Ережелер ұйымдастыруға бірыңғай талаптарды белгілейді


§ 4 Өндірістік объектілерде почтаны айырбастаудың жалпы тәртібі



бет72/114
Дата22.02.2024
өлшемі1.54 Mb.
#492875
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   114
ОМПО дайын кітап

§ 4 Өндірістік объектілерде почтаны айырбастаудың жалпы тәртібі

Өндірістік объектілерде почта алмасуды бастығының өзі немесе оның орынбасары, ал почтамтарда және ПБТ Қоғамның құрылымдық бөлімше бастығының бұйрығымен осы міндет жүктелген жұмыскерлерімен жүзеге асыруға тиіс.


Өндірістік объектіге жеткізілген почта жөнелтімдері сүйемелдеушімен 24н. маршрутты жүкқұжат бойынша тапсырылады.
Сүйемелдеушіден почта жөнелтімдері 16н. жүкқұжатымен және 24н. маршрутты жүкқұжатқа жазу арқылы лауазымды тұлғалармен қабылданады.
Почта жөнелтімдерін қабылдайтын тұлғалар міндетті:
1) жалпы 16н. жүкқұжаты бойынша жеке-жеке үкіметтік, халықаралық қаптарды, «Сақтандыру» қаптарын, сәлемдемелерді тексеруге. Қалған почта келесі жеке-жеке тексеру есебімен қабылданады;
2) халықаралық қаптардың салмақтарын жапсырмаларында көрсетілген салмақпен сәйкестігін тексеруге;
3) түскен почта жөнелтімдері мен жабық заттардың сыртқы күйін мұқият тексеруге (қабының, мөрдің, пломбының, байламның, лентаның тұтастығы және т.с.) заттар мен бағыттардың дұрыс бітелгендігін тексеруге;
4) жеке 16 н. жүкқұжаты бойынша түскен сәлемдемелерді жеке-жеке тексеруге;
5) сәлемдемелерде және 116н. бланкісінде сүйемелдеу бланкілердің және мекен-жайлардың сәйкестігін тексеруге;
6) маршрутты 24н. жүкқұжатына (16н. жүкқұжатына) қол қойып, қабылданған почтаның санын, қабылдау уақытын көрсетіп, ПМ бедерін қоюға.
Дұрыс жеткізілмеген почта жөнелтімдері анықталған жағдайда қабылданбайды, жүкқұжатта қайтару туралы белгісімен сүйемелдеушіге қайтарылады.
Өндірістік объектіден почтаны жөнелтуді бастықтың өзі, оның орынбасары жүзеге асырады (бұйрықпен бекітілген жауапты тұлға), ол почтаны жөнелтер алдында тексеруге міндетті:
1) почтаның және сүйемелдеу құжаттардың дұрыс ресімделуін;
2) жүкқұжаттарға қол қоюға;
3) 16н. (24н.) жүкқұжатының көшірмесіне қол қою арқылы почтаны және құжаттарды сүйемелдеушіге тапсыруға және почтаны құнтты тиеуді, уақтылы және сақтау кепілдігімен жөнелтуді қамтамасыз етуге.
Өндірістік объектілерде ПТБ-не немесе ПСжТУ-не жөнелту үшін жіберуге жататын жабық заттар мен почта жөнелтімдері екі данада жасалатын жалпы жүкқұжатқа жазылады.
Жалпы жүкқұжатқа заттар атауы және мекен-жай жапсырмаларында қойылған нөмірлері бойынша жазылады. Егер почта қаптарда жіберілетін болса, онда жүкқұжатта салым сипаты туралы белгі қойылады, мысалы, «Үкіметтік», «Халықаралық», «Жай», «Тапсырысты», «Сақтандыру», «Ыдыс».
Жабық заттар, сондай-ақ ашық жіберілетін почта жөнелтімдері жалпы 16н. жүкқұжатқа келесі тізбекте жазылады:
1) үкіметтік, халықаралық қаптары, «Сақтандыру» қаптары;
2) хат-хабарламасы бар қаптар;
3) мерзімді басылымдар салынған бумалар және қаптар;
4) сәлемдемелер;
5) бос қаптар (ыдыстар).
Жалпы жүкқұжатқа барлық заттар мен почта жөнелтімдері жазылғаннан кейін «Жеке жүкқұжат бойынша» тақырыбы жазылып, асты сызылады және әрі қарай заттардың және түрлері бойынша почта жөнелтімдерінің санын көрсетуімен жеке жүкқұжат жазылады, жеке жүкқұжаттың қайда баратыны, жасалған датасы көрсетіледі. Жалпы жүкқұжатқа барлық жазбалар жазылғаннан кейін жазылған заттардың саны мен почта жөнелтімдердің қорытындысы шығарылады. Жалпы жүкқұжатқа оны жасаған жұмыскер және почтаны жөнелту үшін жауапты тұлға қол қояды.
Жалпы жүкқұжатта почтаны жөнелту сағаты және минуты, почтаны сүйемелдейтін жұмыскердің фамилиясы, оның 81н. куәлік нөмірі, ПМ, сондай-ақ «Қап қапқа» айырбастауға жататын қаптардың саны қойылады.
«Заттар (сыйымдылықтар) мен почта жөнелтімдерінің атауы» бағанында түрлері бойынша жазылған почта жөнелтімдері мен заттардың саны цифрмен көрсетіледі.
Өндірістік объектіден жөнелтілетін почта жөнелтімдері маршрутты 24н. жүкқұжатының қайырма бетіне жазылады, мұнда тапсырылатын почта жөнелтімдерінің саны, жөнелту уақыты көрсетіледі және жазбаны жазған тұлға қолын қояды. Егерде жөнелтуге почта жөнелтімдері болмаған жағдайда маршрутты 24н. жүкқұжатында «Почта жоқ» көрсетіледі.
Почтаны сүйемелдеу және айырбастау міндеті жүктелген жұмыскерлерге маршрутқа шығу алдында филиалдың, ПБТ басшысы қол қойған айырбастау құқығын беретін 81н. куәлігі қол қою арқылы беріледі. Мұндай куәліктер ПББ бастықтарында болуға тиіс, егер олар почта вагондарына айырбастауға келсе. 81н. куәлігі ПББ жеткізілген почтаға жүкқұжатпен бірге ұсынылады.
Өндірістік объектіден сүйемелдеуге почтаны (почта жөнелтімін) қабылдаған жұмыскер жеке-жеке үкіметтік, халықаралық қаптарды, «Сақтандыру» қаптарын және сәлемдемелерді тексереді. Қалған почта шотпен қабылданады. Бір мезгілде мекен-жайы бүтіндігі, қабы, тігісі, байламы, мөрі (пломбысы), почта жөнелтімі мен заттардың дұрыс бітелуі, сонымен қатар құжаттардың ресімделуі қаралады. Қабылданған почта үшін жалпы жүкқұжат көшірмесінде қабылданған заттардың, бланкілердің саны (жазбаша) туралы қолхат жазылады, мысалы: «Отыз бес зат, бес сүйемелдеу бланкісін қабылдадым Сапрыкин» (қолы) және почтаны қабылдау уақыты және датасы көрсетіледі.
Өндірістік объектіден қабығы, байламы (лентасы) және мөрі (пломбысы) бүлінген почта жөнелтімдері мен заттар қабылданбайды, ол туралы жүкқұжаттарда және олардың көшірмелерінде белгі қойылады.
Почта жөнелтімдерін қабылдаған сәттен бастап оны тиісті орнына тапсырғанға дейін почтаны алу туралы қолхат берген сүйемелдеуші почта маршруты бойынша оның сақталуына және уақтылы жүруіне толық жауапкершілік тартады.
Жазбаша хат-хабарлармен қаптардың шекті салмағы - 10 кг., баспа басылымдарымен – 12 кг., құндылығы жарияланған почта жөнелтімдерімен – 15 кг., халықаралық почта жөнелтімдерімен -20 кг.
ПБЖБ маршрутқа шығар алдында жалпы белгіленген тәртіпте қызмет көрсетілетін ПБЖБ аумағында тұратын адресаттарға табыстауға арналған почта жөнелтімдерін алады. Почта жөнелтімдері мен хабарламаларды беру бекітілген тұрақтарда жүзеге асырылады.
Рейстен келгеннен кейін ПБЖБ-сі ол жататын өндірістік объектісінің бастығына ПББ үшін белгіленген тәртіпте почта жөнелтімдерінің берілгені және берілмегені туралы есеп береді, сондай-ақ қабылданған почта жөнелтімдерін тапсырады.
ПБЖБ-нен почта жөнелтімдері тек өндірістік объектінің бастығымен немесе оның орынбасарымен қабылданады.
ПБЖБ-мен қабылданған почта жөнелтімдері екі данада жасалған «16н. жүкқұжаты» бойынша төмендегілерді көрсетіліп тапсырылады:
1) почта жөнелтімін тапсыру уақыты және датасы;
2) берілетін почта жөнелтімдерінің нөмірлері (№ ден бастап № қоса есептегенде);
3) тапсырылатын почта жөнелтімдерінің жалпы саны және олардың сүйемелдеу бланкілері.
ПБЖБ-нің бастығынан почта жөнелтімдерін қабылдайтын тұлға тиіс:
1) ПБЖБ жұмыскерінен қабылданатын почта жөнелтімдерін «16н. жүкқұжаты» бойынша жеке-жеке тексеруге;
2) почта жөнелтімдерінің сыртқы жағдайын қарап шығуға;
3) сәлемдемеде және 116н. бланкісінде мекен-жайлардың және сүйемелдеу бланкілердің сәйкестігін тексеруге;
4) қабылдаған почта жөнелтімдерінің санын және қабылдау уақытын көрсетіп,«16н. жүкқұжаттары» қол қоюға;
5) өндірістік объектіден қабылданған почта жөнелтімдерін әрі қарай жөнелтуді қамтамасыз етуге.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет