Есептеу машинасы және оның архитектурасы Дәріс мақсаты



бет2/3
Дата20.05.2022
өлшемі20.17 Kb.
#458296
1   2   3
Есептеу машинасы және оның архитектурасы (1)
Презентация география Литосфера (7 сынып)
3. ЭЕМ-ң ұйымдастырылуының жалпы принциптері (фон Нейман принциптері). ЭЕМ архитектура зерттеулерінің алғашқы негізін қалаған американ математигі Джон фон Нейман. Ол бұл тұжырымдарды 1944 жылы ENIAC (лампалық) машинасын құру барысында, Г. Голдстайн мен А. Беркспен дискуссия барысында принципиалды жаңа машина құру идеясы түрінде берді. 1946 жылы өзінің есептеу машинасын құрудағы бұл жаңа принциптерін әйгілі классикалық болған “Предварительное рассмотрение логической конструкции электронно – вычислительного устройства” статьясында берді. Жалпы, бұл принциптер төмендегідей тұжырымдалады:

  1. Фон Нейман машинасының негізгі блоктары болып БҚ (басқару құрылғысы), АЛҚ (арифметико-логикалық құрылғы), жад, сыртқы жад, енгізу-шығару құралдары болып табылады.

  2. ақпараттарды екілік кодтауды қолдайды және ақпараттар сөз деп аталатын бірліктерге бөлінеді. ( Фон Нейман сандарды екілік жүйеде кодтау, операцияларды (арифметикалық және логикалық) екілік жүйеде берудің ыңғайлылығы мен қарапайымдылығын дәлелдеді).

  3. “Сақталатын программа” принципі. Алгоритм (кез келген операцияның мағынасын анықтайтын) басқарушы сөздердің тізбегі ретінде көрсетіледі. Бұл басқарушы сөздер – командалар деп аталады. Алгоритмді жүзеге асыратын командалардың жиынтығын программа деп атайды.

  4. Программа мен мәліметтер бір жадта сақталады. Әртипті сөздер кодталу әдістеріне байланысты емес қолданылу әдістеріне байланысты ажыратылады,.

  5. БҚ мен АЛҚ орталық процессор деп аталатын бір құрылғыға біріктіріледі.

Блоктардың негізгі қызметі:

  • процессор жадыдан (сыртқы құрылғы) команданы оқу арқылы орындалатын қимылды анықтайды, оларды кодтайды немесе декодтайды, машинаның әр бөлігінің жұмысын сәйкестендіреді;

  • жад мәліметтер мен программаларды сақтайды. Ол көпқабатты. Жад түрлері:

  1. оперативті жад – жұмыс істеу кезіндегі мәліметтер сақталынады;

  2. сыртқы жад – көлемі үлкенірек, жетуі баяулау, ақпараттарды ұзақ уақытқа сақтауға қолданылады;

  3. тұрақты жад – мәліметтерді ұзақ уақытқа сақтайтын және арнайы мамандармен ғана өзгертілетін жад бөлігі.

Фон Нейман сызбасы бойынша берілген машинада жаддан командаларды тізбектеп оқу және орындау жүзеге асырылады. Келесі орындалатын программа командасы алынатын жадтың кезектегі ұяшығының номері (адресі) арнайы құрылғыда – БҚ-ң команда санақшысында сақталады. Әрбір команда операция кодынан тұрады, операция коды орындалуы қажет операцияға нұсқауды және команданың операндыларының орналасу орнын көрсететін бірнеше адрестік өрістерден тұрады.
Команданың адрестік өрісінде сақталған мәліметтің адресін есептеу әдісі адресациялау режимі деп аталады.
Берілген ЭЕМ-нің жүзеге асырылатын командалардың жиыны оның командалар жүйесі деп аталады.
Қазіргі уақытқа дейінгі есептеу машиналарының барлығы “фон Нейман құрылысты” машиналар болып табылады. Өзгеше архитектуралы болып тек кейбір параллель есептеу жүйелері (команда санақшылары жоқ), редукциондық машиналар табылады. Фон Нейман архитектурасынан ауытқу мүмкін мәліметтерді өңдеу негізінде есептеулер емес, логикалық тұжырымдар жататын бесінші кезеңдік машиналарда пайда болуы ықтимал.
4. Дербес компьютердің аппараттық бөліктері және атқаратын қызметтері, ДК-дің жалпы құрылымдық сызбасы.
ДК-дің құрамына міндетті түрде ең негізгі үш құрылғы кіреді: жүйелік блок, пернетақта, монитор. Бірақ ДК-дің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту үшін көптеген қосымша периферийлық құрылғыларды қосуға болады: манипуляторлар (тышқан, джойстик, трекбол, жарық қаламы, диджитайзер), басу құрылғысы (принтер), кескіндерді оптикалық оқу құрылғысы (сканер), графоқұрушылар (плоттеры), магниттік лентадағы ақпаратты тасуыш (стример), т.с.с. ДК модульдік құрылымды, оның барлық модульдері жүйелік магистраль арқылы байланысқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет