістік объектіде адресат пен өндірістік объектінің бастығының (оның орынбасарының) көздерінше ашылып, салымы тізім бойынша тексеріліп беріледі. Ашар алдында хаттардың сыртқы жағдайы және салмағы тексеріледі. Егер адресат ашудан бас тартса, онда бұл туралы 22н. хабарлауында адресатпен қол қойылған «Ашудан бас тартамын» белгісі жасалынады.
Егер тізімдемесі бар құндылығы жарияланған хатты беру барысында онда салым тізімдемесі болмай шықса, ол кідіріссіз адресатқа беріледі, бірақ бұл кезде барлық түскен заттар аталып, үш данада 51н. актісі жасалынады. Актіге өндірістік объектінің екі жұмыскерімен адресаттың қолдары қойылады. Актінің бірінші данасы жоғарғы бөлімшеге жіберіледі, ол оны құндылығы жарияланған хатты өңдеген ХПАО-на әрі қарай тексеруді жүргізу үшін (тиісті кезде) жібереді, екіншісі адресатқа беріледі, үшіншісі берілген орында қалады. Тізімдеме бойынша салым сәйкес келген жағдайда акт жасалынбайды.
Құндылығы жарияланған ақаулы хат ХПАО-да жасалған CN 24 актісімен түскен жағдайда хат ашылып, салымы тексеріліп, үш данада акт жасалынып адресатқа беріледі. Акт осы Ережелердің 366 тармағына сәйкес ресімделеді және жіберіледі.
Адресат 51н. актісінің жасалуынан бас тартқан жағдайда, хат 22н. хабарлауында адресатпен қол қойылған «Ашудан бас тартамын» белгісімен беріледі.
Адресат ақаулы хатты алудан бас тартқан жағдайда бұл жайлы адресаттың қойылған қолымен белгі жасалады, хат жөнелтушіге қайтару үшін ХПАО-на жіберіледі, актінің бір көшірмесі оған тіркеледі.
«Өз қолына табыс етілсін» - «A remettre en main proper» белгісі бар құндылығы жарияланған хаттар адресаттың өзіне, заңды өкіліне немесе сенім артқан тұлғасына 22н. хабарлауына қол қою арқылы беріледі.
«Өз қолына табыс етілсін» белгісімен хатқа алынғандығы туралы CN 07 хабарламасы болған кезде адресат (немесе оның заңды өкілі), одан басқа, CN 07 хабарлама бланкісінде қолын қоюға тиіс, CN 07 хабарлама бланкісінің ресімделуі осы Ережелердің 258 тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Үстеме төлем сомасы төленгенге дейін құндылығы жарияланған хат берілмейді, бұл кезде адресат жөнелтушінің адрес деректері жайлы мәлімет алуға құқығы бар.
Үстеме төлемі бар құндылығы жарияланған хатты табыстау алдында өндірістік объектінің жұмыскері:

  • құндылығы жарияланған хаттың қабында және үстеме төлем аударым бланкісінде көрсетілген деректерді салыстырады;

  • үстеме төлем аударым бланкісінің оң бетіндегі «жазбаша хабар» жолында барлық қажетті мәліметтердің көрсетілгенін, ал қандайда бір деректер жоқ болса – оларды енгізеді;

  • үстеме төлем аударым бланкісіне адресатқа берген датасын көрсетіп қолын қояды;

  • үстеме төлемнің толық сомасын алғаннан кейін адресатқа құндылығы жарияланған хатты береді;

  • егер үстеме төлемі бар хат 51н. немесе CN 24 актісімен түскен болса, немесе беру кезінде хаттың салмағының айырмашылығы, салымға кіруге мүмкіндік туғызатын қабықша, байлам, мөр, лента ақаулығы табылған жағдайда құндылығы жарияланған хатты ашқанға дейін үстеме төлем сомасы адресаттан алынбайды;

  • егер үстеме төлемі бар құндылығы жарияланған хатты ашу және салымын тексеру барысында салым бүтін болып тізімдемеге (бар болған кезде) сәйкес келсе, онда ашылғанға акті жасалынбайды, адресаттан үстеме төлем сомасы алынады және құндылығы жарияланған хат белгіленген тәртіп бойынша беріледі.

Үстеме төлемі бар құндылығы жарияланған хат салымында жетіспеушілік, өзгерту, толық және жартылай бұзушылық табылған жағдайда 51н. акті толтырылады, бір данасы адресатқа беріледі. 51н. актісінің бір данасымен құндылығы жарияланған хат қабылдау орнында тергеу жүргізу үшін «Сақтандыру» қабында берілген орнына қайтарылады.
Салымына кедендік органдармен баж салынған құндылығы жарияланған хат адресатқа ХПАО-да хаттың қабында «Кедендік жүк» («Груз таможенный») деген кедендік мөртабан қою арқылы кедендік органда кедендік баж төленгеннен кейін беріледі. Сондай-ақ ол белгі хат тіркелген кіріс 16н. жүкқұжатында да көрсетіледі.
Хат CN 23 кедендік декларациясының бланкісімен сүйемелдену мүмкін (қабылдау орнынан берілген). Ондай декларация бар болған жағдайда оған «Кедендік жүк» («Груз таможенный») белгісі қойылады.
Баж салынған құндылығы жарияланған хатты сүйемелдейтін және адресат тұратын аймақ бойынша кедендік бақылау департаментіне адрестелген кедендік жүк декларациясында (әрі қарай - КЖД) қарауды жүзеге асырған кедендік инспектордың «Тауар кедендік бақылауда» деген кедендік мөртабаны болуға тиіс.
Адресат алуға келген кезде оған 22н. хабарлауы (егер болса, онда CN 23 кедендік декларациясы) және басқа да сүйемелдеу құжаттары (КЖД, инвойс, шот-фактурасы) бажды аймағы бойынша орналасқан кедендік органында төлеу үшін беріледі.
Аймақ бойынша кедендік органында кедендік баждың төлемін төлегеннен кейін және ресімдеуді жүргізген кедендік инспектордың қойылған қолымен және көрсетілген күнімен, «Босатуға рұқсат» («Выпуск разрешен») белгісімен құжаттарды ұсынғаннан кейін адресат 22н. хабарлауының қайырма бетінде жеке куәлігінің деректерін жазады, хабарлауда қолын қояды және құндылығы жарияланған хатты алған күнін көрсетеді.
Өндірістік объектінің жұмыскері адресатпен ұсынған құжатты тексереді, 22н. хабарлауында көрсетілген және ұсынған құжат деректерін салыстырады, күнін және қолын тексереді, одан кейін 22н. хабарлауының қайырма бетінде хаттың табыс етін өз қолымен растайды.
Тікелей үйге (пәтерге) құндылығы жарияланған хаттарды қосымша ақы арқылы жеткізу жүзеге асырылады:
1) адресат өтініші бойынша және өндірістік объектінің мүмкіншілігі болған жағдайда;
2) өндірістік объектінің ұсынысы және алушының келісімі бойынша.
5 күн ішінде құндылығы жарияланған хат алынбаған жағдайда, әр хатқа «Қайталама» белгісімен, өндірістік объектіде құндылығы жарияланған хаттың сақтау мерзімі және сақтауға алынатын ақысы көрсетілген 22н. қайталама хабарлауы жазылады және 8н. кітабы бойынша қол қою арқылы табыс етіледі. Қол қою арқылы табыстауға мүмкіндігі болмаған жағдайда хабарлау абоненттік жәшікке салынады және 8н. кітабында «А/ж салынды» белгісі қойылады. Құндылығы жарияланған хаттың қабында қайталама хабарлаудың жазылған күні көрсетіледі. Өндірістік объектімен 22н. хабарлауын тапсыруға екі рет әрекет жасалады.
Құндылығы жарияланған хаттар өндірістік объектіде адресатты күтумен 30 күн сақталады.
Адресаттың немесе жөнелтушінің арызы бойынша құндылығы жарияланған хаттың сақтау мерзімі тағы 30 күнге ұзартылуы мүмкін.
Өндірістік объектіде құндылығы жарияланған хаттардың екінші рет хабарлау тапсырылған соң бір жұмыс күнінен кейін (тапсырылған күн есепке алынбайды) сақталған күндері үшін белгіленген тариф бойынша төлемақы алынады.
Қайтып оралған құндылығы жарияланған хаттың тиісті орындағы өндірістік объектісінде сақталған күндері үшін адресаттан алынбаған төлемақы жөнелтушіден алынбайды, бірақ, қайтып келген орнында бұл хаттың 5 күннен астам уақыт сақталғанына төлемақы алынады.
«Талап етілгенге дейін» құндылығы жарияланған хаттардың сақталғандығы үшін төлемақы алынбайды.
Табыс етілмеген құндылығы жарияланған хаттар кері адресі бойынша мынадай жағдайларда кері қайтарылады:
1) жөнелтушінің арызы бойынша;
2) адресат құндылығы жарияланған хатты алудан бас тартқан жағдайда;
3) сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін;
4) адресат қайтыс болған жағдайда;
5) абонементтелетін абонементтік жәшіктің болмауы немесе адресаттың дұрыс көрсетілмеуі;
6) өндірістік объектінің өз міндеттемесін орындау мүмкіндігінен айыратын басқа да жағдайда.
Адресаттарға табыс етілмеген құндылығы жарияланған хаттар белгіленген 30 күн ішінде сақтау мерзімі аяқталғаннан кейін ХПАО-мен кері мекен-жай бойынша қайтарылу үшін түскен құрылымдық бөлімшесіне жіберіледі.
Жөнелтуші жазбаша арызбен қабылдаған өндірістік объектіден әлі жіберілмеген құндылығы жарияланған хатты түбіртектің түпнұсқасын қайтарып, кері алуына болады. Мұндай жағдайда жөнелтушіге почталық төлемнің мемлекеттік белгілері мен қосымша көрсетілген қызмет сомасынан басқа төлеген сомасы қайтарылып беріледі.
Құндылығы жарияланған хат бір данада толтырылатын 16н. жүкқұжатына қайтару себебін көрсете отырып жазылады және кіріс хаттарды беруде қарастырылған тәртіпте беріледі.
Адресаты елден тыс жол жүріп кеткен жағдайда құндылығы жарияланған хат басқа елге әрі қарай жіберілу мүмкін, егер ол елі Халықаралық почта жөнелтімдерін қабылдау бойынша елдер мен аумақтардың шарттары негізінде әрі қарай жіберу немесе қайтару қызметін жүзеге асыратын болса.
Әрі қарай жіберу қызметін көрсетпейтін жағдайда, құндылығы жарияланған хат ХПАО-на қабылдаған елге қайтару үшін жіберіледі.
Құндылығы жарияланған хатты басқа елге әрі қарай жіберу берілген елдің жөнелтушісі арызы негізінде жүзеге асырылады, бұл кезде ол жеке куәлігін көрсетеді және құндылығы жарияланған хатты қабылдау туралы түбіртекті ұсынады.
Берілген елінде жөнелтушінің әр арызы үшін тариф бойынша қарастырылған төлемақы алынады, егер бір өндірістік объектісінде бір уақытта бірнеше жөнелтімдер берілсе, онда арыз үшін төлемақы бір рет алынады.
Қазақстан Республикасының шегінде құндылығы жарияланған хаттарды әрі қарай жіберу жөнелтушінің немесе адресаттың арызы негізінде жүзеге асырылады. Жазбаша түрдегі арыз арызды тіркеу 25н. журналына жазылады.
Қазақстан Республикасының шегінде жаңа мекен-жай бойынша әрі қарай жіберу барысында белгіленген тариф бойынша төлемақы алынады. Жөнелтушінің арызында арнайы көрсетілген жағдайда әрі қарай жіберу ақысы адресаттан алынуы мүмкін. Құндылығы жарияланған хаттарды әрі қарай жіберу, сақтау ақысын қабылдау кезінде 47н. дәптерінен (ДК) түбіртек беріледі.
Қазақстан Республикасының шегінде әрі қарай жіберілетін құндылығы жарияланған хаттар тиісті жаңа өндірістік объектісіне 20н. анықтамасымен жіберіледі, онда әрі қарай жіберу себебі, жаңа мекен-жайы, адресаттың атауы, кедендік баждың сомасы (бар болған жағдайда) көрсетіледі.
Хаттың қабында табыс етілмеген себебін көрсетуге болмайды.
Қайтару алдында тиісті өндірістік объектінің жұмыскері хатты табыс етуге барлық шаралар қолданылған ба (толық мекен-жайы болған жағдайда), оны әрі қарай жіберу/қайтару үшін негізі қанағаттанарлық бар ма екендігін тексеруге тиіс. Құндылығы жарияланған хаттардың әрі қарай жіберу/қайтару дұрыстығын өндірістік объектілердің бастықтары немесе олардың орынбасарлары тексереді, олар міндетті түрде әрі қарай жіберу/қайтару себебі туралы белгіге қол қояды, 20н. анықтамасын ПМ бедерімен растайды. Олардың қолдарысыз әрі қарай жіберу/қайтаруды жасауға тиым салынады.
Әрі қарай жіберілетін, қайтарылатын құндылығы жарияланған хаттарға 22н. хабарлауы жазылады, онда әрі қарай жіберу/қайтару себебі мен күні көрсетіледі. Хабарлау жинақтау картотекасына салынады және кіріс нөмірлері бойынша тігіледі. 16н. кіріс жүкқұжатында міндетті түрде әрі қарай жіберу/қайтару күні туралы белгісі көрсетіледі.
Құндылығы жарияланған хатты әрі қарай жіберу барысында алғашқы мекен-жайлар, ал қайтару барысында адресаттың мекен-жайы сызылып тасталынады және мекен-жай бетінде жазылады:
1) әрі қарай жіберу барысында – «ӘҚЖ» әріптері және тиісті жаңа пунктің атауы;
2) қайтару барысында – «Қ» әрпі және хат қайтарылатын пункттің атауы.
ХПАО-на құндылығы жарияланған хаттың әрі қарай жіберуі және қайтаруы ішкі хаттарға ұқсас ресімделеді және басқа да шығыс халықаралық жөнелтімдермен бірге «Сақтандыру» қабында жіберіледі.
Құндылығы жарияланған хаттар әрі қарай «Сақтандыру» қаптарында 16н. жүкқұжатымен жіберіледі, онда тиісті пунктің және жіберілген елдің атауы, берілген нөмірі, құндылығы жарияланған сомасы және кедендік бажы (бар болған жағдайда) көрсетіледі.
Құндылығы жарияланған хаттар таратылмағандар санына тек оларды тапсырудың барлық мүмкіндіктері қарастырылып, тапсырылмау себебі мұқият тексерілген соң ғана беріледі.
Құндылығы жарияланған хаттар табыс етілмеген себебі көрсетіліп 20н. анықтамасымен жіберіледі. Осы белгінің дәлелдігі ретінде өндірістік объектінің бастығымен немесе олардың орынбасарларымен тексеріледі, қол қойылады, ПМ бедерімен расталады.
Таратылмаған құндылығы жарияланған хаттар айына бір рет айдың келесі есепті айынан кейін әр айдың 5 күніне дейін филиалдарға және АПБТ/ҚПБТ «Сақтандыру» қаптарында (құндылығы жарияланған ішкі хаттармен бірге) жіберіледі және 17н. адрес жапсырмасында «Таратылмаған» белгісі жазылады. Құндылығы жарияланған хаттар 16н. жүкқұжатымен жіберіледі, онда хаттың нөмірі (ШПИ), қабылдау орынның атауы, құндылығы жарияланған сомасы, үстеме төлем сомасы (бар болған жағдайда) және таратылмаған қатарына берілгенге дейін сақтау, әрі қарай жіберу/қайтару үшін жөнелтушіден алынбаған төлем сомасы көрсетіледі.
Мекен-жайы және берілген деректер болмаған жағдайда құндылығы жарияланған хаттар жалпы санымен жазылады.
16н. жүкқұжаты екі данада жасалады және өндірістік объектінің бастығымен немесе орынбасарымен қол қойылады, 16н. жүкқұжаттың жоғарғы жағына «Таратылмаған» белгісі қойылады. Бірінші данасы хаттармен жіберіледі, көшірмесі өндірістік объектіде қалады.
Таратылмаған құндылығы жарияланған хаттарды сақтауға жөнелткен (берілген) күні туралы 16н. кіріс жүкқұжатында, 22н. хабарлауында тиісті белгілер жасалады.
Таратылмаған халықаралық құндылығы жарияланған хаттар тиісті өндірістік объектілерінен келіп түскеннен кейін филиалдардан, АПБТ/ҚПБТ-дан тез арада хаттарды жіберген ХПАО-на есепке алу, тексеру және әрі қарай өңдеу үшін беріледі.
Хаттың салмағы жетіспеген, ашылған іздері, қабының, байламның, мөрдің бүлінгені және т.с. жағдайлар табылған жағдайда 51н. актісі жасалады және ведомстволық тексеру жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет