Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы



бет1/5
Дата01.07.2016
өлшемі334.5 Kb.
#170576
  1   2   3   4   5
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi N 175 Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 16, 96-құжат; "Егемен Қазақстан" 2006 жылғы 21 шiлде N 171-172


МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескертуi: Қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 85-баптан қараңыз.

      Ескерту. Бүкiл мәтiн бойынша:
      «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың өкiлдi органдары», «облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және астананың атқарушы органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдарының», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi және атқарушы органдарының», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiлдi органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)», «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары», «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары» және «облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органы» деген сөздер тиiсiнше «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары», «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары» және «облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «жануарлар мен өсiмдiктердiң» және «жануарлар мен өсiмдiктер» деген сөздер тиiсiнше «өсiмдiктер мен жануарлардың» және «өсiмдiктер мен жануарлар» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экологиялық желiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтiру, орнықты пайдалану және басқару жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi.



1-БӨЛIМ. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) биологиялық ресурстар – экологиялық жүйелердiң адамзат үшiн нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар генетикалық ресурстары, организмдерi немесе олардың бөлiктерi, таралымдары немесе кез-келген басқа биотикалық құрамдас бөлiктерi;
      2) бөрене тiлу – ағаш кесетiн жабдықта бөрененi тақтайларға және (немесе) басқа да ағаш өнiмдерiне тiлу;
      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақ – ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер учаскелерi, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi;
      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi – өздерiндегi барлық географиялық аймақтардың табиғи кешендерiнiң репрезентативтiк өкiлдiгiн қамтамасыз ететiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әртүрлi санаттары мен түрлерiнiң жиынтығы;
      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету (бұдан әрi - күзету) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу, өрттiң алдын алу, анықтау және жою үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;
      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау (бұдан әрi - қорғау) – судың қолайсыз әсерiн жою, өсiмдiктердi зиянкестер мен аурулардан қорғау, жануарлар санын реттеу үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргiзiлуi мүмкiн iс-шаралар кешенi;
      7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның тексерiлетiн субъектiлер қызметiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкестiгi мәнiне тексеру және қадағалау жөнiндегi қызметi, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкiн;
      8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк қадағалау – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның тексерiлетiн субъектiлердiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және қадағалау жөнiндегi қызметi, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелерi бойынша құқық шектеу, оның iшiнде жедел ден қою сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкiн;
      9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару, бақылау және қадағалау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймағы – жер қорғаудың және пайдаланудың белгiленген режимi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ учаскесi;
      11) ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтарға бөлу – мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн қорғау мен пайдаланудың оңтайлы режимiн белгiлеу мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақты функционалдық аймақтарға бөлу;
      12) жаратылыстану-ғылыми негiздеме – мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-iздестiру) ұйымдары жүргiзетiн ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекараларын өзгертудiң орындылығын ғылыми бағалау;
      13) интродукция – өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн олар мекендейтiн орта шегiнен тыс жерлерге әдейi көшiру немесе кездейсоқ көшiру;
      14) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры – табиғи эталондар, уникумдар мен реликтер, генетикалық резерв, ғылыми зерттеулер, ағарту, бiлiм беру, туризм және рекреация нысанасы ретiнде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, мемлекеттiк қорғауға алынған қоршаған ортаны қорғау объектiлерiнiң жиынтығы;
      15) мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi – ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар геологиялық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, зоологиялық, ботаникалық және ландшафттық объектiлер мен олардың кешендерi, мемлекеттiк орман қорының ерекше бағалы екпелерi, сулы-батпақты алқаптар, негiзгi орнитологиялық аумақтар, бiрегей табиғи су объектiлерi немесе олардың учаскелерi, өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерi, өсiмдiктер дүниесiнiң бiрегей жеке-дара объектiлерi;
      16) рекреациялық жүктеме – есепке алу кезеңiнде немесе уақыт бiрлiгiнде демалыс түрiнiң жиынтық уақытын ескере отырып, жер ауданы бiрлiгiне шаққандағы демалушылардың бiр мезгiлдегi саны;
      17) Табиғат жылнамасы – мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар және мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер ғылыми бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк табиғи-қорық қорының экологиялық жүйелерi мен объектiлерiнiң жай-күйiне бiрыңғай әдiстеме бойынша жүзеге асыратын жүйелi байқаулар мәлiметтерiнiң жиынтығы;
      18) табиғи кешендер – ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектiлерiнiң жиынтығы;
      19) табиғи кешендердi орнықты пайдалану – табиғи кешендердiң биологиялық ресурстарын ұзақ мерзiмдi перспективада биологиялық саналуандықтың сарқылуына әкеп соқпайтын жолмен және қарқынмен пайдалану;
      20) табиғат қорғау ұйымдары – мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер (бұдан әрi - табиғат қорғау мекемелерi) және мемлекеттiк кәсiпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттiк зоологиялық парктер, мемлекеттiк ботаникалық бақтар, мемлекеттiк дендрологиялық парктер;
      21) техникалық-экономикалық негiздеме – мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-iздестiру) ұйымдары жүргiзетiн ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрудың немесе оның шекараларын өзгертудiң орындылығын экономикалық, экологиялық және әлеуметтiк бағалау;
      22) экологиялық дәлiз – тiрi табиғат объектiлерiнiң табиғи қоныс аударуын (таралуын) қамтамасыз ету және биологиялық саналуандықты сақтау үшiн ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерiмен жалғастыратын, қорғалатын жер және су объектiлерi учаскелерiн бiлдiретiн экологиялық желiнiң бiр бөлiгi;
      23) экологиялық желi – өзара және қорғалатын табиғи аумақтардың өзге түрлерiмен экологиялық дәлiздер арқылы байланысқан және өңiрдiң табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтiк-экономикалық ерекшелiктерiн ескере отырып ұйымдастырылған әртүрлi санаттар мен түрлердегi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар кешенi.
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      2-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы


              Қазақстан Республикасының заңнамасы

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.


      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер қойнауын, суларын, ормандарын және өзге табиғи ресурстарын пайдалану және қорғау жөнiндегi қатынастар осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi.
      3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мүлiктiк қатынастар, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi.
      4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы


              негiзгi принциптер

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы негiзгi принциптер:


      1) биологиялық саналуандықты, бiрегей және типтiк ландшафтарды сақтау мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн экологиялық желiнiң базалық құрамдас бөлiгi ретiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесiн дамыту;
      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау;
      3) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры мен табиғи экологиялық жүйелердi сақтау;
      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылымды, мәдениеттi, оқу-ағартуды, бiлiм берудi, туризмдi дамыту мақсаттарында пайдалану;
      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланудың ақылы болуы;
      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық
      7) жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мiндеттердi шешуге қатысуы;
      8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
      9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық болып табылады.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      4-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы


              қатынастардың объектiлерi

      Табиғи кешендер, оның iшiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi, сондай-ақ осы жерлерде және басқа санаттардағы жерлерде орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың объектiлерi болып табылады.

      5-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы
              қатынастардың субъектiлерi

      Жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өздерiнiң құзыретiне сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастардың субъектiлерi болып табылады.



2-тарау. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАР САЛАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбына өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      6-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетiн
              қамтамасыз ету жүйесi

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетiн қамтамасыз ету жүйесiне:


      1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
      2) аумақтық бөлiмшелерi бар ведомствосын қоса алғанда, уәкiлеттi орган;
      3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар;
      4) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және заңға тәуелдi актiлерiмен айқындалған өздерiнiң құзыретi шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкiлдi органдары;
      5) осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және заңға тәуелдi актiлерiмен айқындалған өздерiнiң құзыретi шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органдары;
      6) табиғат қорғау ұйымдары;
      7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзетiн қамтамасыз ету саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар кiредi.
      Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      6-1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы


                мемлекеттiк басқару

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк басқаруды:


      1) Қазақстан Республикасының Президентi;
      2) Қазақстан Республикасының Үкiметi;
      3) аумақтық бөлiмшелерi бар ведомствосын қоса алғанда, уәкiлеттi орган;
      4) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар;
      5) осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасының заңға тәуелдi актiлерiмен айқындалған өз құзыретi шегiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады.
      Ескерту. Заң 6-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), жаңа редакцияда - 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi



      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретiне:
      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
      2) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн иелену, пайдалану және иелiк ету құқығы;
      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органды айқындау;
      3-1) өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiн алып қоюға шешiм қабылдау;
      4) мыналарды:
      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн;
      республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн;
      уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту бағдарламаларын;
      мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру және туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануға берiлген мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер учаскелерiн құрылыс объектiлерiн салуға пайдалануға рұқсат беру қағидаларын;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн;
      республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарының шекарасын және оларды қорғау режимiнiң түрiн;
      биологиялық саналуандықты сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдардың, үкiметтiк емес ұйымдар мен қорлардың тiзбесiн;
      республикалық және жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту тәртiбiн;
      Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын жүргiзу қағидаларын;
      осы Заңның 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда жергiлiктi халықтың мұқтаждары үшiн рұқсат етiлген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын;
      өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту;
      5) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерлерден жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшiн беру және алып қою;
      6) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту;
      6-1) осы Заңның 23-бабының 2-тармағының екiншi бөлiгiнде белгiленген жағдайларда ғана уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн босалқы жерге ауыстыру және оның тәртiбiн бекiту;
      6-2) уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша жаратылыстану-ғылыми негiздемесiне берiлген мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде республикалық және жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту;
      6-3) өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi бар түрлерiн алып қою туралы шешiм қабылдау;
      7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық
      8) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.01.09 N 213, 2008.12.01 N 94-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2007.07.20 N 464-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      8-бап. Уәкiлеттi органның және оның аумақтық


              бөлiмшелерiнiң құзыретi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



      Уәкiлеттi органның құзыретiне:
      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк органдардың қызметiн салааралық үйлестiру;
      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;
      3) республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзу;
      4) осы Заңның 23-бабының 2-тармағының екiншi бөлiгiнде белгiленген жағдайларда ғана республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiнде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн босалқы жерге ауыстыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      4-1) республикалық және жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймақтарын тарату тәртiбiн әзiрлеу және олардың аумақтарын кiшiрейту жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекiту;
      5-1) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiнде жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi келiсу;
      5-2) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдарды таратуды және олардың аумағын кiшiрейтудi келiсу;
      5-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген өсiмдiктердiң санатына жатқызылған түрлерiн Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру;
      6) мыналарды:
      заңды тұлға мәртебесiндегi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiнiң жобаларын әзiрлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негiздеменi түзету тәртiбiн;
      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi;
      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн түзету жобаларын;
      табиғат қорғау ұйымының рәмiздерiн (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғат қорғау мекемесiнiң рәмiздерiн (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану тәртiбiн;
      өзiнiң қарауындағы табиғат қорғау мекемелерiнiң ережелерiн;
      заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кiретiн су объектiлерiнде балық аулау көлемдерiн бекiту;
      6-1) мыналарды:
      республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзiрлеу және тiркеу (қайта тiркеу) қағидаларын;
      табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзiрлеу қағидаларын;
      жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларын;
      осы Заңның 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын балықтың қырылуының алдын алу жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу қағидаларын;
      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметтi атақтар, төс белгiлерiн және құрмет грамоталарын беру тәртiбiн;
      өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн, олардың бөлiктерi мен дериваттарын, оның iшiнде сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген өсiмдiктердiң санатына жатқызылған түрлерiн Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру тәртiбiн;
      табиғат қорғау мекемелерiнде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргiзу қағидаларын;
      ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялардың құрамын және ережесiн әзiрлеу және бекiту;
      7) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйi, оларды күзету, қорғау, пайдалану және қаржыландыру мәселелерi бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың есептерiн қарау;
      8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту бағдарламаларын әзiрлеу;
      9) өзiнiң қарауындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, экологиялық дәлiздердi құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелер жобаларының әзiрленуiн ұйымдастыру және бекiту;
      10) өзiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлеудi және бекiтудi ұйымдастыру;
      11) өзiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылық жасауды, оларда күзету, қорғау және қалпына келтiру iс- шараларын, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзiлуiн қамтамасыз ету;
      12) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми қызметтi ұйымдастыру;
      13) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу;
      14) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының ұсынуы бойынша жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн келiсу;
      14-1) мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде туристiк және рекреациялық қызметтердi жүзеге асыру мен мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң туристiк және рекреациялық қызметтердi жүзеге асыру үшiн пайдалануға берiлген учаскелерiн құрылыс объектiлерiн салуға пайдалануға рұқсат беру қағидаларын әзiрлеу;
      14-2) өздерiне туристiк және рекреациялық қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдалануға берiлген мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң учаскелерiн құрылыс объектiлерiн салуға пайдалануға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беру;
      14-3) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда биологиялық негiздеме негiзiнде заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан су объектiлерiнде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеулiк аулауды, молайту мақсатындағы аулауды жүзеге асыруға рұқсат беру;
      15) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      16) айырым белгiлерi бар нысандық киiм (погонсыз) үлгiлерiн, оны киiп жүру тәртiбiн және табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторларын онымен қамтамасыз ету нормаларын әзiрлеу және бекiту;
      16-1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн әзiрлеу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзу;
      16-2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн әзiрлеу;
      16-3) республикалық маңызы бар табиғаттың мемлекеттiк ескерткiштерi аумағының шекарасын және қорғау режимi түрiн бекiту жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу;
      16-4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың биоалуандылығын сақтауға және дамытуға гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, үкiметтiк емес ұйымдар мен қорлар тiзбесiн бекiту жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу;
      16-5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын келiсу;
      16-6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiн қордағы жерлерге ауыстыру тәртiбiн әзiрлеу;
      16-7) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалды аймақтандыруды түзету жобаларын келiсу;
      16-8) сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген өсiмдiктер мен жануарлар түрлерiнiң тiзбесiн әзiрлеу;
      17) өз құзыретi шегiнде» деген сөздермен толықтырылып, «экологиялық дәлiздердiң аумақтарын қозғайтын Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың аймақаралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемаларын және экологиялық дәлiздердiң аумақтарын қозғайтын өзге де қала құрылысы құжаттамаларын келiсу;
      18) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және халықаралық шарттарды iске асыруды жүзеге асыру;
      Аумақтық бөлiмшелер өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзырет шегiнде жүзеге асырады.
      19) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлеу және бекiту;
      20) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.12.01 N 94-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2007.07.20 N 464-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      9-бап. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар


              орталық атқарушы органдардың құзыретi

      Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар орталық атқарушы органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде:


      1) мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесi мен экологиялық желiлердi дамыту бағдарламалары бойынша ұсыныстар әзiрлейдi және оларды уәкiлеттi органға табыс етедi;
      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және өздерiнiң қарауындағы осындай аумақтарды кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi, мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз етiп және осы негiздемелердiң жобаларын кейiннен уәкiлеттi органның бекiтуiне енгiзе отырып Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен әзiрлеудi ұйымдастырады;
      3) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзiрлейдi және бекiтедi, паспорттардың уәкiлеттi органда тiркелуiн (қайта тiркелуiн) жүзеге асырады;
      4) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлеудi ұйымдастырады және оларды уәкiлеттi органмен келiсе отырып бекiтедi;
      5) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылықты жүзеге асырады, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге қатысады;
      7) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
      8) заңдарда, Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 9-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      10-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың,


               астананың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы
               органдарының құзыретi

      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдары өз құзыретi шегiнде:


      1) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құруға және олардың жұмыс iстеуiне жұмсалатын шығыстарды жергiлiктi бюджеттер құрамында бекiтедi;
      1-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдардың ұсынуы бойынша жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын белгiлейдi;
      2) өздерiнiң қарауындағы жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйi мен олардың қызметi туралы, соның iшiнде мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн сақтау мәселелерi бойынша атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдайды;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары өз құзыретi шегiнде:
      1) республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желiлер жүйесiн дамыту бағдарламасы, республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi ұсыныстарды уәкiлеттi органға енгiзедi;
      2) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелерiн әзiрлеудi ұйымдастырады және оларға мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      3) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiндегi жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердi бекiтедi;
      4) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
      5) мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда уәкiлеттi органмен келiсе отырып, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлудi түзету жобаларын бекiтедi;
      6) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi, оларды күзетудi, қорғауды және қалпына келтiрудi, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етедi;
      7) заңды тұлға мәртебесi бар жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтер мөлшерiн бекiтедi;
      8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзуге қатысады;
      9) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзiрлейдi және бекiтедi және паспорттарды уәкiлеттi органға тiркеуге (қайта тiркеуге) бередi;
      10) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрiн құру үшiн жердi резервте қалдыру жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
      11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау аймақтары шегiнде осы аумақтардың экологиялық жүйелерiнiң, экологиялық дәлiздердiң жай-күйiне, сондай-ақ оларды қорғау және пайдалану режимiне терiс әсер ететiн қызметтiң барлық түрiн шектей отырып, осындай аймақтарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдайды;
      12) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
      13) уәкiлеттi органның ұсынымы бойынша жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумағының шекарасын және қорғау режимiнiң түрлерiн бекiтедi;
      14) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдарына жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлем ставкаларын бекiтуге ұсынады;
      15) уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдарды таратады және олардың аумақтарын кiшiрейтедi;
      16) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      11-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы


               мемлекеттiк бақылау және қадағалау

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған.
      1-1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттiк бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет