Ерітінділер Жаттығулар мен есептеулер



Дата19.05.2022
өлшемі73.5 Kb.
#457254
Еритиндилер №10



Ерітінділер
Жаттығулар мен есептеулер

1-мысал. 𝜔 =20% 0,5 л ерітінді дайындау үшін магний сульфатының қажетті массасы – (𝜌 = 1,219 г/мл).


2-мысал. 5,3 г натрий карбонатын 200 мл-де ерітті. Na2CO3 ерітіндісінің мольдік және эквиваленттік мольдік концентрациясын есептеңіз.
3-мысал. 16 %-ды тығыздығы 1172 кг/м3 MgSO4 ерітіндісінің мольдік, нормальдық, моляльдық концентрацияларын, титрін анықтаңыз.
4-мысал. 50 мл фосфор қышқылын бейтараптау үшін 40 мл 0,5 н натрий гидроксиді қажет болды. Қышқыл ерітіндісінің нормальдық, молярлық концентрациясын және титрін анықтаңыз.
5-мысал. 200 г 12 % мыс сульфаты ерітіндісін даярлауға қажет мыс купоросы мен судың массасын табыңыз.
6-мысал. 28 ºС-де 650 г судағы 50 г глюкозалы ерітіндісінің беткі қаныққан бу қысымын есептеңіз. 28 ºС-де судың бу қысымы 3780 Па құрайды.
7-мысал 2. 30 ºС-де 270 г суда 120 г мочевина ерітіліп алынған ерітіндінің беткі қаныққан бу қысымын табыңыз, егер осы температурада бу қысымы 4145,2 Па болса.
8-мысал. 40 %-дық этил спиртінің суда кристалдану және қайнау температурасын табыңыз.
9-мысал. 800 г судағы 11,08 г глицерин 0,28 ºС-де кристалданады. C3H8O3 -нің молярлық массасын анықтаңыз.
10-мысал. 0,01 М циан қышқылы HCN ерітіндісіндегі сутек иондарының концентрациясы және диссоциациялану дәрежесін анықтаңыз, Кдис = 5•10-10 .
11-мысал. Егер 0,2 М ерітіндідегі диссоциациялану дәрежесі 0,8 %-ға тең болса, сірке қышқылының CH3COOH диссоциациялану константасын есептеңіз.
12-мысал. 0,1 М көмір қышқылының ерітіндісіндегі сутек иондарының концентрациясын анықтаңыз.
13-мысал. Гидроксид иондарының концентрациясы [OH- ] = 3•10-4 моль/л болатын ерітіндідегі Н+ иондарының концентрациясын анықтаңыз.
14-мысал. 0,001 М азот қышқылы ерітіндісінің рН-ын анықтаңыз.
15-мысал. рН мәні 3,28-ге тең ерітіндідегі ОН- иондарының концентрациясын анықтаңыз.
16-мысал. Натрий ацетаты қандай реакциялық ортаны көрсетеді? Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздың ерітіндісі қандай реакциялық ортаны көрсетеді?
17-мысал. Анионның гидролизденуге бейімділігі мен түзілген қышқылдың иондану қабілетінің (қышқылдық күші) арасында қандай байланыс бар?
18-мысал. Келесі аниондардың PO4 3- , CO2- 3, S2- қатысуымен жүретін анион арқылы гидролиздену теңдеулерін жазыңыз. Мына тұздардың: Na3PO4, Na2CO3, Na2S молекулалық түрдегі гидролиздену теңдеулерін жазыңыз.
19-мысал. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұздардың ерітінділері қандай реакциялық ортаны көрсетеді? Катион арқылы гидролиздену дегеніміз не? Келесі катиондардың: Al3+, Fe3+, Fe2+ , Cr3+, Cu2+ қатысуымен жүретін катион бойынша гидролиздену теңдеулерін жазыңыз. Мына тұздардың AlCl3, CuCl2, CuSO4 молекулалық түрдегі гидролиз теңдеулерін жазыңыз.
20-мысал. Кейбір тұздардың, мысалы, Al2S3, Cr2S3 гидролизденуі неге толық жүреді? Температураның артуы тұздардың гидролизіне қалай әсер етеді?
21-мысал. Гидролиз деп қандай реакцияларды айтамыз? Гидролиз константасы дегеніміз не? Мынадай заттардың: а) әлсіз негіз бен күшті қышқылдың; ә) күшті негіз бен әлсіз қышқылдың; б) әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдың әрекеттесуінен түзілген тұздардың гидролиздену константасын жазыңыз.
22-мысал. Келесі қосылыстардың молекулалық және қысқартылған иондық түрдегі гидролиз реакциялары теңдеулерін жазыңыз. Гидролиз нәтижесінде реакция жүретін орта (рН) қалай өзгереді? а) K2CO3, NaNO2, Na2S, CH3COONa, K3PO4, ә) (NH4)2SO4, Al2(SO4)3, FeCl3, б) Al2S3, AlCl3, PCl5.
23-мысал. Сірке қышқылының диссоциациялану константасы К=1,6•10-5 , натрий ацетатының гидролиздену константасын есептеңіз.
24-мысал. 0,1 н ерітіндідегі калий хлоридінің гидролиздену дәрежесін есептеңіз.
25-мысал. Алюминий гидроксидінің диссоциациялану константасы 1,6•10-5 . Алюминий хлоридінің гидролиздену константасын есептеңіз.
26-мысал. 0,2 М ерітіндідегі натрий карбонатының І саты бойынша гидролиздену дәрежесін анықтаңыз. HAc2 диссоциациялану константасы 5•10-4 . KNO2 гидролиздену константасын есептеңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет