Эссе: «Заманауи мектепке дейінгі ұйымның әдіскері»
Ұстаз болу, яғни балаға тәрбие мен білім беру менің балалық асқақ армандарымның бірі еді. Мен қарапайым ауылдың қызы, 11-нші сыныпты үздікке аяқтап, Семей қаласының «М.О. Әуезов атындағы Семей Университетіне» оқуға түскенім, арманымның орындалған ең бақытты сәттері болды. Жоғарғы оқу орнын тәмамдап, өзімнің еңбек жолымды
2008 жылы «Аягөз қалалық №2 мектеп-балабақшасынан» бастаған едім. Сол уақыттан бастап баламен жұмыс жасаудың үлкен бақыт екен сезіндім.
Өзімнің жұмысыма деген жауапкершілігімді, ізденімпаз, алғырлығымды меңгерушім бағалап, дәрежемді көтерді, Бойымдағы бар жиған іс-тәжірибеме сеніп, жеке меншік балабақшада меңгеруші қызметін 3 жылдай атқардым.
Ал қазір мен «Мектепке дейінгі мекеме әдіскерімін».
Әдіскер болу - жәй ғана мамандық емес екен. Ол – адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Бұл сөздің астарында әдіскер мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігін айқындап тұр.Еңбек етіп жатқан мекеменің барлық тыныс-тіршілігі әдіскердің жұмысына байланысты екенін түсінген сәттен бастап, жан-жақты ізденуді таңдадым. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе. Сол мәртебелі жұмысты жетілдіруде әдіскердің жауапкершілігі мол болу керек. Ақын ағамыз М. Жұмабаев айтқандай «Тәрбие - адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша азық беріп өсіру» - деген екен. Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай жұмыс жүйесі менің балабақшамда қалыптасқан. Мен өз ісімді шеберлікпен атқарып, балабақшамдағы тәрбиешілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына қолымнан келгенше көмектесуге тырысамын. Ата - аналарда өз баласының тәрбиесімен білікті мамандардың айналысқандарын қалайды. Тұңғыш ағартушы педагог Ы. Алтынсарин «Күнәнің ең үлкені – бала жанының нәзік пернелерін дұрыс сезіне алмайтындарда» деп бала тәрбиесіндегі басты тұлға ұстаздардың өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырған.
Біздің балабақшада төмендегідей әдістемелік жұмыстар жүргізіледі: Педагогтарды міндетті біліктілік арттыру курстарына жіберіп, білімдерін жетілдіру,түрлі байқаулар, конкурстар ұйымдастыру. Оған ата - аналарды қатыстырыру. Ғаламтодан мектепке дейінгі ұйымдардың жаңалықтармен хабардар болу, инновациялық ізденіс, тәжірибе алмасу түрлі тақырыптарда семинарлар, коучингтер, дөңгелек үстелдер, әдістемелік отырыстар, кеңестер, педагогикалық оқулар, зерттеу жұмыстары, ата-ана жиналыстары, шеберлік сыныптар және т.б.
Балабақшамызда бірлестік топтар құрылған: «Жас маман, шығармашылық, әдістемелік топтар. Топ жетекшілері арнайы тағайындалып, жыл бойы бекітілген жоспарға сай жұмыстарын жасайды.
Шығармашылық топқа білікті педагог кадрлар кіреді.
Білікті педагогтармен бірлесе отырып жас мамандармен де жұмыстар жүргізу жүйелі жолға қойылған. Жас мамандарға аға тәрбиешілер бекітіліп берілген. Сонымен қатар өзімнің айналамдағы тәрбиешілеріме кеңес беруге, жан- жақты ізденіп ақпараттар алып, оларды балабақша тәжірбиесінде кадрларымның қолдану жолдарын іздестіремін.
Ақын М. Жұмабаев өз еңбегінің бағыт бағдарын былайша аңғартады; «Алдыма бір кітапты қойып алып, желге бергенім жоқ. Тәрбие ғалымдардың пікірін тыңдап алуға ұмтылдым» деп, ақын осылайша айтса, мен өзімнің әріптестеріме жаңа инновациялық тұрғыда әдістемелік көмек бере отырып, алдымен оларға рухани қуат, мейрімділік, шыдамдылық, кешіре білу, қызметтестеріммен тең жағдайда сырласу, әр кадрдың мүмкіндіктеріне сену, ойларын тыңдау қасиеттерім арқылы мен өз балабақшамның жұмысын жетілдіріп, мәртебемді көтере алатындығыма сенемін.
Менің әдістемелік қызметімнің нәтижелігі өз педагогтарымның өзін - өзі тануға ықпал жасау. Әрбір маман шығармашылығын, шеберлігін, талантын жаңғыртып, өз ісінің шебері атанса мен үшін үлкен бақыт.
Өз ісінің шебері атану үшін не керек? Әрине білім, міндетті түрде - мейрімділік, жылы жүрек, баламен мамандығына деген сүйіспеншілік.
Менің өмірдегі ұстанымым
- көмек сұрағандарға көмек беру.
-өз сезімімді жасырмай, оны бақылай алу
- өзгелердің пікірін сыйлай білу
-тыңдай білу, тыңдата алу
- жаңалыққа жақын жаңашыл әдіскер болу
Өз сөзімді қорытындылай келе, жаңашыл әдіскер қандай болу керек? - деген сұраққа жауап бергім келеді...
заманауи әдіскер
- әдіскер - технолог
-әдіскер – педагог
- әдіскер – зерттеуші
- әдіскер – эксперт
- әдіскер – аналитик
- әдіскер басқарушы
Ең бастысы бала мен өз мамандығын сүйетін жан болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |