«Ерітінділер» тақырыбына байланысты есептер
Ерітінді дегеніміз ең кемі екі компоненттен тұратын біртекті жүйе (система) ерітінділердің ең маңыздылығы сұйық ерітінділер.
Ерітінді. Еріген зат пен еріткіштен тұрады.
mерітінді = mеріген зат + mеріткіш
Ішінде еріген зат молекула не ион түрінде бірдей болып араласатын ортаны еріткіш дейміз. Ең маңызды еріткіш ретінде суды алады, еріткіштің ішінде еріген заттың мөлшері көп болса қою ерітінді, еріген зат аз болса сұйық ерітінді деп аталады. Сонымен ерітіндідегі еріген заттың мөлшері әр түрлі болғандықтан ерітіндінің концентрациясын өрнектей білу керек.
Ең алдымен ерітіндінің концентрациясы дегеніміз не деген сұраққа жауап берейік?
Ерітінді концентрациясы дегеніміз – ерітіндінің белгілі салмақ мөлшеріне немесе белгілі бір көлеміне еріген заттың сандық мөлшері.
Ерітіндінің концентрациясын бірнеше әдіспен көрсетуге болады:
1. еріген заттың масса бөлшегімен ( );
2. нормальдік концентрациясымен (СN);
3. молярлық концентрациясымен (См);
Проценттік концентрация. Массалық проценттік концентрация дегеніміз 100 грамм ерітіндідегі еріген заттың граммен алынған массасы (mзат).
𝜔 = 𝑚ер.зат 𝑚ерітінді ∙ 100%
Көлемдік проценттік концентрация дегеніміз 100 см3 ерітіндідегі еріген заттың 1 куб сантиметіріндегі көлемі (VA).
𝐶 = 𝑉𝐴 𝑉𝐴 + 𝑉еріткіш
Масса – көлемдік проценттік концентрация дегеніміз 100 см3 ерітіндідегі заттың граммен алынған массасы.
𝐶 = 𝑚𝐴 𝑉ерітінді
Молярлы концентрация (СМ) дегеніміз 1 дм3 (литр) ерітіндідегі еріген заттың моль саны ( A ).
𝐶𝑀 = 𝜈𝐴 ∙ 1000 𝑉ерітінді
Есептер
Күйдіргіш натрдың 80 г 15% ерітіндісне 40 мл су құйылды. Алынған ерітіндінің проценттік концентрациясы қандай? Жауабы: 10%
Хлорлы темірдің 40 г 10% ерітіндісі 40 мл 9,5% күйдіргіш натр ерітіндісімен (p=1,1) әрекеттескен. Неше грамм тұнба түзіледі? Ерітіндіде ас тұзының неше грамы болады?
Достарыңызбен бөлісу: |