Ермольчев ауылдық кітапханасы



Дата01.07.2016
өлшемі26.09 Kb.
#171080
Ермольчев ауылдық кітапханасы.

Ермольчево ауылдық кітапханасы 1950 жылдары іске қосылып, жұмыс атқара бастаған. Сол кездегі алғашқы кітапхана шағын бір бөлмеде, ауыл мектебінің ішінде орналасқан.

Бірінші кітапханашы Саханова Мұғалима. Кітапханада кітап қоры да шағын 1250 дананы құраған. Елдің дамуына аудан, ауыл басшылармен қатар, кітапханашылар да көп еңбек сіңірген. Шағын ауыл кітапханасы оқырмандарды әр саланың әдебиеттерімен қамтамасыз еткен. Кітап қоры 1970 жылдары көркем әдебиетпен толықтырылып, көбейе бастаған. Жер жырту, дән себу, қысқа мал азығын дайындау науқаны басталған кезде механизаторлар мен диханшыларға, даладағы бригадаларға мәдениет қызметкері мен кітапханашы шағын концертімен қос, көшпелі кітапханасы жұмыс атқарған. «Ауыл шаруашылығының экономикасы», «Жаңарған ауыл шаруашылығы» атты шолулар өткізілген. Дала бригадаларында «Найзағай» атты газет шығарылып тұрған. Жазғы науқан кезінде кітапханашы екі жұмада бір рет дала бригадаларын аралап тұрған. Белгіленген жоспар бойнша атаулы күндерге байланысты шағын әңгімелер, кітап көрмесінен шолулар, ауызша журналдар өткізілген. Жаңа түскен кітаптар, газет-журналдар уақытылы жеткізіліп тұрған.

1969-1972 жылдары Омаров Сисен кітапхана қызметін жалғастырған. Сол кезде кітап қоры 1800- дей болған. Көпшілігі көркем әдебиеттен құралған.

Дуйсенова Жұмағаным 1973-1981 жылдары ауылда кітапханашылық қызмет атқарды. Кітапханада барлығы 3644 кітап, соның ішінде 1555 кітап қазақ тілінде болған.

Бекжанова Мухсина 1982-1985 жылдары Ермольчево ауылында кітапханашы қызметін атқарды. Сол кезде кітапханада барлығы 4449 дана кітап қор болған, соның ішінде 1886 данасы қазақ тіліндегі әдебиеттер. 1985-1988 жылдар аралығында Молчанова Любовь Владимировна кітапханашы болып еңбек етті. Сол кезде 4760 кітап қоры болған, соның ішінде 1909 кітап қазақ тілінде , 120 оқырман болған.

Рамазанова Сафура Жумагерейқызы 1988-1991 жылдары қызмет атқарды. Кітапханада 5252 дана кітап, соның ішінде 1946 данасы қазақ тілінде болған. Ауылда 150 оқырман болған. Ермольчево ауылдық кітапханасында 1991-1998 жыл аралығында Таттыгулова Күнайым жұмыс істеген. Сол жылдары Беленький ауылының кітапханасы Ермольчево ауылдық кітапханасымен біріктірілген. Кітап қоры 8867 дана болған, соның ішінде қазақ тіліндегісі - 5179.

1998 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Тогузбаева Менсұлу Мендиярқызы ауылдық кітапханада жұмыс жүргізіп келеді. Кітапханда 5283 кітап қоры, соның ішінде 2444 данасы қазақ тілінде. Кітап арқылы өз білім – тәжірибесін өзге замандастар мен келешек ұрпаққа жеткізу мақсатында мәдени іс – шаралар өткізіп тұрады. Ауыл кітапханалары ұстаздармен, ата- аналармен тығыз байланыста қызмет істегенде ғана, жас ұрпақ тәрбиесіне кітап арқылы үлкен үлес қоса алады.

Ұлттық салт - дәстүрімізді, ата-бабамыздың ерлік істері туралы шығармаларды насихаттау, жастар мен оқушыларға ұлттық-патриоттық тәрбие беруге көмектесу, кітапхана қызметкерлерінің алдына қойған міндеті болып табылады.

Бүгінгі жаппай ақпараттану және технологияның өркендеу заманында ауыл кітапханалары өзінің қоғамдағы басты орнын сақтап қалып қоймай, өсіп келе жатқан жас ұрпақ үшін қажетті мәдени орынға айналды. Яғни, кітапхана бүгінде оқырман үшін білім алудың, бос уақыты тиімді өткізу, интеллектуалды және рухани қасиеттерін дамыту, ақпараттық сұранымдарын қанағаттандыратын білім ордасы.



Тасқала аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі аудандық редакциямен үнемі тығыз байланыста жұмыс атқарып, кітапхана саласындағы жаңалықтарды оқырман қауымға кеңінен таныстырып отырады. Газет беттеріне «Ұлттық дәрежедегі тамырсыздану немесе кітап оқымау қасіреті», «Кітапхана- мәңгілік парасаттың ең киелі ғимарат» атты көлемді мақалалар жарық көрді. Сонадай-ақ «Бір ел-бір кітап» акциясына байланысты мақалалармен жаңа түскен әдебиеттерді жарнамалау жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта Тәуелсіз еліміздің саналы азаматын тәрбиелеп, олардың ұлттық сана-сезімін оятуға, салауаттылық, адамгершілік, имандылық қасиеттерін бойына сіңірген өскелең ұрпақты қалыптастыру жолында кітапханашылар жұмыстана бермек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет