Этнопедагогика


Ҧлы Тҥрік қағанаты кезіндегі тәлім-тәрбие (VI-IX ғ.ғ. аралығы)



бет5/30
Дата11.10.2023
өлшемі295.88 Kb.
#480425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
этнопедагогика

Ҧлы Тҥрік қағанаты кезіндегі тәлім-тәрбие (VI-IX ғ.ғ. аралығы).

Ұлы Түркі қағанаты орта ғасырларда адамзат ӛркениетінің қалыптасуына аса зор үлес қосқан, сол дәуірлердегі дамыған мемлекет болған. Қағанаттың пайда болуы бір-бірінен ыдырап, бӛлшектеніп кеткен дала халықтарының, тайпалардың бастарын қосты, тұрақты мәдениеті мен ғылымы дамыған бүгінгі түркі тектес халықтарға ортақ мәдениеттің қалыптасуы мен жасалуына, сонымен қатар әлемдегі аса қуатты, саяси империяның қалыптасуына ықпалын тигізді.


Қағанат сол кездегі ӛркениетті Византия, Араб Халифаты және Қытай империяларымен дипломатиялық қарым-қатынас жасап отырды. Ұлы Түркі қағанаты бүгінде Түркия, Қазақстан, Ӛзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресейдегі – Татарстан, Башқұртстан, Якутия (Саха), Чувашия т.б., Қытайдағы Шығыс Түркістан (Шынжаң Ӛлкесі), Еуропадағы Венгрия, басқа да Шығыс Еуропа территориясын мекендеген халықтардың бастарын қосып, шығысында Алтай таулары, батысында Карпат таулары, солтүстігінде Сібір жондары, ал оңтүстігінде бүгінгі Қытай қамалына (Темір қақпа) дейінгі орасан зор территорияны иеленген.


Кӛне мұралардың ішіндегі бізге кеңірек мәлім болғандары Орхон-Енисей бойынан табылған, тасқа қашап жазылған VI-VIII ғ.ғ. ескерткіштер: түркі кӛсемі Білге қаған, Күлтегін батыр мен ақылгӛй Тоныкӛк құрметіне қойылған құлпытастар. Оларда ұлы Түркі қағанаты халықтарының тұрмысы мен салты, мәдениеті мен жауынгерлік жортуылдары айшықты да мәнерлі тілмен ӛсиет сӛз үлгісінде баяндалады. Бұларда қазіргі қазақтардың сӛз саптау үлгісіне жақын шешендік ӛнердің дәстүрлі формалары айқын байқалады. Орта ғасырлық түркі тілді әдебиеттің тандаулы туындыларынан да ұшыраспайтын бұл жазуларда тәңірінің «Жарлығымен» болатын бектер мен қара халықтың қағанға адал берілгендігі, қағандардың қараларды билеп-тӛстеуі жайында сӛз қозғалады. Мәселен, «Егер сен, түркі халқы, ӛз қағаныңнан, ӛз бектеріңнен, ӛз отаныңнан жырақ кетпей, бірге жүрсең, сен ӛзің де бақытты ӛмір сүресің, ӛзіңнің отбасыңда болсаң, ешнәрседен мұқтаждық кӛрмейсің...» деп, бек пен қара халықты бірлікке шақырады. Түркі халқына қамқорлық жасау келесі де тас жазулардың ӛзекті арқауы («Ер жүрек халық, күшті халық», «Бізге жеңіс әперген жер-суымыз (Отанымыз) деп білу керек» т.б.


Тәлімдік тұрғыдан, «құлақ қойып тыңдаңыздар, тереңнен ойланып, толғаныңыздар. Ӛлімнен ұят күшті... Адам ұлының бӛрі де ӛлмес үшін туады... Менің ағам мені адам етті» дейтін жолдар кӛңіл аударарлықтай.


Ежелгі түркілердің ауызекі поэзия дәстүрі бізге IX ғасырда ғұмыр кешкен әнші, әрі сазгер небір тамаша күй шығарған Қорқыт атаның есімін жеткізді. Ол адамзат ӛмірінің соншалықты қысқалығына наразы болып, пенде атаулыны ажал құрығынан құтқармақ болды. Қорқыт ӛзінің жанын


16
жегідей жеген ой-сезімдерін – қазалы жанның үрейін, ӛлімнен қашып құтылудың амалын қобыздың азалы күйімен, поэзиялық кӛркем тілмен баяндайды. Ол эпос үлгісіндегі поэзиялық мұра ретінде біздің дәуірлерімізге жетті. Онда Сыр бойын мекендеген кӛшпелі тайпалардың тұрмысы мен әдет-ғұрпын, діни наным-сенімдерін бейнелейтін мәліметтер кӛптеп кездеседі. Олар тәлімдік жағынан да аса қызықты дерек болып табылады. Мәселен, «Анадан ӛнеге кӛрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман... Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді... Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ... қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық. Әйелдің тӛрт түрі болады: оның бірі ниеті қара әйел, екіншісі – нысапсыз әйел, үшіншісі – үйдің құты болған әйел, тӛртіншісі – кесірлі әйел...» деп келетін Қорқыттың нақыл сӛздері ӛз мәнін күні бүгінге дейін жоймай келеді.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет