Есеп түрлері
Барлық арифметикалық есептер, оларды шешу үшін орындалатын амалдар санына қарай, жай есептерге және құрама есептерге бөлінеді.
Бір ғана амалмен орындалатын есеп жай есеп деп аталады. Шығару үшін өзара байланысты бірнеше амал орындалатын есеп құрама есеп деп аталады.
Жай есептерді, не оларды шығару үшін қолданылатын амалдарға (қосу, азайту, көбейту, бөлу амалымен шығарылатын жай есептер), немесе оларды шығару үстінде қалыптасатын түсініктерге байланысты түрлерге бөлуге болады.
1-сыныпта жай есептің 6 түрі қарастырылады:
1. Екі санның қосындысын табу.
Мысалы: Балалар ағашқа дүйсенбі күні 4 жемсауыт, ал сейсенбі күні 3 жемсауыт ілді. Балалар барлығы неше жемсауыт ілді?
2. Қалдықты табу.
Мысалы: Үйде 9 бала болды. 3 бала далаға шықты. Үйде неше бала қалды?
3. Сандарды бірнеше бірлікке арттыруға арналған есептер.
Мысалы: Суретші 7 қызғалдақтың және одан 2-уі артық көк гүлдің суретін салды. Суретші неше көк гүлдің суретін салды?
4. Сандарды бірнеше бірлікке кемітуге арналған есептер.
Мысалы: Суретші 9 көк гүлдің суретін салды, ал қызғалдақтардың одан 2-уі кем. Суретші неше қызғалдақтың суретін салды?
5,6. Айырмалық салыстырудың екі түріне берілген есептер.
Мысалы: 5. Мектеп ауласына 5 терек және 8 қарағаш отырғызылды. Неше қарағаш артық отырғызылды?
Мысалы: 6. Наурыз мерекесіне орай сахна шармен безендірілді. Көк шар – 5, ал қызыл шар – 8. Көк шардың қызыл шарға қарағанда нешеуі кем?
Жай есептердің топтары:
1-топ. Арифметтикалық амалдардың нақты мәнін ашатын есептер:
Екі санның қосындысын табу
Қалдық табу
Бірдей қосылғыштардың қосындысын(көбейтіндісін) табу
Тең бөліктерге бөлу
Тиісінше бөлу
2-топ. Арифметикалық амалдардың компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланысты есептер.
Берілген қосындымен екінші қосылғыш бойынша бірінші қосылғышты табу. Мысалы: Қыз бала бірнеше шұңғыл және 2 майда тәрелке жуды. Барлығы 5 тәрелке жуды. Қыз бала қанша шұңғыл тәрелке жуды. 5-2꞊3(тәрелке)
Белгілі қосындымен белгілі қосылғыш бойынша екінші қосылғышты табу. Мысалы: Қыз бала 3 шұңғыл және бірнеше майда тәрелке жуды. Барлығы 5 тәрелке жуды. Қыз бала қанша майда тәрелке жуды. 5-3꞊2(тәрелке)
Белгілі азайтқышпен айырма бойынша азайғышты табу. Мысалы: балалар 3 ұяны ағаш басына іліп қойғанда тағы ұя қалды. Балалар барлығы қанша ұя жасаған? 3+4꞊7(ұя)
Белгілі азайғыш пен айырма бойынша азайтқышты табу. Мысалы: Балалар барлығы 6 ұя жасады. Оның бірнешеуін ілгеннен кейін тағы 4 ұя қалды. Қанша ұя ілінді? 6-4꞊2
Белгілі көбейтінді мен екінші көбейткіш бойынша бірінші көбейткішті табу. Мысалы: Тіктөрт
Белгілі көбейтінді мен бірінші көбейткіш бойынша екінші көбейткішті табу.Мысалы:
Белгілі бөлгіш пен бөлінді бойынша бөлінгішті табу. Мысалы:
Белгілі бөлінгіш пен бөлінді бойынша бөлгішті табу. Мысалы:
3-топ. Арифметикалық амалдардың жаңа мағыналарын ашатын есептер. 2-ге бөлінеді:
Айырма ұғымына байланысты:
Сандарды айырмалық салыстыру (Бірінші түрі)
Дәптер 7 теңге, ал өшіргіш 3 теңге тұрады. Дәптер өшіргіштен неше теңгеге қымбат? 7-3꞊4 теңге
Санды айырмалық салыстыру (Екінші түрі)
Дәптер 7 теңге, ал өшіргіш 3 теңге тұрады. Өшіргіш дәптерден неше теңгеге арзан ? 7-3꞊4 теңге
Сандарды бірнеше бірлікке арттыру (тура формасы)
Лақтың салмағы 7 киллограм, ал қозының салмағы одан 3 киллограмға артық. Қозының салмағы неше киллограм? 7+3꞊10
Сандарды бірнеше бірлікке арттыру (жанама формасы)
Лақтың салмағы 7 киллограм, бұл қозының салмағынан 3 киллограмға кем. Қозының салмағы неше киллограм? 7+3꞊10
Сандарды бірнеше бірлікке кеміту (тура формасы)
Аққу 88 км ұшты, ал көгершін одан 26 км кем ұшты. Көгершін неше км ұшты? 88-26꞊62
Сандарды бірнеше бірлікке кеміту (жанама формасы)
Аққу 88 км ұшты, бұл көгершіннің ұшқанынан 26 км артық. Көгершін неше км ұшты? 88-26꞊62
Қатынас ұғымына байланысты:
1. Сандарды еселік салыстыру немесе екі санның қатынасын табу
Бақта 10 терек және 5 шырша өсіп тұр. Бақтағы терек шыршадан неше есе артық? 10:5꞊2
Домбыра үйірмесіне 8 ұл және 4 қыз бала қатысады. Қыз балалар ұл балаларға қарағанда неше есе кем? 8:4꞊2
2. Санды бірнеше есе арттыру
Тура формасы: Бүркіт 30 жыл, ал тасбақа одан 10 есе артық өмір сүреді. Тасбақа неше жыл өмір сүреді? 30·10꞊ 300жыл
Жанама формасы: Бүркіт 30 жыл, бұл тасбақаның өмір сүруінен 10 есе кем. Тасбақа неше жыл өмір сүреді? 30·10꞊ 300жыл
3. Санды бірнеше есе кеміту
Тура формасы: Ботаның салмағы 35 кг, ал қаздың салмағы одан 7 есе кем. Қаздың салмағы қанша? 35:7꞊5кг
Жанама формасы: Ботаның салмағы 35 кг, бұл қаздың салмағынан 7 есе артық. Қаздың салмағы қанша? 35:7꞊5кг
Құрама есептер.
Құрама есептер үшін классификациялаудың белгілі бір топтарға бөлуге мүмкіндік беретіндей негізі жоқ. Алайда методикалық тұрғыдан алғанда барлық әр түрлі есептерден не математикалық құрлысы жағынан ұқсас (қосындыны санға бөлу), не шешу тәсілі жағынан ұқсас (тұрақты шаманың мәнін табу тәсілімен шығарылатын есептер), не нақты мазмұны жағынан ұқсас (қозғалысқа байланысты есептер).
Бастауыш мектепте жай есептер және 3-4 амалмен шығарылатын құрама есептер қарастырылады.
Арифметикалық есептермен тығыз байланыста есеп-сұрақтар деп аталатын жаттығулар болады. Есеп-сұрақтарда шарты да, сұрағында болады. Алайда есептен айырмашылығы - есеп-сұрақты шығару үшін берілген шамалар мен ізделіп отырған шамалар арасындағы сәйкес байланыстарды тағайындаса жеткілікті, ал арифметикалық амалдарды орындаудың керегі жоқ. Мысалы: «Екі поселкеден бір мезгілде бір-біріне қарсы велосипедші мен мотоциклші шықты. Олар 36 минуттан кейін кездесті. Кездескенге дейін олардың әрқайсысы қанша уақыт жолда болды?» [5]
Қозғалысқа берілген құрама есептер
Екі ауылдан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы шыққан екі салтатты 3 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 12 км/сағ, ал екіншісінікі 15 км/сағ. Екі ауылдын ара қашықтығын тап.
Біріге жұмыс істеуге арналған құрама есептер
150 ағашты бояу керек. Бір сыршы оны 15 күнде, екіншісі 10 күнде орындай алады. Егер екі сыршы бірге жұмыс істесе, осы жұмысты қанша күнде орындай алады?
Екі айырмасы бойынша белгісізді табуға арналған құрама есептер
2 метр матадан 3 жастықтың тысы шығады. 42 метр матадан осындай неше жастыққа тыс тігуге болады?
Пропорционал бөлуге арналған құрама есептер
4 кг сәбіз 120 тг тұрады, осындай 9 кг сәбіз қанша теңге тұрады?
Бағасы
|
Саны
|
Құны
|
Бірдей
|
4
9
|
120тг
?
|
Құрама есеп, бір есептердің ізделінді шамалары екінші есептердің берілген шамалары болатындай байланыстағы бірқатар жай есептерден тұрады. Құрама есепті шығару, оны бірнеше жай есептерге жіктеу және ретімен оларды шығару болып табылады. Сонымен, құрама есепті шығару үшін берілген шамалар мен ізделінді шамалар арасындағы бірқатар байланыстарды анықтау керек, соған сәйкес арифметикалық амалдарды таңдап алуға, содан кейін шығаруға болады[4].
Достарыңызбен бөлісу: |