§ 2 Тапсырысты бандероль
2.1 Тапсырысты халықаралық бандерольді қабылдау
Тапсырысты халықаралық бандерольдерге көркем әдебиетті, өнер әдебиетін, іс қағаздарын және сырттай оқитын студеттердің бақылау жұмыстарын жіберуге рұқсат етіледі.
Тапсырысты бандерольді қабылдау барысында өндірістік объектінің жұмыскері міндетті:
1) жөнелтушіден салым сипатын анықтап алуға. Салымның осы почта жөнелтімі түріне сәйкес келмеген жағдайда тиісті салымды басқа почта жөнелтім түрімен жіберуді немесе салымды өзгертуге ұсыныс жасауға;
2) буып-түю бүтіндігін, өлшем сәйкестігі және мекен-жайдың дұрыстығын тексеруге немесе ол ашық түрде берілсе буып-түюге;
3) халықаралық бандерольдер үшін жіберу әдісін анықтауға (әуе немесе жер үсті көлігі);
4) бандерольдің қабында қажетті белгілердің бар болуын және олардың дұрыс орналасқандығын тексеруге:
● «Үкіметтік» белгісі бар тапсырысты ішкі бандерольді қабылдау барысында жөнелтушіден осы Ережелердің 696 бетінде келтірілген тізімге сәйкес сол разрядында жіберуге құқы бар болуын, сол жөнелтушілер санатына жататындығын растайтын құжаттың және «Үкіметтік» деген жазуының бар болуын тексеруге, жазба жоқ болған жағдайда оны жасауға ұсыныс беруге. Сол разрядында жіберуге құқы болмаған жағдайда бандерольді қабылдамауға;
● «Қызметтік» белгісі бар бандерольді қабылдау барысында осы Ережелердің 695 бетінде келтірілген тізімге сәйкес сол разрядында тапсырысты бандерольді жіберуге құқық берілгендігін және «Қызметтік» деген жазуының бар болуын тексеруге, жазба жоқ болған жағдайда оны жасауға ұсыныс беруге. Сол разрядында жіберуге құқы болмаған жағдайда бандерольді қабылдамауға. Түбіртекті ресімдеу барысында «Төлем» жолына сызықша қойылады;
● карантин жарияланған жерге тұқым салынған тапсырысты бандерольді қабылдау барысында карантиндік куәліктің барын тексеруге және тапсырысты бандероль ішіне карантиндік куәлігін салуға. Карантиндік куәлік болмаған жағдайда бандерольді қабылдамауға;
5) тапсырысты бандерольдің мекен-жай бетінің орталық бөлігіне немесе жөнелтуші мекен-жайының астына ішкі бандерольдер үшін 3н. жапсырмасын, халықаралық бандерольдер үшін CN 04н. жапсырмасын берік жапсыруға (мөртабанның бедерін қоюға), онда 1н. түбіртегіне сәйкес бандерольдің реттік нөмірі (ШПИ жапсырылады) және қабылдау орынның өндірістік объектісінің атауы көрсетіледі;
6) өлшеуге, клиентпен франкирлеу машинасымен ресімделген бандерольдерде салмағының сәйкестігін тексеруге. Салмағы сәйкес келмеген жағдайда бандерольді клиентке толық ресімдеу үшін қайтаруға;
7) тарифке сәйкес мекен-жай бетінің жоғарғы оң бұрышына почта маркаларын жабыстыруға және жапсырылған почта маркаларын ПМ бедерімен өшіруге, немесе франкирлеу машинасының бедерін қоюға (жапсыруға), ПМ анық қойылмаған жағдайда қабында қабылдау күнін қолмен қоюға. Клинттен франкирлеу машинасы бедерімен қабылдау барысында төлем толықтығын тексеруге;
8) түбіртек жазуға:
● автоматтандырылмаған өндірістік объектілерінде 1н. дәптерінен түбіртек беріледі, 1н. дәптерінде түбіртектің нөмірленуі ШПИ нөмірлері бойынша жүргізіледі немесе болмаған жағдайда түбіртектің нөмірленуі ай бойы жүргізіледі. Түбіртектің қайырма бетінде өндірістік объектінің ПМ бедері анық қойылады. «Айрықша белгісі» жолында тиісті белгісі қойылады;
● автоматтандырылған өндірістік объектілерде бағдарлама автоматты түрде түбіртекті және БКЖ (банктік-компьютерлік жүйе) чегін береді. ДК қабылдау кезінде түбіртекке ПМ бедері қойылмайды;
● жөнелтуші тапсырысты бандерольдің жіберу сомасын жарым-жартылай почта маркаларымен төлеген жағдайда, қосымша төлем сомасына маркалар жабыстырылады және түбіртекте сомасын көрсете отырып «Маркамен төленді» белгісі жасалынады;
9) жіберу ақысын алуға және жөнелтушіге түбіртек беруге.
Тапсырысты бандерольді қабылдау кезінде барлық қажетті деректері көрсетілген адрес жапсырмасын тапсырысты бандерольге жапсыруға болады.
Кестемен белгіленген мерзімде қабылданған ішкі және халықаралық тапсырысты бандерольдер өндірістік бақылаудан өткеннен кейін, екі данада толтырылатын «16н.жүкқұжатына» (өңдеу және жөнелту орындары болған жағдайда) нөмірлерді жазу арқылы өңдеуге және жөнелтуге беріледі.
Жеткізу учаскесінде почташымен тапсырысты бандерольдерді қабылдау Баспасөз бен почта жөнелтімдерін жеткізіп беру Ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |