Есептер шығару
№1. (А деңгейі) Қатаңдығы 100 Н/м серіппеге массасы 9 кг дене бекітілген. тербеліс периоды неге тең? Жауабы: 2 с
№2. (В деңгейі) Ұзындығы 2,45 м маятник 314 с ішінде 100 рет тербеледі. Математикалық маятниктің периодын және еркін түсу үдеуін табу керек. Жауабы: 3,14 с, 9,8 м/с2
№3. (В деңгейі) Индуктивтігі 1,3 мГн катушкасын қолданып, жиілігі 2,5 МГц тербелмелі контурды құрастыру керек. Конденсатор сыйымдылығы қандай болады? Жауабы: 3,1 пФ
№4. (С деңгейі) Жер бетінде 0,5 Гц жиілікпен еркін тербелетін маятникті ғарышкерлер Айға апарды. Еркін түсу үдеуі Жермен салыстырғанда 6 есе аз. Ай бетінде маятник қандай жиілікпен тербеледі? Жауабы: 0,2 Гц
Тест жұмысы
1. Тербеліс периоды
А. Дене қозғалысы қайталанатын қозғалыс .
В. Дене қозғалысы толық қайталанатын қозғалыс
С. Дене қозғалысы толық қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығы
Д. Дене қозғалысы қайталанатын қозғалыстың аралығы
2. Тербеліс жиілігі
А. Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны
В. Өте аз уақыттағы тербелістер саны
С. Дене қозғалысы толық қайталанып отыратын ең аз уақыт аралығы
Д. Бір минуттағы тербелістер.
3. Тербеліс амплитудасы
А. Дененің тепе тең күйі
В. Дененің тербеліс күйінен ауытқуы
С. Дененің тепе теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәні
Д. Дененің тепе теңдік күйінен ығысуы
4. Серіппелі маятник неге тәелді? :
А. Ұзындыққа
В. Еркін түсу үдеуіне
С. Ұзындық пен еркін түсу үдеуіне
Д. Қатаңдыққа және массаға
5. Математикалық маятниктің периоды мына шамаларға тәуелді:
А. Ұзындыққа
В. Еркін түсу үдеуіне
С. Ұзындық пен еркін түсу үдеуіне
Д. Қатаңдыққа
6. Егер математикалық маятник жібінің ұзындығы 4 есе артса, оның периоды қалай өзгереді?
А) 4 есе артады
В) 2 есе артады
С) 4 есе кемиді
Д) 2 есе кемиді
7. Тербелмелі контур тұрады
А. Катушкадан
В. Конденсатордан
С. Катушка мен конденсатордан.
Д. Электр сыйымдылығынан.
8. Уақыт өткен сайын амплитудасы азайып отыратын тербелістер…
А) өшетін тербелістер
В) гармоникалық тербелістер
С) өшпейтін тербелістер
Д) механикалық тербелістер
Достарыңызбен бөлісу: |