Этнопедагогика


Тақырыбы: ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ МІНДЕТІ МЕН МАҚСАТЫ, НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАМЕН БАЙЛАНЫСЫ



бет2/30
Дата11.10.2023
өлшемі295.88 Kb.
#480425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
этнопедагогика

Тақырыбы: ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ МІНДЕТІ МЕН МАҚСАТЫ, НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАМЕН БАЙЛАНЫСЫ

Этнопедагогиканың мақсаты – халықтық салт-дәстүрді, ӛнерді дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу.


Бұл пәннің міндеті халықтық тәрбие түрлерін оқушы жастардың бойына сіңіріп, білім, білік дағдыларын дамыту, сӛйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, нарық жағдайында ӛмір сүруге икемді, жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Ол жан тәрбиесі мен тән тәрбиесін қатар жүргізе отырып, оқушы жастардың қайрат жігерін, ақыл-ойын халықтың ӛнер туындылары негізінде оқытып тәрбиелеу арқылы іске асырылады.


Халқымыздың сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесі халықтық салт-дәстүрлер мен ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделгенімен, оның да ӛзіндік


мақсат-мүдделері, негізгі қағидалары бар. Тәрбиенің негізгі қағидаларының (принциптері) болуы заңды құбылыс.


1 кесте Халық педагогикасының «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Толық адам» тәрбиелеу қағидалары





1

2

3

4

5

6

7

8

Ақылды, арлы, намысқойболуынқарастыру

Еңбек сүйгіш, елгезек етіптәрбиелеу

Тән сұлулығын қарастыру,әсемдіккебаулу

Адамгершілік қасиеттерге(ізгілікке,имандылыққа,қайырымдылыққа,адалдыққа,т.б.)тәрбиелеу

Отансүйгіштікке,ұлтжандылыққа,бүкіладамбаласынсүюгетәрбиелеу

«Жігітке жетпіс ӛнер аз»,Ӛнерӛргесүйрейді»депқарап,ӛнерменбілімдінасихаттау

Табиғатты, қоршағанортаныаялауғатәрбиелеу

Денені шынықтыруғатәрбиелеу
















«































Халық педагогикасының негізгі қағидаларын арнайы сӛз етсек, олар мыналар демекпіз:



  1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, ӛміршең азамат болуын

тілеу.

Жас нәрестенің дүниеге келуі ата-ана, ағайын-туыс, қауым-кӛпшілікке зор қуаныш әкелумен бірге, борыш та жүктей келеді. Дәлірек айтсақ ұрпақты тәрбиелейтін халық мектебінің есігі сәбидің алғаш дүниеге


5
келген күнінен бастап айқара ашылады. Ол белгілі мақсат-тілекпен байланысты туындайды.


Отбасы үлкеңдерінің бәрі жаңа туған жас баланы отанның, елдің асыл азаматы болуын аңсап армандайды, Ӛнегелі үлкендерге ұқсасын деп, дарынды, ӛнерлі, ақылды ақсақалдарға баланың аузына түкіртіп, азан шақыртып, атын қойғызады. «Ақылын, жасын берсін» деп, жаңа туған нәрестені қарияның шапанының етегіне орайды. Ұрпағы ӛскен қадірлі анаға кіндігін кестіреді, бесікке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескізеді. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тілектерінде келешектен күткен үлкен үміт, аңсау арман бар. Тәрбиенің алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмітімен үндесіп жатыр.





  1. Баланы жастайынан еңбексүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу. Ол бесік жырлары мен тұсау кесер жырларынан, бата, тілек, терме ӛлеңдерден ӛзекті орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сіңіру отбасындағы еңбектің қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істермен ұштасқан. Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын-су әзірлеуге, мал ӛнімдерінен тұрмысқа қажетті құрал-жабдық (қамшы, шідер, жүген ӛру, тері илеу, қару-жарақ т.б.) жасауға әзірлеу, қора салу, киіз үйдің ағашын істеу, ұсталық, зергерлік ӛнерге үйрету т.б. кӛзделсе, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, үй сыпыру, шай қою, тӛсек жинау, кесте, ӛрмек тоқу, ас пісіру, бала күту, қонақ күту т.б. үйреткен.




  1. Халық педагогикасында «бірінші байлық – денсаулық» деген ұғым ӛзекті орын алған. «Дені саудың жаны сау», «Ас адамның арқауы», «Ауру астан» деп рухани, материалдық байлықтың негізін жеке бастың, яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтіміне ерекше мән беріп шынықтыру, мерзімінде жақсы ас беріп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрі тән саулығы үшін жасалған әрекеттер.




  1. Халық педагогикасында адамгершілік қасиеттерді баланың бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қағида болып есептелген. «Жаным – арымның садағасы» деп, арды адамгершілік қасиетінің үлгісі санаған.




  1. Гуманизм мен патриотизм – халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі. «Отан от басынан басталады» деп ұққан ата-бабамыз от басының, ананың, рудың, отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға кӛмектесуді, басқа ұлт ӛкілдерін сыйлауды отбасы тәрбиесінің ӛзекті принципі деп бағалаған. «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы – кӛпке ортақ», «Ел үшін еңбек ет, халқын сүйген қор болмайды» деген ӛсиет тәрбиеден ӛзекті орын алған.




  1. Елді, жерді қорғайтын, еңбек ететін азамат болу үшін денені шынықтыру қажет. Халық педагогикасында «шынықсаң шымыр боласың» деп ой қорытқан ата-бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету (аударыс, күрес, теңге алу, қыз қуу т.б.) арқылы дене тәрбиесіне баса кӛңіл бӛлген.

6


  1. Тіршіліктің тұтқасы, ӛмірдің шамшырағы ӛнер мен ғылым деп түсінген халқымыз жастарға «Ӛнерлі ӛлмейді», «Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады», «Білім таусылмас кен, ӛнер ӛлмес мұра» дегенді насихаттап, ертегі, ӛлең-жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгімелер ұсынған.




  1. Адам ӛмірі мәңгі табиғат құшағында ӛтетін болғандықтан, ата-бабамыз ӛз ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке жеткенше табиғи ортаны аялауға тәрбиелеп келген. Ол туралы әлденеше жұмбақ, ӛлең-жыр, ертегі, аңыздар шығарған. Ал бұл қағидалар, сайып келгенде, «сегіз қырлы, бір сырлы», мінезі майда, ары таза, тені сау, ӛнегелі-ӛнерлі, жан-жақты жетілген «толық адам» тәрбиелеуді кӛздеуден туған (1 кесте). «Сегіз қырлы, бір сырлы» азамат тәрбиелеудің ұстанымдары барлық халықта бар, ортақ талап. Мысалы, орыстар ондай адамды «кішкене болса да ӛнегелі, ақылды», «Ақылды да сүйкімді», «Қайырымды жігіт» деп санаса, таулықтар «Нағыз жігіт» деп атайды. Ал чукчылар «Адал ӛмір сүретін азамат» дейді. Ол теңізде жүзгіш, соғыста батыр, ғылымда терең ойлы, билікте әділ, еңбекте шебер, ӛмірде бірлікшіл, сӛзде шешен, атыста мерген, шет жерде отаншыл, бауырмал деген қасиеттер бойында бар азаматтар.

Ӛзбектер қайырымды, ізгі жүректі адамды «иманжүзді, құдайы бар азамат» дейді.


Ал қазақта сегіз қырлы азамат дегендер: еңбек сүйгіш, бауырмал, батыр, ӛнерлі, ӛнегелі, шыншыл, әділ, адал болу дегенді білдіреді.


Нағыз шынайы азамат тәрбиелеудегі бар халықтың талап, тілегінің ұштасып келуі ұрпақ тәрбиелеудегі мақсат бірлігінен туындап отыр.


Енді халықтық тәрбиенің осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай дегенге келейік.





  1. Халық педагогикасында тәрбие ісін баланың жас ерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, «Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала» деген мәтел баланы еркін тәрбиелеудің, кӛмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін мегзейді. Ал бұл ғылыми педагогиканың ынтымақтастық принципімен қабысып жатыр.




  1. Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін (психологиясын) ескере отырып жүргізуді де ескертеді. «Баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің», «Бір биеден ала да туады, құла да туады», «Балаңа үміт арту – әкенің парызы, ақтау – баланың қарызы» деп ой түйіндеген.




  1. Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, ӛскен ортасына, ата-ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының үлгісіне байланысты деп қараған. Ӛскен ортаның тәрбиедегі әсері жӛнінде А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, А.В.Сухомлинский, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой-пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр.

7


  1. Халық педагогикасының тағы бір принципі балаға үлкен талап қоя білуге, оның жеке басын қадірлеуге негізделген. Баланың жіберген қателіктерін үлкендер дер кезінде бақылап, дұрыс жолға салуды мақұлдаған. «Ата балаға сыншы», «Баланың балалығына әкенің даналығы бар», «Ақырып айтқаннан ақылмен айтқан артық» деген мәтелдер осы ойды құптаудан туған. Яғни, тәрбиешінің жылы жүректі болуын, тапқырлық тәсілмен тәрбиелеуін орынды санаған.




  1. Шәкіртті тәрбиелеу, оқыту барысында ақыл-ойын дамыту бүгінгі педагогиканың ең кӛкейкесті мәселелерінің бірі. Дамыта оқытып тәрбиелеу ісі асқақ арманмен байланысты. Осыны құптаған ата-бабамыз «Армансыз ұлан – қанатсыз қыран», «Арманы жоқтың пәрмені жоқ» деп, келешекті қиялдай білетін арманға, ой дербестігіне тәрбиелеуді мақсат еткен.




  1. Халық педагогикасының негізгі принциптерінің бірі – тәрбиенің біртұтастығы. Халқымыз жас ұрпақты ӛмірге Дайындап, «сегіз қырлы, бір сырлы», жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу үшін бар мүмкіндікті сарқа пайдаланған. Кез келген тәрбие құрамына талдау жасасақ, тәрбиенің түрлері (еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік т.б.) іштей сабақтасып жатады. Оны бесік жырынан, бата-тілектер мен терме толғаулардан байқауға болады. Тәрбие ісін кешенді жүргізуді ғылыми педагогикалық еңбектер де қуаттайды.




  1. Тәрбие ісінің туғаннан ӛмір бойы үздіксіз жүргізілуін халық педагогикасы да, ғылыми педагогика да құптайды.




  1. Халық педагогикасы отбасы үлкендерінен бастап, ауыл ақсақалдары, ӛнер иелері түгел қатынасатын ұжымдық тәрбие ісіне негізделген. (2 кесте). Халықтық педагогикада «Кӛп талқысы – тез», «Кӛп қорқытады, терең батырады», «Кӛпке қарсылық – құдайға қарсылық» деп ұжымдық тәрбиені құптаған. Ал ұжымдық тәрбиеге ғылыми педагогика да ерекше мән берген.

2 кесте Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың қағидалар ҥндестігі





1

2

3

4




5

6

7

8

Баланың жасерекшеліктерінескереотырыптәрбиелеу

Баланың жеке бас мінез-құлықерекшеліктерінескереотырыптәрбиелеу

Тәрбиенің ӛскен ортаның(отбасы,ауыл-аймақ)үлгісіненегізделу

Балаға жылы жүректісезімменқарау,ынтымақтастықидеянысақтау




Баланы дамыта үйретіптәрбиелеу,қиялдай,армандайбілугебаулу

Тәрбиенің біртұтастығынсақату,тәрбиеісінкешендітүрдежүргізу

Тәрбие ісінің үздіксізжүргізілуінсақтау

Тәрбие ісін ұжымдықтүрдежүргізугенегіздеу








































8










Қорыта айтсақ, халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелері мен заңдылықтарының қалыптасуына бастау бұлақ болған.

Халық педагогикасы бүгінде ғылыми зерттеулердің тек объектісі ғана емес, сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың, әсіресе отбасындағы тәрбиенің дамуына үлкен әсер ететін ынтымақтастық педагогиканың іргетасы болып табылады.


Сондықтан да халық педагогикасының бүгінгі күнде практикалық та, ғылыми-теориялық та мәнділігі зор екені даусыз.


Қай ғылымның болмасын, тұрақты ғылыми терминдері болатыны сияқты, қазақ этнопедагогикасының да белгілі терминдері бар. Оларға, жалпы алғанда, мыналар жатады: шәкірт, мұғалім, ұстаз, оқыту, тәрбие беру, ӛзін-ӛзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, үлгі-ӛнеге кӛрсету, ақыл-ӛсиет айту, оқыту, әдеттендіру, жаттықтыру, жадыңда сақтату. Тәрбиенің түрлері: дене тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, ақыл-ой тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, әсемдік тәрбиесі, табиғатты аялауға тәрбиелеу, ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұл, қыз тәрбиесі т.б.


Жоғарыда аталған халық педагогикасының негізгі қағидалары мен ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ этнопедагогикасын ғылыми жүйе ретінде қарастырсақ, мынадай схема болып шығады:





  1. Халық педагогикасының мақсаты мен міндеттері – «сегіз қырлы, бір сырлы», жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу.




  1. Мазмұны – ұлттық салт-дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік, дене, денсаулық, еңбек тәрбиелерін беру, мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру.




  1. Әдістері – әңгімелесу, кеңесу, түсіндіру, сендіру, талап ету, кеңес беру, үйрету, кӛрсету, үлгі кӛрсету, ӛтіну, бұйыру, жаттықтыру, бата беру, мадақтау, алғыс айту, жалбарыну, қарғау, сӛгу, кінәлау, айыптау, жазалау т.б.




  1. Түрлері – ойындар, тойлар, еңбек мерекелері, ойын-сауықтар.




  1. Құралдары – санамақ, жаңылтпаш, ӛлең-жыр, тақпақ, ертегі-аңыздар, жұмбақтар, айтыстар, мақал-мәтелдер, шешендік сӛздер, салттар, ырымдар, жол-жоралар, ұлттық ойындар, әңгіме, кештер, айтыстар, сабақтар мен үйірмелер.




  1. Нәтижесі – «сегіз қырлы, бір сырлы», жаны таза, тәні сау адам.




  1. Тәрбиеге себепші күштер – табиғат, еңбек, тұрмыс, салт-дәстүр, ӛнеркәсіптер, дін, ана тілі, ұлттық ойындар.




  1. Тәрбие ортасы – отбасы, ауыл-аймақтар, ру, қауым, тайпа, ұлт, мектеп, медресе.

  2. Тәрбие объектісі – бала.




  1. Халық тәрбиешілері – әке-шешесі, атасы мен әжесі, апа, ағалары, ауыл үлкендері, ӛнер иелері.

Біз бұдан қорытындылайтынымыз, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер де болған дейміз.


9
Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда ақыл-ой тәрбиесі, ӛлең, жыр-дастандарда әсемдік тәрбиесінің негізгі принциптері, ал ертегілер халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған. Демек, халықтық педагогика – тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің ілкі бастауы, халықтың рухани мұрасы. Бұл жердегі еске алатын негізгі жайт: осындай халықтық мұралардың бәрі бірдей кәдеге жарай бермейді, олардың озығымен қатар тозығы да бар.

Ең негізгі мәселе – бұларды бүгінгі күннің талап-тілегімен байланыстыра пайдалана білу болмақ.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет