Эссенің кіріспе бөлімін жазу ерекшелігі
Жалпы эссе дегеніміз не? Эссенің қолдану жолдары оны жазу әдебі қалай? Эссе дегеніміз-әдеби прозалық жанр. Латын тіліннен аударғанда “ойлау” деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш эссе сөзін қолданысқа енгізген Ф.Бэкон болатын. Қазіргі кезде көпшілік эссені шығармамен шатастырып жатады. Эссе әдетте шығарма жазудан ерекшеленеді. Сол себептен, егер эссе жазу керек болса, онда эссені ерекшелендіріп тұратын әр түрлі жанрлардағы сипаттарды және ерекше тосын сөздерді қолдана біліп, ескеруіміз тиіс. Көркем туындыны талдайтын шығарамадан гөрі эссе автордың көзқарасымен өз ойын ашық жеткізгендігімен және оның осы мәселеге байланысты ұстанымын қамтиды. Қазіргі медиада эссені жазудың да өз тура мақсаты бар яғни ол әртүрлі дәйектер мен дәлелдер келтіре отырып, берілген тақырыпты ашып жазу. Эссе жазу кезеңдері өте маңызды өйткені жазылып жатқан сөз нақты нақты жеткізілуі тиіс. Яғни эссе проблеманы анықтайды, кейін ойланады,жоспарлайды,жазады және соңында тексереді. Бұл эссенің құрамы дегенді білдіреді. Кіріспе, Негізгі Қорытынды деген секілді. Басы бар аяғы жоқ деген нәрсе эсседе кездеспеуі қажет. Ең алдымен ескеру керек нәрсе ол эссе жазуға кіріспес бұрын “Мен қандай басты мәселені айтқым келеді?”, “Менің эссем оқырмандардың көңілінен шыға ма?” деген сұрақтарға жауап беру қажет. Жалпы эссенің жазылу көлемі 500 сөз кейде 1-2 беттен бастап тіпті 20 бетке дейін баруы мүмкін. Бұл адамның сөздік қорымен ойындағы сөйлемінің жеткізілуіне тікелей байланысты. Көпшілік жіберетін қателіктің бірі ол әр сөйлемнің сапасымен сөйлемдердің дұрыс жеткізілуіне емес, эссенің көлеміне қарап баға беріп сол қалыпта жазып жатады. Сол себептен екі жақты да қарастыра алып сөздің сапасына да көлеміне де бірдей көңіл бөлінуі шарт. Эссе де мінсіз жазудың дайын ережесі жоқ, бірақ эссе жазудың жүзеге асыруға көмектесетін ережелері мен өз шарттары бар. Жоғарыда айтып кеткенімдей эссе жазу ережесі әдетте үш қағидадан тұрады. Олар: Кіріспе,Негізгі,Қорытынды бөлім. Осы үшеуінін қосындысы арқылы ойды толық жинақтап үлкен туындыны әкелуге болады. Ең бастысы және түсінікті ашық жеткізілуі тиіс қадамның бірі бұл Кіріспе: Кіріспе бөлімге 4-5 сөйлем жазса жеткілікті. Бірақ әр сөйлем оқыған кезеңнен бастап қызығатындай болуы тиіс, өйткені басы әдемі жазылған нәрсені оқуда әрі қарай қызық болады. Кіріспе де таңдаған тақырбыңыздан ауытқымай барынша сөйлемді үйлестіре білген жөн яғни жазып отырған кіріспеңіз толық әрі басты мәселелермен ашылулы қажет. Негізгі бөлім әрқашанда 3 абзацтан тұрады.Әр абзац кіріспе бөлімде көрсетіліп кеткен әр фактке сәйкес болуы қажет.Ал абзац барынша 6-7 сөйлемнен құралған жөн саналады. Себебі негізгі бөлім бұл автордың нақты толық айтылуы тиіс ойы. Халық негізгі бөлім арқылы қажетті айтылатын ойды түсінеді. кіріспеде қолданылған қағидамен жүреді.Мысал ретінде 1-2 сөйлемдерде мәселенің тура ашылуы және басты факт айтылуы керек болса, 3-4 сөйлемдерде осы ақпарат бойынша сіздің көзқарасаңыз, пікіріңіз жазылады. 5-сөйлемде толық ойыңызды 1сөйлеммен аяқтау. Ең соңғы бөлік бұл қорытынды бөлім. Соңғы ойды жазар алдында жазған кіріспе мен негізгі бөлімді оқып отырып қорытындылай кетіңіз, өйткені көп кездесетін қателік ол қорытынды ойды қате жазғанда. Қорытынды бөлімді бастысы түсініксіз қалдырмау керек қажетті әсер бере алу керек. Өйткені ол бөлімге жаңа мәлімет қоса алмайсыз сол себептен талқыланған мәселені бір ойға келіп тұжырымға толығымен алу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |