Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


§ 3 Кіріс ұсақ пакеттерді өңдеу



бет56/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   114
ОМПО дайын кітап

§ 3 Кіріс ұсақ пакеттерді өңдеу

Жай және тапсырысты кіріс ұсақ пакеттері өндірістік объектілеріне тапсырысты хат-хабарлармен бірге қапта түседі және ішкі жай және тапсырысты бандерольдерді өңдеу тәртібіне сәйкес өңделеді.


Ұсақ пакеттері бар қаптардың нөмірлерімен 16н. жүкқұжатында көрсетілген нөмірлер, қаптың нақты салмағымен 11н. жапсырмасында көрсетілген салмақ сәйкестіктері салыстырылады, автоматтандыру өңдеу барысында 11н. жапсырмадағы ШПИ сканерден өткізіледі.
Қаптар штат бойынша тек бір ғана жұмыскері бар (почташыны есепке алмағанда) өндірістік объектілерден басқа, міндетті түрде екі жұмыскермен ашылады, қапты ашу барысында пломбыға немесе мөрге зақым келтірмей жіптің (БПҚ) бір айналымы ғана кесіледі.
Қапты ашқаннан кейін жұмыскер міндетті:

        1. «16н.жиынтық жүкқұжатының» және ұсақ пакеттер жазылған 11н. тізілімнің дұрыс ресімделуін, (ПМ бедерінің, түзетулердің ескертусіз және қойылмаған қолсыз болғанын), бағыты бойынша дұрыс түсуін тексеруге;

        2. ұсақ пакеттердегі нөмірлерді «16н.жүкқұжатына» көрсетілген деректермен салыстыруға, түскен ұсақ пакеттердің жалпы жиынтығын «16н.жүкқұжаты» жиынтықпен салыстыруға. Сәйкес келмеген жағдайда 30н. хабарламасын жазуға, дұрыс түспеген ұсақ пакеттер болған жағдайда әрі қарай жібері/қайтаруды ресімдеп, почта алынған құрылым арқылы тиісті жеріне қайтаруға.

Автоматтандырылған өңдеу барысынджа ұсақ пакеттердің нөмірлері сканерден өткізіледі;

        1. әр ұсақ пакеттің сыртқы қабығының бүтіндігін тексеруге, оларды өлшеуге. Ұсақ пакет салмағының айырмашылығы, салымға кіруге мүмкіндік туғызатын қабықша, байлам, мөр, лента ақаулығы табылған жағдайда немесе сыртқы жағдайының белгілері бойынша салымның бұзылғаны және зақым келгені туралы жорамал жасауға болатын болса ақаулы жағдайға қарай 51н. актісі немесе 30н. хабарламасын жазуға;

        2. ұсақ пакет адресаттың жартылай мекен-жайымен табылған (жуылған, үзілген және т.б.) немесе нөмірі болмаған жағдайда адресаттың нөмірін немесе мекен-жайын анықтау үшін ХПАО-на жоғарғы құрылым арқылы қызметтік сұрауды жіберуге. Нөмірлері (ШПИ) болған жағдайда адресаттың мекен-жайы БҚ-дан алыну мүмкін;

        3. шығарылғаннан кейін қап және ашылған орыны ұсақ пакеттер мен құжаттар қалып қалмау үшін міндетті түрде мұқият қарауға;

        4. ұсақ пакеттермен түскен «16н.жүкқұжатында» нөмірден нөмірге дейін реттік кіріс нөмірлерін жазуға. Кіріс ұсақ пакеттердің тәртіптік нөмірленуі бір ай шамасында жүргізіледі;

        5. ұсақ пакеттердің қайырма бетіне кіріс нөмірін және түскен күнін қолдан қоюға;

        6. «16н.жүкқұжатының» қайырма бетіне ұсақ пакеттердің түскен санын, алған уақытын, лауазымын көрсете отырып қолын және ПМ бедерін анық қоюға;

        7. кіріс ұсақ пакеттерді санауға және «Қазпочта» АҚ құрылымдық бөлімшелермен көрсетілетін почталық, қаржылық және агенттік қызметтерді статистикалық есепке алу тәртібіне сәйкес 2-а н. айырбастауды есепке алу бланкісін толтыруға.

Ұсақ пакеттер жалпы санымен басқа да тапсырысты хат-хабарларымен 23н. кітабына жазылады. Кіріс ұсақ пакеттер (жеткізу учаскесіне берілетін жай ұсақ пакеттерден басқалар) адресатқа табыс етуге дейін қоймада сақталады. Қоймаға беруі 23н. кітабы бойынша жүргізіледі.
Ұсақ пакеттер 8н. кітабына жазылады және жеткізуге Жіберудің кестесін, бақылау мерзімдерін әзірлеу жөніндегі Ережелерге сәйкес бекітілген кесте бойынша беріледі.
Кедендік органдармен кедендік баж салынған және ұсақ пакетке тексеру жүргізген кедендік инспектордың жеке мөрімен куәландырылған «Кедендік жүк» («Груз таможенный») мөртабаны ұсақ пакетте болған жағдайда «Кедендік жүк» («Груз таможенный») белгісімен 22н. хабарлауы жазылады және 23н. кітабына тіркеліп 22н. хабарлауы жеткізуге беріледі.
Ондай ұсақ пакеттер тек өндірістік объектілерінде беріледі.
Әрі қарай жіберілген ұсақ пакет басқа елден түскен кезде «ӘҚЖ» белгісі және бері қарай жіберген елдің атауы көрсетіледі, бар болған жағдайда – табыс ету кезінде адресаттан алынатын төлем сомасы.
Хабарламасы бар ұсақ пакет СN 07н. бланкісіз түскен жағдайда ұсақ пакеттердегі мәліметтер бойынша «Телқұжат» белгісімен хабарламаның телқұжаты жасалады.
Ұсақ пакет алынғандығы туралы хабарламамен түскен жағдайда олар ұсақ пакетпен бірге жеткізуге беріледі, 8н. кітабына белгі қойылады.
Мәліметтері жеткіліксіз хабарлама алынған жағдайда олар ұсақ пакетте көрсетілген деректер негізінде хабарлама бланкісіне енгізіледі және тексеруді жүргізген ХПАО-на 30н. хабарламасы жазылады.
Бір заңды тұлғаның атына бес немесе одан да көбірек пакет түскен жағдайда, барлық ұсақ пакеттерге кіріс нөмірлері көрсетіліп бір 22н. хабарлауы жазылады.
Абонементтік шкаф және «Талап етілгенге дейін» картотекасы арқылы берілетін ұсақ пакеттердің 22н. хабарлаулары 23н. кітабындағы «алғашқы хабарлаулар» бағанына жалпы саны көрсетіліп беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет