Әуежайдың оқу-жаттығу полигонына техникалық талаптар



Дата03.07.2016
өлшемі31.5 Kb.




Қазақстан Республикасы

әуежайларында ұшуды

авариялық–құтқарумен

қамтамасыз ету

Ережелеріне

7 - қосымша



Әуежайдың оқу-жаттығу полигонына техникалық талаптар

1. Оқу-жаттығу полигоны кәсіпорынның өрт құтқару жасақтары және АҚТ жеке құрамын дайындау және оқыту үшін арналған.

2. Полигон құрамы.

Полигонда келесі нысандар орналасуы тиіс:

Ұшақ - тренажер, төгілген авиотын өртін сөндіру үшін алаңша, қозғалтқыштағы өртті сөндіру үшін алаңша, шасси өртін сөндіру үшін алаңша, ағып жатқан авиаотынды сөндіру үшін алаңша, элементы конструкции фюзеляжа құрылмасының элементтері, кедергі жолақтары.

Полигонның барлық нысандарын бір алаңға орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, оларды бөлек жерлерге орналастыруға рұқсат етіледі.

3. Полигон нысандарының сипаттамасы

3.1. Ұшақ - тренажер пайдаланудан шығарылып қалған ұшаққа жабдықталады және келесі жаттығулар жүргізу үшін арналады:

ӘК бортына өтіп кету әдістеріне жаттығу, салон ішіндегі өрт модельдерін сөндіру, ӘК салондарынан манекендерді көшіру, багаж-жүк бөлігіне өтіп кету, багаж-жүк бөлігіндегі өртті сөндіру (өрт сөндіру құрамдарын беру), «жанып жатқан» бөліктегі жүкті ағыту. Салондағы, салон ішіндегі (төбе, борт, еден) өртті сөндіру жаттығуларын бірнеше дүркін жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында, өрт ошағы орналасқан аумақты жанбайтын материалмен тігу (қаңылтыр, асбест т.б.). Салондағы өрт ошағы 1х1 м. көлемдегі металл ыдысқа салынған жанғыш заттар (шүберек, ағаш сүрегі, сәндік-өнлеу материалдары және т.б.) болып табылады.

Ұшақ – тренажерді түтін камерасы ретінде қолдануға болады.

3.2. Төгілген авиаотын өртін сөндіру жаттығуларын өткізуге арналған алаңшаның ауданы 200-300 шаршы метрдей болады. Алаңша ауданы 50 шаршы метр және 100-150 шаршы метр телімдерге бөлінген.

Кіші алаңшаларда қол стволдарымен, үлкендерінде – лафетті стволдар және УТПС арқылы сөндіру жаттығулары жүргізіледі. Алаңша биіктігі 20-25 см. жақтаушалары бар, цемент және бетон материалдарды негіздерге салынады.

3.3. Қозғалтқыштағы өртті сөндіру жаттығуларын жүргізуге арналған алаңша. Алаңшаның ауданы 2х4 м болады, биіктігі 15-20 см. жақтаушалары мен топырақтан жасалады. Алаңшада тірек орнатылған, оның үстіне ( 3,0-3,5 м. биіктікте) мотогондолға есептен шыққан қозғалтқыш (немесе қозғалтқыштың макеті) қондырылған.

Мотогондолға авиаотын сіңірілген жанғыш материал (мысалы шүберек) салынған ыдыс орнатылады.

3.4. Шассидегі өртті сөндіру жаттығуларына арналған алаңшаның көлемі 2х4 м. болады. Ол биіктігі 10-15см. жақтауы бар цемент-бетон материалдарынан дайындалады, орта бөлігінде ойысы болады, алаңшаның орта тұсында есептен шыққан ұшақ шассиінің негізгі тірегі орнатылады. Жаттығу жүргізу кезінде алаңшаға авиаотынның азғантай мөлшері құйылады да, жандырылады.

3.5. Ағып жатқан авиаотынды сөндіру жаттығуларына арналған алаңшаның көлемі 2x3 м, бетоннан жасалған, жақтауларының биіктігі 10-15 см. Алаңшадан 6-7 метр қашықтықта биіктігі 1,5-2,0 метр авиаотынға арналған ыдыс (10) орнатылған, 0,8-1,0 м биіктікте ыдыстан тежегіш шүмегі(12) бар құбыр (11) тартылған. Құбыр алаңшаның ортасына тұсына келген жерде саңалау тәрізді кесікпен аяқталды..

Алаңша ағып жатқан авиаотын немесе басқа майларды жылжымалы от сөндіргіштермен сөндіру жаттығуларына арналған.

3.6. Фюзеляж құрылмасының элементтері өрт-техникалық жарақтармен жаттығу үшін қолданылады. (стволы-пробойники, механизированные пилы, пожарные топоры).



Ұшақ-жаттықтырғышаймағында ауданы 3-4 м2алаңдар немесе поддондар (8 және 9) орналасқан, олардың жануы құтқарушылардың өрт ошақтары қалған ұшақта жұмыс шарттарын еліктейді.
Каталог: images -> npa
npa -> Автомобиль көлiгiмен қауіптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi кейбiр мәселелер туралы
npa -> Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы
npa -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі №1006 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi
npa -> «Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты
npa -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
npa -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшін жойған тізбесі кейбір шешімдеріне
npa -> "Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргiзу қағидасын, механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мiндеттi техникалық байқаудан өткiзудiң кезеңдiлiгiн
npa -> Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік
npa -> Справка к Коллегии Министерства транспорта и коммуникаций рк об итогах работы в 2013 г и планах работы на 2014 г
npa -> Көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған салалық бағдарламаны мониторингілеу бойынша жедел есеп


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет