Ерлік пен Жеңіс Солтүстік Қазақстан облысы



Дата09.07.2016
өлшемі44.41 Kb.
#187355



Ерлік пен Жеңіс

Солтүстік Қазақстан облысы

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

Новоишим ауылы

№2Новоишим орта мектебі

11 «А» сынып оқушысы

Еслям Әйгерім Ерланқызы

Пән мұғалімі :қазақ тілінен әдебиет пәнінің

мұғалімі: Қалиева Жанар Кенжебайқызы



Ерлік және Жеңіс

Кешегі сұрапыл 1418 күн мен түнге созылған соғыс деген сұмның жермен-жексен болғанына, нұр шуағын сепкен Жеңіс сөзі әр адамның жүрегіне ұялғанына 65 жыл толып отыр.Ұлы Жеңістін 65 жылдығына менде өзімнің үлесімді шығармам арқылы қосқым келеді.

1941-1945 санау отты жылдар.Отан үшін сынға түскен кез1941 жылы 22 маусымда Кеңес мемлекетінің басты шекарасында сұрапыл соғыс басталды. Бұл суық хабар Қазақстанның барлық жеріне жетті. Бұл соғыс тарихына Кеңес елінің «Ұлы Отан соғысы» деген атпен енді. Герман фашисттері тарапынан бұл нағыз әдлетсіз соғыс еді. Олар елімізге басып кірді .Ал, Кеңес тарапынан әділетті, қорғану соғысы болды. Қатысқан әскерлер мен қырылған адамдар саны жағынан шаруашылыққа,адамдарға тигізген зияны жөнінен тарихта мұндай соғыс ешқашан болған емес.

Сұм соғыстың зардабына талай адам азап шекті,бірақ олар Отан үшін ,өз жері үшін соғысты. Балалары мен немерелерінің жарқын болашағы үшін соғысты . Келешек ұрпақ үшін қолына қару алып жауға қарсы аттанды.

Біздің жерлестеріміз –Бекіш Қасен Есімсейітұлы мен Мұқышев Молдаш Жантуринұлы екеуі де қашарлықпен шайқасты.

Бекіш Қасен Есімсейітұлы 1924 жылы Ботай ауылында дүниеге келген .

1932-1933 аштық жылдары небары 8 жасында әке-шешесімен Қазақстаннан Ресейдің Кемеровск облысына көшіп барады.

1942 жылы Иркутск қаласыда әскері дайындықтан өтіп, ішкі істер қатарына әскери міндетін өтеген.1943 жылы Сталинградты қорғауға қатысып, қолға түскен жау әскерлерін тылға жеткізіп отырған. Иран орталығы Тегеран қаласында өткен конференцияның қауіпсіздігін қорғауға қатысқан.

1946-1949 жылдары Батыс Украина жеріндегі Ұлттық көтерілісті басуға қатысады.

1949 жылы елге оралады.

Құрмет зейнет демалысына шыққанша енбектен қол үзбей автокөлік жүргізуші болып еңбек еткен. Қасен Есімсейітұлы Ұлы Отан Соғысының II дәрежелі орденімен және мерейтой медальдары мен марапатталған.

Ал, Мұқышев Молдаш Жантуринұлы 1921 жылы 22 мамырда дүниеге келген , 3 жасынан жетім қалып, Қызылжар балалар үйінде 11 жасқа дейін тәрбиеленіп, содан кейін жалғыз басты нағашы апасы балалар үйінен тауып алып бауырына алған екен. Күн көру үшін бала жасынан колхозда жұмыс істеуге тура келеді. Соғыс алдында Червонныйдан Жантурин Иманғали деген ағасы тауып алады. Соғыс басталғанда Қызыл Армия қатарына шақырылып, Алматыда жасақталған 124-атқыштар полкіне қатардағы солдат болып алынады. Әскери жаттығудан өткеннен кейін полк Царицин қаласына жіберіліп, алғашқы шайқасты Сталингрдты қоғау барысында аяқтан жараланып, әскери госпитальға түседі. Біраз емделгеннен кейін 1943 жылы елге келеді. Үйге келгесін, балдақпен жүреген оны колхоз басшысы кеңсеге шақырып, «Бір аяғың сау, тракторда істеуге болады,егін себуге шығасын» деп тракторға мінгізеді. Солай күзге дейін тракторда жұмыс істейді, күзде қайтадан Қызыл Армия қатарына алынып , 1943 жылдың 22 қыркүйегінде майданға аттанады. Бұл жолы Беларусь майданға түсіп, кеңес одағы территориясын фашисттерден азат етуге қатысады. Польша жеріне, Варшаваға шабуыл жасағанда , снаряд жарықшақтар жауырына, арқасына тиген екен. Ес-түссіз қалып, ауыр жараланған оны, әскери госпитальға апарады. Операция жасап, госпитальда істейтін медбикелер қан беріп, аман алып қалады. Жазылғанынан кейін қайтадан майданға жіберіліп, біраз денсаулығы жарамағандықтан еңбек армиясына жіберіледі. Оралдағы Первомайск қаласындағы қару-жарақ жасайтын зауыттына жұмыс істеп,тек қана 1946 жылы желтоқсанда ауылға оралады.Соғыстан кейін колхозда, сосын жаңа құрылған Уәлихан совхозында механизатор, бригадир болып зейнеткер болғанша еңбек етеді.

Шайқаста көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін 96.648 қазақстандық жауынгер СССР орденімен және медальдармен марапаталған. Бұлардың ішінде біздің жерлестеріміз –Бекіш Қасен Есімсейітұлы мен Мұқышев Молдаш Жантуринұлы да бар. 500-ден астам қазақ жауынгердері «Кеңес Одағының батыры» атанған. Севастополь үшін шайқаста Совет Одағының батыры Дабаш Бабажанов айрықша көзге түсті. Мәскеу үшін шайқаста көрсеткен ерлігі Мәлік Ғабдуллин мен Төлеген Тоқтаровқа «Кеңес Одағының батыры» атағы берілді.

Кеңес әскері Берлинге басып кіргенде , гейстрахқа ту тіккен қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаевтың соғыс кезінде көрсеткен ерлігі , халық батыры атанған айбынды қолбасшы.

Бауыржан Момышұлының есімі мәңгілікке халық жадында қалмақ.

Бұл соғыста мыңдаған қаза тапқан адамдар мен тіпті із түссіз жоғалып кеткен аадамдар да болды. Қалғандары қол аяғынан айырылып қайтты.

Өкінішке орай, сұрапыл соғысты басынан өткізген ардагерлер бүгінде саусақпен санарлық. Дегенмен, тосы қанды шайқаста болған Бауыржан Момышұлы , Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов , Мәлік Ғабдулин, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова және біздің жерлестеріміз-Бекіш Қасен Есімсейітұлы мен Мұқышев Молдаш Жантуринұлы сынды қаһармандарымыздың есімі тарихта алтын әріппен жазылып қалмақ. Біздің жерлестерімізді де жазу керек.

Жер бетіндегі барша адам баласын қатты алаңдатып ,өткен ғасырдың ең қайғылы оқиғасы ретінде тарихқа кірген Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 65 жыл.

1945жылы мамырдың тоғызында екінші дүниежүзілік соғыс Кеңес елінің жеңісімен аяқталады. Бұл нағыз Ұлы Жеңіс болды.

Қарулы майдан мен қажырлы елдің ұлы мұрат жолыңдағы қоян қолттық байланысын білдіретін «Отан үшін», «Бәрі де жеңіс үшін!»- деген айбынды ұрандар аталарымыздың, әжелеріміздің, әкелеріміз бен апаларымыздың құлағында күні бүгінге дейін жаңғырып тұрғандай.

Ұлы Отан Соғысы ұлы жеңісіміз, достықты шыңдаған, бірлікті жырланған ұлы бақыт. Арын алау етіп, жанын жалау етіп жауға атанған ел ұландары Отанымыздың байтақ жерін қорғады, халықымыздың байтақ жерін қорғады,ақ сүт берген анасын,пәк күлкі шашқан баласын қорғады.

Ұлы Отан Соғысы адамзаттың санасында, дүние жүзінің тарихында мәңгі бақи ұмтылмайтын аса зор оқиға. Бұл соғыстың әлем халықтарының тағдыры үшін атқарған рөлі айтқысыз.

Дүниені дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысын біз ешқашан ұмытпаймыз.

Отан –ана, Отан-жер,

Қорға оны, батыр, ер!

Отан үшін, Жер үшін



Керек болса , жаның бер!-

деп шығармамды аяқтаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет