3.4 Құндылығы жарияланған халықаралық сәлемдемелерді 103н. тізімі бойынша қабылдау
103н. тізімі бойынша құндылығы жарияланған халықаралық сәлемдемелерді қабылдау 103н. тізім бойынша кәдімгі халықаралық сәлемдемелерге белгіленген тәртіп бойынша және келесі қосымшаларды есепке ала отырып жүзеге асырылады:
1) жөнелтушімен 103н. тізіміне жеке-жеке жарияланған құндылық сомасы және үстеме төлем сомасы (егер сәлемдеме үстеме төлемімен болса) көрсетіледі;
2) осы Ережелердің 827 тармағында қарастырылған әрекеттерден басқа өндірістік объектінің жұмыскері 103н. тізіміндегі әр жазылған сәлемдеменің жарияланған құндылық сомасын сәлемдемеде көрсетілген сомасымен міндетті түрде салыстырады, оларды АҚА аударады (жүздік үлеске дейін) және сәлемдемеде, 103н. тізімінде АҚА сомасын көрсетеді;
3) 1н. дәптерінің (ДК-дан) түбіртегінде тиісті белгілерді қосымша көрсетеді: «Құндылығы жарияланған», «103н. тізімі бойынша» немесе «Үстеме төлеммен» (бар болған жағдайда).
3.5 Құндылығы жарияланған халықаралық шығыс сәлемдемелерді өңдеу
Құндылығы жарияланған шығыс сәлемдемелерді өңдеу 16н. жалпы жүкқұжатын ресімдеу барысында жарияланған құндылық сомасы мен тиісті елін көрсету айырмашылығымен кәдімгі сәлемдемелердің тізбегімен жүзеге асады. Егер сәлемдеме үстеме төлемімен қабылданған жағдайда үстеме төлем сомасы да көрсетіледі.
3.6 Құндылығы жарияланған халықаралық кіріс сәлемдемелерді өңдеу
Құндылығы жарияланған халықаралық кіріс сәлемдемелерін өңдеу 22н. хабарлауына жарияланған құндылықтың және үстеме төлем сомаларын (бар болған жағдайда) көрсете отырып, кәдімгі сәлемдемелерге арналған бірізділікпен жүзеге асырылады.
Егер 17н. адрес жапсырмасымен оның қайырма бетіндегі деректерді беттестіру кезінде 16н. жүкқұжатында сәлемдеме құндылығының жарияланғаны туралы белгісі, үстеме төлем сомасының (бар болған жағдайда) жоқтығы белгіленсе, онда жағдайда құжаттарға жетпей тұрған деректерді енгізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |