Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы



Дата25.02.2016
өлшемі413.82 Kb.
#21579
Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы
1999 ж. 16 шілдедегі № 429-1 Қазақстан Республикасының Заңы

(2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

ҚР 2014 жылғы 18 маусымдағы № 210-V Заңын қараңыз (күшіне енетін мерзімін қара)

 

Осы Заңмен этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы, этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы субъектілері қызметін мемлекеттік реттеу және жүзеге асыру процестерінде туындайтын қатынастар реттеледі.



10.03.04 ж. № 534-11 (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңдарымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілді; 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) айналым - экспорт, импорт, сатып алу, сақтау, көтерме саудада және бөлшек саудада өткізу;

2) алкоголь өнімі - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімді қоспағанда, тағамдық шикізаттан және (немесе) құрамында спирті бар тамақ өнімінен алынатын этил спирті пайдаланылып өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым пайыздан асатын тамақ өнімі;



3) алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу - алкоголь өнімін фискальдық жадылы бақылау-кассалық машинамен жарақтандырылған, сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда және мейрамханалардың, барлар мен дәмханалардың аумақтарында, кейіннен оны тұтыну немесе коммерциялық емес мақсатта пайдалану үшін, жүзеге асырылатын сату;

4) алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу - алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша қойма үй-жайларынан шектеусіз көлемде босату;

5) орнын өзгерту - бір мекенжай бойынша орналасқан стационарлық өндірістік және (немесе) қойма үй-жайларының ішінде орналасқан орнын өзгертуді қоспағанда, этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің кеңістікте орналасқан орнын өзгерту;

6) аралас полимерлік ыдыс - iшкi жағы тамақ сақтайтын полимерлік материалдан әзірленіп, аралас полимерлік материалдардан жасалған тұтыну ыдысы;

7) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

7) есепке алудың бақылау аспаптары - іркіліссіз электр энергиясының қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілу көлемі туралы, ондағы этил спиртінің концентрациясы (шарап пен сырадан басқа) туралы, этил спиртінің (сырадан басқа) қалдықтары туралы және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын өндірілген алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру туралы деректердің автоматты түрде берілуін қамтамасыз ететін аспаптар;

8) есепке алу-бақылау маркасы - алкоголь өнiмінің айналымын (экспорттан басқа) есепке алуды және бақылауды жүзеге асыру мақсатында оны (шарап материалы мен сырадан басқасын) сәйкестендіруге арналған ақпаратты қамтитын, белгіленген нысандағы және мазмұндағы қажетті қорғау элементтері бар арнайы бiржолғы жапсырма;

Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесін, Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру ережесін қараңыз



9) коньяк спирті - этил спиртінің көлемдік үлесі кемінде 7,5 пайыз болатын асханалық шарап материалын фракциялық айдау арқылы жасалған және сақтаудың барлық кезеңі ішінде емен сүрегімен ұдайы жанасымда болған немесе емен сүрегімен жанасымда болмаған этил спиртінің көлемдік үлесі 55,0 пайыздан 70,0 пайызға дейінгі шарап дистилляты;

10) қаңылтыр ыдыс - iшкi жағы тамақ сақтайтын материалмен қапталған, арнайы қаңылтырдан жасалған тұтыну ыдысы;

11) қойма үй-жайлары - тек қана этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған, біліктiлiк талаптарына сай келетiн арнаулы стационарлық үй-жайлар және (немесе) алаңшалар (этил спиртiн сақтау үшiн);

12) құрамында спирті бар тамақ өнімі - тамақ шикізатынан өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым пайыздан асатын тамақ өнімі;

13) өндіріс паспорты - қолда бар жабдықты пайдалануды, технологиялық процестi сақтауды регламенттейтiн, негiзгi шикiзатты, ингредиенттердi, қосалқы материалдарды жұмсау нормаларын және дайын өнiмнiң, жанама өнiмдердiң шығу нормаларын, сондай-ақ өндiрiс кезіндегі шығынның нормаларын белгiлейтiн негiзгi құжат;

14) пластикалық сауыт - полиэтилен, полистирол және өзге де полимерлiк материал негiзіндегі тұтыну ыдысы;

15) сақтау - этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн одан әрі көтерме саудада немесе бөлшек саудада өткізу мақсатында орналастыру (қоймада жинау);

16) сәйкестендіру - өндiрiсі мен айналымы, пайдаланылуы саласында ерекшелiк қасиеттері мен белгiлерi бойынша ұқсас өнімдер арасынан белгiлi бiр өнiмдi бұлжытпай тануды, оның толық сәйкестігін анықтауды қамтамасыз ететiн рәсiм;

17) стационарлық үй-жайлар - сумен жабдықталумен, энергиямен жабдықталумен және кәрізбен қамтамасыз етілген, iргетасы бар және олардың тiреуiш конструкциясына нұқсан келтiрмей орнын өзгерту мүмкiн емес іргелі ғимараттар, құрылыстар немесе олардың бөлiгi;

18) сусыз спирт - құрамында суы жоқ, есептеулерде қолданылатын, шартты ұғым ретінде пайдаланылатын жүз пайыздық спирт немесе абсолютті алкоголь;

19) таңбалау - тұтынушыға ақпарат жеткiзетiн және этикеткалардағы, контрэтикеткалардағы, кольереткалардағы және қаптамалардағы мәтiн, шартты белгi және суреттер;

20) тұтыну ыдысы - тұтынушыға алкоголь өнiмiмен бірге келiп түсетiн, көлiктiк ыдыс функциясын атқармайтын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган пайдалануға рұқсат берген материалдардан жасалған ыдыс;

21) фирмалық мамандандырылған дүкен - сауда залымен жабдықталған, фискальдық жадылы бақылау-кассалық машинамен жарақтандырылған және өзі өндірген алкоголь өнiмiн бөлшек саудада өткізуге арналған стационарлық үй-жай;

22) ілеспе жүкқұжат - этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің қозғалысын бақылауға арналған құжат;

23) этил спиртi - спирт ашымықтарын тазартып айыру немесе дәннен, картоптан, қант қызылшасынан, қант шикiзаты сiрнесiнен және құрамында қанты және крахмалы бар басқа да тағамдық өсiмдiк шикiзатынан өндiрiлетiн этил спиртi шикiзатын тазартып айыру жолымен, шарап материалынан тікелей немесе екі мәрте айдау арқылы айыру жолымен және тамақтық емес шикiзаттан өзге де жолмен алынатын өнiм.

 

2-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңдары



Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңдары осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.

 

3-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу

1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу деп этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленетiн бақылау ұғылады.

2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеудiң мiндеттерi:

1) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн және азаматтардың денсаулығын қорғау;

2) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және оған әкелiнетiн этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң сапасын арттыру үшiн жағдай жасау;

3) аталған өнiмдердiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңдардың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

3. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеуге мыналар кіреді:

1) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрілуi және айналымы жөніндегі қызметтi лицензиялау;

2) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң импортын реттеу;

2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлеу;

4) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында нормалар мен ережелердi белгiлеу;

2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақтарды және айрықша арақтарды өндірушілер үшін өндірістік қуатты пайдаланудың ең төменгі пайызын және өндірістің ең аз көлемдерін белгілеу;

6) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында мемлекеттік есепке алу мен есеп берудi жүзеге асыру, олардың өндiрiлуi мен айналымының өзара байланысты балансын жасау;

7) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiне және айналымына, сондай-ақ сапасына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;

8) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын реттеу мәселелерiне қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету, шет мемлекеттердiң этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы мәселелерiн реттеуге уәкілетті тиісті органдарымен және өзге де халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру.

2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

9) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

4. 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

5. Орталық және жергілiктi атқарушы органдарға уәкiлеттi органмен келiспей этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласын қозғайтын нормативтiк құқықтық және өзге де актiлер қабылдауға және (немесе) іс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.

2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды

6. Акциз ставкаларын қоспағанда, осы Заңда көзделген ерекшеліктер «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттелетін биоотын өндірісіне және айналымына қолданылмайды.

 

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)



3-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) - 5) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды

5-1) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді;

6) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-бап өзгертілді



4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын реттеудi мемлекеттiң атынан Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.

2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде және өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында:

1) өзге де мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларының арасынан консультанттар мен сарапшыларды тартады;

2) 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3) осы Заңның 5-бабына сәйкес алкоголь өнiмiн белгiлi бiр түрге жатқызады;

4) тармақшаға өзгерістерді қараңыз - 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңы (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)



4) этил спиртін өндірудің, алкоголь өнімін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, (шарап материалдарынан және сырадан басқа) - уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

5) этил спиртін және алкоголь өнімін өндірудің паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;

6) этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін әзірлейді және бекітеді;

7) этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

8) этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды

8-1) арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына ең төмен бөлшек сауда бағаларын әзірлейді;

9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды

4. Уәкiлеттi органның қызметi Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн тиiстi ережеге сәйкес реттеледi.

 

5-бап. Алкоголь өнiмiнiң түрлерi



2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Алкоголь өніміне:

1) арақтар және айрықша арақтар;

2) ликер-арақ өнімдері;

3) шарап материалы;

4) шараптар;

5) коньяк;

6) бренди;

7) сыра жатады.

2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Арақтар мен айрықша арақтар арақ-спирт ерiтiндiсiн адсорбентпен арнайы өңдеумен алынған, сосын сүзгiден өткiзiлген ингредиенттер қосылған немесе олар қосылмаған, күштiлiгi отыз сегiз - қырық бес процент, елу процент және елу алты процент алкоголь өнімі болып табылады.

2006.11.12. № 201-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Ликер-арақ өнімдері жемiс-жидек және хош иiстi өсiмдiк шикiзатын өңдеп, оларға қант шырынын, эфир майларын, шарап материалын, жүзiм шараптарын, коньяк, лимон қышқылын және басқа да тағамдық өнiмдердi, сондай-ақ спирт пен суды қоса отырып алынған спиртте ұсталған түрлi шырындардың, морстардың, тұнбалар мен хош иiстi спирттердiң қоспасынан тұратын этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарым проценттен басталатын алкоголь өнімі болып табылады.

Күштi ликер-арақ өнімдері этил спиртінің көлемдік үлесі отыз проценттен басталатын ликер-арақ өнiмдерi болып табылады.

Күштiлiгi төмен ликер-арақ өнімдері этил спиртінің көлемдік үлесі бір жарымнан отыз процентке дейiнгi ликер-арақ өнiмдерi болып табылады.

2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



4. Шарап материалы этил спиртінің көлемдік үлесі жиырма екі жарым процентпен аспайтын, хош иісті және дәмдік қоспаларды қоспай, тағамдық шикізаттан өндірілген этил спиртін және (немесе) дистилляттарды қоспай немесе қосып, жүзімді, жүзім шырынын не жеміс немесе жидек шырынын спиртпен ашыту нәтижесінде алынған, алкоголь өнімі болып табылады, ол шарап ашыту және ликер-арақ өнімін, төте немесе екі мәрте айдап айыру жолымен алынған этил спиртін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылады.

2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



5. Шарап материалдарынан өндірілген, этил спиртінің көлемдік үлесі жиырма екі проценттен аспайтын алкоголь өнімі шарап болып табылады.

6 - 12. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 13-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

13. Коньяк этил спиртінің көлемдік үлесі қырық - қырық бес процент болатын, сәндік және дәмдік ерекшелігі бар, төте немесе екі мәрте айдап айыру жолымен алынған этил спиртінен дайындалған және емен бөшкелерде немесе емен қалақшалары пайдаланыла отырып, эмальданған резервуарларда кемінде үш жыл сақталған алкоголь өнімі болып табылады.

2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 14-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



14. Бренди этил спиртінің көлемдік үлесі отыз жеті жарымнан қырық бес процентке дейін болатын, түпкілікті өнімдегі сусыз этил спиртінің көлемінен елу проценттен аспайтын мөлшердегі шарап материалдарынан алынған, емен сүрегін қатыстырып кемінде алты ай сақталған этил спиртін қосып немесе қоспай шарап дистиллятынан дайындалған алкоголь өнімі болып табылады.

2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



15. Сыра қыздырылған ашытқы сөлiн сыра ашытқысымен қосып ашыту жолымен алынатын көмiртегiнiң қос тотығымен байытылған алкоголь өнімі болып табылады.

16. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

17. 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен алып тасталды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

6-бап. 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



 

ҚР 10.03.04 ж. № 534-11 Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



7-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудiң шарттары

1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге өндiру лицензиясы және паспорты болған жағдайда жол берiледi.

2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Өндiру паспортын өндiрушiнiң өзi жасайды және бекiтедi.



Өндiріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізген кезде өндіруші өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін уәкілетті органға жазбаша түрде өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер немесе толықтырулар туралы ақпарат береді.

3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

4. Алкоголь өнiмiн өндiру үшiн тек тағамдық шикiзаттан өндiрiлген этил спиртi пайдаланылады.

2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



5. Этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндірген кезде:

1) және 2) тармақшаларға өзгерістерді қараңыз - 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңы (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

1) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) спирт өлшейтін аппараттарсыз және (немесе) есептеуші бақылау аспаптарынсыз не өндіру көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есептеуші бақылау аспаптарымен өндіруге;

2) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есептеуші бақылау аспаптарымен өндіруге;

3) 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

6. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн стационарлық өндiрiстiк үй-жайларда және өндiрушiге меншiк құқығымен тиесiлi және тиiстi біліктiлiк талаптарына сай келетiн жабдықтарда өндiруге болады.

7. Екi және одан да көп лицензиатқа этил спиртi мен алкоголь өнiмiн бiр құрал-жабдықпен және бiр стационарлық үй-жайда өндiруге тыйым салынады.

2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Этил спирті мен алкоголь өнімін:

1) лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша және өндіріс паспортында көрсетілген деректерге сәйкес;

2) техникалық регламенттерге және стандарттарға сәйкес өндіруге жол беріледі.

2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

9. 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

10-тармақтың қолданылуы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап 2017 ж. 1 қаңтарға дейiн тоқтатылды

2015 ж. 1 қаңтардан бастап 2016 ж. 1 қаңтарға дейiнгі редакцияны қараңыз

2016 ж. 1 қаңтардан бастап 2017 ж. 1 қаңтарға дейiнгі редакцияны қараңыз



10. Этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақтарды және айрықша арақтарды өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуатының кемінде қырық пайызы, бірақ күнтізбелік тоқсанда кемінде жиырма бес мың декалитр пайдаланылған кезде жол беріледі.

 

8-бап. Алкоголь өнiмiн таңбалау



1. Өндiрiлетін (экспортталатыннан басқа) және импортталатын алкоголь өнімiн таңбалау мемлекеттік тілде және орыс тілінде өнімнің атауы, дайындаушы-лицензиат және оның тұрған жерi туралы ақпаратты, өнiмге арналған стандарттың белгiсiн, ыдыстың сыйымдылығын, этил спиртінiң көлемдiк үлесiнен процент есебiмен күштiлiгiн, қанттың мөлшерiн, лицензияның нөмiрiн қамтуға тиiс.

2. Арақтарды және айрықша арақтарды таңбалау оларды әзiрлеуде пайдаланылған спирттiң сорты туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс.

3. Шараптарды таңбалау құйылған күнiн және оны құюды жүзеге асырған ұйымның атауын қамтуға тиiс.

4. Маркалы шараптарды таңбалау - ұсталу мерзiмi туралы, коллекциялық шараптарда - шарап әзiрленген жүзiмнiң жиналған жылы туралы, шампанда құйылған күнi туралы ақпараттарды қамтуға тиiс.

2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

5. Алкоголь өнiмiнiң барлық түрлерiн таңбалау «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүргiзiлуге тиiс.

 

ҚР 10.03.04 ж. № 534-11 Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9-бап өзгертілді; 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



9-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi айналымының және олардың орын өзгертудің шарттары

1. Этил спирті мен алкоголь өнімін:

1) сәйкестік сертификатынсыз (және белгілерінсіз) және (немесе) сәйкестік туралы декларациясыз;

2) техникалық регламенттердің талаптарына сай келмесе өткізуге тыйым салынады.

2. Мыналарға:



1) қаңылтыр ыдыста (сыра мен күштілігі он екі пайыздан төмен әлсіз градусты ликер-арақ бұйымынан басқа), этикеткасы жоқ шөлмекте және пластикалық сауытта;

2) аралас полимер ыдыста, оның iшiнде полиэтиленмен қапталған картон орамда және картон қорабына салынған, фольгаланған полиэтилен пакетiнде;

3) лас, майысқан, сондай-ақ анық сынық белгiлерi, зақымдалған тығыны бар шөлмекте, сондай-ақ тұтасымен тұнық емес, жат қоспалары, түбiнде тұнбасы бар (коллекциялық шараптардан басқа);

4) есепке алу-бақылау маркасымен таңбалануға жататын болса да есепке алу-бақылау маркасынсыз, сондай-ақ белгісіз бір үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін маркасы бар алкоголь өнімінің айналымына тыйым салынады.

3. Алкоголь өнімін:



1) тиісті лицензиясы болмаса;

2) денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю стансаларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында;

3) осы Заңның 1-бабының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген орындардан тыс жерлерде;



4) лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде;

5) тармақша 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдерде және мөлшерде жыл сайынғы лицензиялық алым төленбесе;



6) тармақша 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

6) есепке алу-бақылау маркаларының қорғау элементтерін айқындайтын және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларынан ақпаратты оқитын аспаптары болмаса, сақтауға және өткізуге тыйым салынады.

4. Бөлшек саудада:



1) алкоголь өнімін жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға;

2) арақтарды және айрықша арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын бөлшек сауда бағаларынан төмен бағамен;

3) мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін:

сағат 23-тен келесі күнгі 8-ге дейін;

этил спиртінің отыз пайыздан асатын көлемдік үлесімен сағат 21-ден келесі күнгі 12-ге дейін өткізуге тыйым салынады.

5. Ілеспе жүкқұжаттары жоқ, сондай-ақ этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидаларын бұза отырып жасалған, этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымына және олардың орнын өзгертуге тыйым салынады.



 

ҚР 10.03.04 ж. № 534-11 Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



10-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң экспорты және импорты

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда



1. Қазақстан Республикасының аумағына этил спиртінің немесе шарап материалының импорты алкоголь өнімін өндіруге лицензия және сыртқы сауда шарты (келісімшарты), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімінің (шарап материалынан басқа) импорты алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы және сыртқы сауда шарты (келісімшарты), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-1. Алкоголь өнімінің импортына осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көрсетілген түрлер және сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес олардың атаулары бойынша жол беріледі.

Қазақстан Республикасына әкелінетін этил спирті мен алкоголь өнімінің сапасы техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкес болуға тиіс.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

1-2. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) этил спирті мен алкоголь өнімінің импорты мен экспортын Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары ғана жүзеге асыруға құқылы.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Этил спиртiнің экспортына этил спиртін өндiруге арналған лицензия болған кезде ғана жол берiледi.

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметті немесе алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы алкоголь өнімінің экспортына құқық береді.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Еркін қоймаларда этил спиртi мен шарап материалын өндіруге және өңдеуге, сондай-ақ алкоголь өнiмiн өндiруге тыйым салынады.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң экспорты мен импорты бойынша уақытша тыйым салулар белгiлеуi мүмкiн.

2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Айналымына осы Заңның 9-бабының 2-тармағында тыйым салынған алкоголь өнімін, сондай-ақ өткізілуіне осы Заңның 9-бабының 1-тармағында тыйым салынған этил спирті мен алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасына импорттауға тыйым салынады.

 

ҚР 10.03.04 ж. № 534-11 Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-бап өзгертілді; 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 11-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)



11-бап. Этил спиртiн сақтау және өткiзу қағидалары

1. Этил спиртiн уәкілетті орған бекітетін қағидаларға сәйкес:

 1) тиісті қызмет түріне лицензиясы болған кезде, сондай-ақ өз қызметін бастағаны туралы хабарлама жасаған, белгіленген тәртіппен бөлінген квота шегiнде дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына;

2) дайындалуына этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндірушілерге;

3) этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольсіз өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға өткізуге жол беріледі.

2. Этил спиртiн өндiруге лицензиясы болған жағдайда ғана өндірушінің қоймалық үй-жайларында этил спиртін сақтау және өткiзу жүзеге асырылады.

3. Қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар дәрiханаларда этил спиртiн өткiзуді қоспағанда, этил спиртін бөлшек саудада өткізуге жол берілмейді.

4. Этил спиртiн сақтау уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

 

ҚР 10.03.04 ж. № 534-11 Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



12-бап. Алкоголь өнiмiн сақтау және өткізу

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1. Өндіруші:

1) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі;

2) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғаларға алкоголь өнімін көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды



1-1. Өндіруші алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізуді фирмалық мамандандырылған дүкендер арқылы жүзеге асыруға құқылы.

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар адамдар алкоголь өнімін тек қана осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғаларға өткізуге құқылы.

3. алынып тасталды

2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4. Екi немесе одан да кеп лицензиаттың алкоголь өнiмдерiн бiр қойма үй-жайында сақтау және көтерме саудамен өткізу жөніндегі қызметiне тыйым салынады.



 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 12-1-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 12-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



12-1-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін тасымалдау шарттары

Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу (босату) және тасымалдау кезінде уәкілетті орган белгілеген тәртіппен ілеспе жүкқұжаттар міндетті түрде ресімделеді.

 

13-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндiрiлуiнiң және айналымының көлемiн декларациялау



1. Этил спиртiн өндiрудi, сақтауды, өткізудi және пайдалануды, алкоголь өнiмдерiн өндiрудi, сақтауды және көтерме саудамен өткізудi жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi органға этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы декларацияларын тапсыруға мiндеттi.

2. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

 

14-бап. 2007 ж. 19 маусымдағы № 264-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара )



 

ҚР 10.03.04 ж. № 534-11 Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)



15-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөніндегі қызметтi лицензиялау

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



1. Қазақстан Республикасының аумағында этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы (экспорттаудан басқа):

1) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге уәкiлеттi орган;

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтауды және көтерме саудада өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге, сондай-ақ алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтауды және бөлшек саудада өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге - облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері беретiн лицензиялардың негiзiнде жүзеге асырылады.

1-1. 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласындағы лицензия, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, иеліктен шығарылмайтын, лицензиаттың оны басқа жеке және заңды тұлғаларға беруіне болмайтын болып табылады.

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензия иеліктен шығарылатын болып табылады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда



3. Лицензия әрбiр қызмет объектiсiне нақты мекенжайы бойынша берiледi.

Лицензия құжаттармен бiрге өтiнiш ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей беріледі.

2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4. Осы тармақтың екінші бөлігінде белгiленген жағдайларды қоспағанда, этил спиртін өндiруге лицензиясы болмай этил спиртiн сақтауға және өткiзуге тыйым салынады.

Алкоголь өнімін өндіруге лицензия өндірушіге:

алкоголь өнімін өндіруге арналған этил спиртін лицензияда көрсетілген алкоголь өнімінің өндірісі орналасқан жердегі қойма үй-жайларда сақтауға;

өзі өндірген алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген өндіріс орналасқан жерде сақтауға және алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғаларға көтерме саудада өткізуге құқық береді.

Алкоголь өнiмiн өндiру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткiзу жөнiндегі, сондай-ақ алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет лицензиялануға жатпайды.

5. алынып тасталды

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6-тармақ жаңа редакцияда

6. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуіне және айналымына байланысты жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.

7. 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді); 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

8. Лицензиар біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қызмет объектiсi орналасқан жер бойынша өзiнiң аумақтық органдарының қызметкерлерiн тартуға құқылы.

 

16-бап. Лицензияларды берудiң шарттары



1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия біліктiлiк деңгейi қызметтiң тиiстi түрi үшiн қойылатын талаптарға сай келетiн субъектiге берiледi.

2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.



 

17-бап. Лицензия беруден бас тартуға шағымдану

1. Егер лицензия осы Заңмен белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе арыз берушiге бас тарту негiзсiз болып көрiнсе, ол осы әрекеттерге бiр ай мерзiм iшiнде сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

2. Сот бас тартудың негiзсiздiгiн не лицензияның белгiленген мерзiмде берiлмеу фактiсiн айқындай отырып, лицензиарды лицензия беруге мiндеттейтiн сот шешiмi заңды күшiне енгеннен бастап лицензиар он күн iшiнде орындауға тиiс шешiм шығарады.



 

ҚР 10.03.04 ж. № 534-11 (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 18-бап өзгертілді

18-бап. 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)

 

2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



19-бап. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру

Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы саласындағы лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

20-бап. 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



 

ҚР 10.03.04 ж. № 534-11 Заңымен 21-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



21-бап. Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнімінiң өндiрiлуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнімi өндiрiсiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.



 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

 

Н. Назарбаев




 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет