С. Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ЭССЕ
Тақырыбы:Психоневрологиядағы
мамандандырылған мейіргерлік көмек
Орындаған: Зәурбек Назым
Шымкент 2024ж.
КІРІСПЕ
Психиатрия (психе — жан, иатреиа — емдеу) — психикалық аурулардың көріністерін, этиологиясы мен патогенезін қарастыратын ғылым. Сонымен бірге бұған аурулардың алдын алу, емдеу мен жәрдемді ұйымдастыру да енеді. Психиатрияның дамуы тарихи жағынан былай қалыптасты: оны зерттеу саласы психоздармен шектелген жоқ, сондай-ақ ол невроздарды да, бұған қосымша соматикалық аурулар кезінде басталатын психикалық өзгерістерді де қамтиды.
Психиатрия медицинаның — медицина пәнінің бір бө-лігіне жатады. Өз ішінен ол бірнеше салаға бөлінеді. Олар мыналар:
Жалпы психиатрия (жалпы психопатология) көптеген психикалық аурулар үшін негізгі де, ортақ пси-хикалық қызметтің бұзылуларының көріну және даму заңдылықтарын, этиология мен патогенездің жа.лпы мә-селелерін, өзгеше психопатологиялық процестер табиға-тын, олардың себептерін проблемаларын, зерттеу әдістерін, сондай-ақ жекелеген психикалық ауруларды да қарастыратын жеке психиатрияны да зерттейді. Психиатрияның дамуы мен қызмет аясының кеңеюі нәтижесінде оның жекелеген салалары (мамандықтары) пайда болды.
Айталық, балалардың психикалық ауруларын зерттейтін балалар психиатриясы;
армияда пайда болатын психикалық аурулардың ерекшеліктерін, олардың алдын алу мен емдеуді, сондай-ақ әскери психиатриялық экс-пертиза мәселелерін зерттейтін әскери психиатрия;
соттық психиатриялық экспертиза проблемаларын, цсихикалық аурулардың хұқықтық жағдайын зерттейтін соттық психиатрия;
психикалық аурулар кезіндегі еңбек қабілеті мәселелерімен, еңбек өтемі проблемаларымен, мүгедектерді еңбек етуге орналастырумен айналысатын психиатриялық еңбек экспертизасы;
психикалық аурулар мен психиатриялық көмек әдістері мен формаларын жасайтын ұйымдық психиатрия;
психикалық аурулардың халық арасына.Таралуын және бұған ықпал ететін себептерді, олардың барысы мен ақырғы нәтижелерін зерттейтін психикалық аурулар эпидемиологиясы, халықтың психикалық денсаулығын нығайту және психикалық аурулардың алдын алу мәселелерімен айналысатын психо-гигиена, сонымен бірге психиатрияның арнайы белімдері төмендегідей аталады. Олар: патофизиология, биохимия, биофизика, иммунологня, электрофизиология, патологиялық анатомия мен психикалық аурулар гистопатологиясы, психофармакология.
Достарыңызбен бөлісу: |