§ 3 Құндылығы жарияланған бандероль
3.1 Құндылығы жарияланған бандероль салымы және жарияланған құндылығы
Құндылығы жарияланған бандерольдерде тұтыну тауарлары, баспа басылымдары, көркем әдебиеті, өнер саласындағы әдебиеті, іс қағаздары, дәрі-дәрмектер, кондитер өнімдері және ұзақ мерзімді сақталатын тамақ өнімдері тасымалданады, олардың сақталуын осы түріне арналған бумасы қамтамасыз етеді.
Бандерольдердің бағалау сомасы шектелмейді және жөнелтушімен салымның нақты бағасы бойынша ұлттық валютада анықталады
Жарияланған құндылық бандероль салымының нақты бағасынан аспауға тиіс.
Қағаз буып-түюіндегі жарияланған құндылық Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген айлық есеп беру көрсеткіштерінен үш еседен аспауы тиіс.
Құндылығы жарияланған бандерольдердің бағалау сомасы олардың қабында ұлттық валютамен толық жазбаша түрінде көрсетіледі.
Бандерольдерді буып-түю ретінде қолданылады - полиэтилен пакеттері, почта конверттері, қатты қағаз, мата, қорап, картон қорап, ағаш (фанер) н/е метал жәшіктері.
Бір бандерольге бірнеше заттар салынатын болса, онда олар алдын ала байланады.
Заңды тұлғалардан құндылығы жарияланған бандерольдерді қабылдау кезінде кем дегенде ені 5 см. қағаз лентамен желімдеуге рұқсат беріледі, онда баспа әдісімен немесе бандерольді қабылдаған өндірістік объектінің атауы домалату құрылғысымен не жөнелтуші – заңды тұлғаның аты жазылады. Лентаның біріккен жері жөнелтушімен жасалған және өндірістік объектінің жұмыскерімен ресімделген адрес жапсырмасымен тығыз жапсырылады.
Салмағы 500 гр. асатын бандерольдердің салымы айқастырып буылады немесе қағаз не басқа лентамен бекітіледі (бандерольденеді).
Бандероль салымы түтікше етіп оралу мүмкін, заттың ұзындығы 45 см артық болғанда ол қатты затқа оралады.
Құндылығы жарияланған бандерольдерді полиэтилен қабына буып-түю кезінде дәнекерленген жердің шетінде жөнелтушінің атауы немесе бандерольді қабылдаған өндірістік объектінің атауы көсетіледі.
Құндылығы жарияланған бандерольді жіберу үшін полиэтилен қабына буып-түю кезінде ресімделген адрес жапсырмасы жабыстырылған, буып-түйілген салым ішіне салынады (маркалар полиэтилен қабына салынғанға дейін жабыстырылады және өшіріледі). Полиэтилен қаптың ашық жағы жөнелтушінің көзінше термодәнекерлеу машинасында дәнекерленеді.
Қағаз бумадағы құндылығы жарияланған бандерольдер желімделеді, зығыр жіппен айқастыра байланады және байлам ұштары мөрмен бандероль қабына сүргіленеді. Мекен-жай биркасы бар бандерольді берген кезде кендір жіптің ұштары биркаға сүргіленеді.
Құндылығы жарияланған бандерольдер «Сақтандыру» мөрімен (стикерлермен) басылады, бұл кезде бандерольдің қабықшасындағы мөрлер (стикерлерлер) саны салым сақтауын қамтамасыз ететіндей болуға тиіс, мөрлердің арасы 5 см. аспауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |