Әуезов, м қалаулылар көп, таңдаулылар аз [Текст] / М. Әуезов // Қазақ әдебиеті. 2009. 28 тамыз 3 қыркүйек (№37).



Дата25.02.2016
өлшемі127.54 Kb.
Әуезов, М.

... қалаулылар көп, таңдаулылар аз [Текст] / М. Әуезов // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 28 тамыз - 3 қыркүйек (№37). - (Ишанбай Қарақұлов - 100)
«Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін» деген қазақтың аталы сөзі бар. Әрине, Ишанбай аға туралы естелік жазғанда бір-біріне жақын болған, бірақ өмірден озған адамдар туралы әңгіме қозғауға тура келеді. Менің әкем Мұхтар Омарханұлы қайтыс болғаннан кейін Ишанбай аға сау-саламат қалпында көп жыл өмір сүрді, онымен сан қайтара кездескен сайын, асырып айтқаным емес, әр жолы әкелік мейірімін, қамқорлығын көріп жүрдім.

Балалық шағым есіме түседі. 1956 жыл. Ыстықкөл. Қойсары курорты. Әкем Мұхтар Омарханұлы демалысқа екі ұлын - мені және Ернарды апарды. Біз онда екі маусым, бір айға жуық уақыт болдық. Әкеме достары – қырғыз жазушылары келетін. Ыстықкөлдің бойымен ауық-ауық автосеруендер жасайтын едік, көп адамдармен жүрдік. Солардың ішінде қырғыздың ұлы «манасшысы» Саяқбай Қаралаев та бар. Осындай күндердің бірінде бізге келген бір адамды әкем: «жақын досым» деп таныстырды. Ол кісінің аты - Ишанбай еді. Біз «Ишанбай аға» деп кеттік. Онын Ернар екеумізге үйреткен сабағы есімде қалды.


Біз онда балғын бозбала едік, ғажайып Ыстықкөлде суда жүзуді жаңа үйреніп жүрген кезіміз. Сол кезде бізге судың астында қалай массаж жасауды, қолды қалай ұстау керек екенін көрсетті. Ишанбай ағаның сол ұстаздық тәлімі күні бүгінге дейін есімде қалып қойыпты. Менің жасым қазір 67-ге қарады, су айдындарды, өзендер мен көлдерді өте жақсы көремін, әр жолы су астында осындай массаж жасағанымда Ишанбай ағаны ризашылықпен есіме аламын. Сонда оның риясыз күлкісі, жарқын да жайдары мінезі, ақжарқын келбеті көз алдыма келеді.

Әңгіме жаратылысынан аса дарынды болып туған адам туралы қозғалып отыр. Жиырмасыншы ғасыр қазақ халқы, қазақ интеллигенциясы үшін оңай болған жоқ. Салт-дәстүрлердің, тектік сабақтастықтың тамырына балта шабылды. Сондықтан әулеттік шежірені анықтау әр адамның қолынан келе бермейді. Бірақ қайсыбір ағаштың мәуесіне, немесе тіпті бұтағына қарап-ақ оның қаншалықты мықты, тамырын тереңге жайған дарақ екенін аңғарасың. Ишанбай ағаның да текті тұқымнан екеніне күмән жоқ, әйтпесе оның өмір жолы соншалықты жарқын да баянды болмас еді.

Қазақстанда ұжымдастыру науқаны жүріп, ашаршылық орнаған, одан бұрын да, кейін де жаппай қуғын-сүргін өршіген кезде, Ишанбай аға 12-13 жастағы бала екен, содан кейін соғыс басталады, одан өзге қиындықтар шаш-етектен. Алаш жері жиырмасыншы ғасырда орасан көп қасірет шекті. Қазақстанның аумағынан амалсыз ауып-көшу, көпе-көрінеу жүдеп-жадаған, қатары сиреп бара жатқан халықтың көрген азабы мен тауқыметі шексіз еді. Ишанбай ағаның балалық шағы туралы Евней Букетов «Түйенің қомында туған адам» деген кітабында тамаша жазған. Міне, осындай неше түрлі зобалаңды бастан кешкен сайын дала перзенті - ірі ағартушы, көрнекті ғалым, қоғам қайраткері дәрежесіне дейін көтерілді. Осы лауазымдарының бәрінде де ол өзін-өзі толықтай таныта білді.

Осыған орай ұлы Абайдың ғибраты мен іс-әрекетінің аса қуатты ықпалымен жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде қалыптасқан рухани ахуал туралы бірнеше сөз айтқым келеді. Қазір біз тарихтың осы парағын зерделеудеміз, сол арқылы Абайдың негіз қалаушы, тіпті керек десеңіз, дала халқының сапалы интеллигенциясының келесі ұрпағы үшін заманынан бірнеше ғасыр озық туған дара тұлғасы болғанын түсінеміз. Әрине, Абайдың әндері, философиялық қара сөздері мен өлеңдері ұлттың ұлт болып қалыптасуына тікелей әсер етті. Абай өзінің рулас, аталас адамдары-ның, жалпы қазақ халқының сана-сезіміне өзінің аса жоғары қабілеті арқылы ықпал ете білді. Қазақ халқының пешенесіне жазылған жиырмасыншы ғасырдағы үлкен тарихи сынақтардың қарсаңында осындай тұлғаның өмірге келуі заңды құбылыс еді. Ғылымға, ағартушылыққа ұмтылған, өзінің аталас ағайындарына қамқорлық көрсеткен, жас ұрпаққа, өз халқының болашағына жіті назар аударған міне, сол Абай шығармашылығының осындай сопылық сапасының арқасында ұлан-байтақ далаға тараған дәстүрлерді қалыптастыра білді, соның көмегімен ол қалың көпшіліктің жандүниесі мен сана-сезіміне жол тапты. Абайдың арқасында дала халқы алапат күйзелістерге шыдамдылықпен төтеп берді.

Қазақстанның шартарабынан лайықты адамдар жалпыұлттық деңгейге көтерілді. Солардың көпшілігі меценаттар ашқан мектептердің түлектері еді. Мәселен, Торғай мектебі немесе Жетісудағы Маман Тұрысбековтың «Мамания» мектебі, Баянауыл мектебі және т.с.с. Абайдың үндеуін қабылдаған дала өз адамдарын білімге, ағартушылыққа баулып, олар өз жеріне, өз халқына қызмет етті. Осы заманда қаншама тамаша адамдар пайда болды. Әрине, олар кітаптар жазып, керемет әндер шығарды. Осы әндердің көпшілігі қыруар адамдардың сана-сезімін оятып, рухтарын көтерді. Сондықтан, менің ойымша, Ишанбай аға балалық, жасөспірімдік шағын қайда өткізсе де, ол осы жалпыұлттық қазақ рухының ықпалында болды. Ғасырлар бойы қалыптасқан ата дәстурі бойына дарыған ол осы қасиеттерді бүкіл ғұмырында сақтай білді.

Соның арқасында Ишанбай ағаның өмірбаяны да тамаша болды, ол 27 жасында Қазақстанның денсаулық сақтау халық комиссариатының төрағасы қызметіне тағайындалды. Ол көптеген мөдени және қоғамдық бастамаларға белсене қатысты. Ишанбай аға медицина аталатын күрделі ғылыми жөне практикалық саланы ойдағыдай меңгерді. Қандай қызметте де оның биіктен көріне білгенін тағы да атап көрсеткім келеді. Ұлы Отан Соғысы басталғанға дейін ол КСРО мемлекеттік шекараларының санитарлық қорғау басқармасының бастығы болды. Соғыс кезінде Ишанбай аға немістердің Сталинград шайқасында бактерологиялық қорғауды пайдалану мүмкіндігіне байланысты әскери командованиенің арнайы тапсырмасын орындады. КСРО Қарулы күштерінің Ғылыми-зерттеу институты басшыларының бірі ретінде ол Жеңіс парадын мерекелеу үшін Қызыл Алаңның мінбесіне шақырылды. Оның ғылым жолындағы жетістігі де ойдағыдай болды: алдымен ғылым кандидаты, содан соң ғылым докторы, КСРО және Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, БҰҰ жанындағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшысы. Өз халқының тарихындағы ең қатал күйзелістерді бастан кешіріп, рухани жұмылғыштық ахуалында қалыптасқан адамдар, мен 30-шы жылдардағы алапат ашаршылықты, қуғын-сүргінді, соғыс пен ядролық сынақтарды және Арал теңізінің тартылуына байланысты экологиялық, апаттарды меңзеп отырмын, біздің халқымызды өміршең тұтастық қалпында сақтап қалды. Осындай аласапыран кезеңдерде халықтың рухы ақиқат болмысқа айналды да құтқарушылық миссияны жүзеге асыратын адамдар іріктелді. Солардың қатарында қалаулылар көп еді, бірақ еншілеріне ең ауыр салмақтар, үлкен жауапкершілік түскен таңдаулылар да болды, өйткені олар бойларына ерекше жеке қасиеттер дарыған жандар еді. Осындай адамдардың тағы бір ерекшелігі - көпшілігі қайта өрлеу рухын жаңғыртты. Нақты бір мамандықты өте жоғары деңгейде меңгере білді. Мәселен, Мұхаметжан Тынышбаев - темір жол қүрылысшысы немесе Петербургте орман шаруашылығы академиясын бітірген, өз мамандығының хас шебері - Әлихан Бөкейханов. Олар сонымен қатар тарихпен, философиямен, саясатпен кәсіби деңгейде айналысты, көп қырлы тұлғалар.

Қазақта «сегіз қырлы, бір сырлы» деген тамаша сөз бар. Ишанбай аға тек қалаулы ғана емес, осындай таңдаулы адамдардың бірі. Медицинамен қатар, гуманитарлық салада да шоқтығы биік тұлға. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сияқты Ишанбай аға нақ осы тұрғыдан Мұхтар Әуезовтің жандүниесі мен дүниетанымына жақын жандар болды. Сондықтан да олар бір-бірімен оңай тіл табысты. Айталық, Сәтбаев әрі геолог, сонымен қатар қазақтың «Едіге батыр» эпосын жарыққа шығарушы. Көп әндерді жазып алып, Александр Затаевичтің игі еңбегіне баға жетпес көмек көрсетті. Міне, осы қайта өрлеуді жаңғыртқан жеке іс-әрекеттер, бойларындағы ортақ көп қыр-лылық, бірін-бірі өте жақсы түсінулері, тоталитарлық режимнің құрсауындағы ұлттық рухтың отаршылдық пен езгіге түскен ең ауыр кезеңдерінде туған топыраққа қызмет етуге көмектесті.

Ишанбай ағаның өмір жолына зер салып көрелікші - міне, ол денсаулықты қорғаумен айналысып, Қазақстан аумағында орын алған эпидемиялардың ең ауыр да қауіпті түрлерін анық-тады. Ол сондай-ақ бруцелез кеселінің де маманы, яғни ауыл шарушылығымен тығыз байланыстағы білімді де меңгерген жан. Ол сонымен қатар Латын әліпбиіне ауысу жөніндегі комиссияның мүшесі, студенттік қозғалыстарды басқарды. Немесе, мәселен, Үндістанға ерекше қызығушылығы. Қазақстанда үнді мәдениетінің біздің мәдениетімізге етене жақындығын және Үндістанның тәуелсіз Қазақстанның геосаяси әріптесі ретіндегі айырықша маңыздылығын енді-енді ғана түсіне бастаған еді. Өз кезінде «Алашорданың» көреген қайраткерлері өздерінің назарларын Жапонияға салды және Азияны ағылшын, француз, неміс әскери күштерінің өктемдік жүргізу жағдайларындағы дағдарысты ахуалдан шығару үшін жапон тәжірибесін игеруге ұмтылды. Өз халқы үшін жол іздеген осы қазақ Жігіттері - мен оларды бас әріппен атап отырмын, - бір жолы Қытай сияқты мықты да қуатты, қызықты елдің біздің болашағымыз үшін белгілі бір қауіп төндіруі мүмкін екенін білді. Олар, сондай-ақ, Қытайдың ашқарақтығын әйтеуір тежей алатын Еуразиялық кеңістіктегі жалғыз-ақ күш, әрине, Үндістан сияқты қуатты ел екенін де сезді.

Ишанбай аға «Үнділік достардың арасында» аталатын кітап шығарды. Кітапқа алғысөзді Мұхтар Әуезов жазды, онда автордың Үндістанның еркіндікке қарай қозғалыс тәжірибесімен қызыға танысқаны туралы дәл тауып айтылған сөздер бар. Өте маңызды, тірек сөздер.

Екеуінің жас айырмашылығы бір мүшел - 12 жас еді, бірақ тарихи заманның қиын-қыстау уақыттарының толқындарында майданның қайсыбір шебі пайда болады да, сол таңдаулы адамдар иықтіресе қайрат көрсетеді, мұндай кездерде жас айырмашылығы аса байқала бермейді. Бірақ бірін-бірі сезіне білетін ішкі түйсіктің маңызы орасан зор. Яғни, осы адамдардың барлығы үшін ең бастысы бір істе ынтымақтас болуға ұмтылу. Мұхтар Омарханұлы кезінде Қазақстан-Үндістан достық, қоғамының төрағасы болды, ал ол қайтыс болғаннан кейін бүгінгі Үндістанды ғана емес, сонымен қатар, осы елдің Ұлы Моголдар немесе Дели Сүлтанаты замандарынан бергі тарихын жақсы білетін адамның төрағалыққа сайлануы, әрине, заңды еді. Ишанбай аға медик болумен қатар, көріп отырсыздар, осы елді дүниетанымдық түрғыдан терең зерделеген. Үндістанның тарихы мен болмыстарын жете зерттеген ол тамаша кітап жазды. Жазу өнері өз ісінің кәсіби маманы, біздің руханилығымызды іздестірудің сол замандағы жабық, стратегиялық бағыттары бойынша айқын бағдарлана білген қоғам қайраткері Ишанбай ағаның тағы бір қыры. Тоталитарлық режим әрқашан уақыт, кеңістік бойынша мынаны біл, бірақ мынаны білуге болмайды деген шектеу қойып отырды. Сондықтан, Үндістанға ұмтылу - өте салмақты, бейресми және дүниетанымдық түрғыдан маңызы зор әрекет, мұның сыртында үлкен де биік азаматтық сана-сезім мен біздің халқымыздың тарихи жолдарын стратегиялық түйсіну қабілеті тұр. Бұл Ишанбай ағаның екінші қыры. Үшінші қыры -жас ұрпаққа деген ықыласы.

Мәскеуден оқудан келген кезіміз дәл қазіргідей есімде қалыпты. Ұлттық мәдениетке, ең алдымен жалпы халықтың тағдырына бей-жай қарамайтын өз тобымыз болды. Ишанбай аға бір жолы бізді үйіне шақырды. Шайға отырғанымызда, арамызда тамаша күйші-домбырашы Шәміл Әбілтаев та бар екен. Жетпісінші жылдарда біздің жас интеллигенциямыздың үлкен құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленген Ишанбай аға аса дарынды жас жігітке ерекше ілтипат көрсетті. Оның шынайылығы, көп қырлылығы әдебиет пен музыкамен айналысатын адамдарды езіне тартатын еді. Жас дарындардың бірі Шәміл Әбілтаевтың шығармашылық қалыптасуына байланысты Ишанбай ағаның көрсеткен әкелік қамқорлығы біз үшін көрнекі сабақ болды. Әр ғасырда, әр онжылдықтарда, бәлкім, өр жылдарда, қиын-қыстау жағдайларда біздің топырағымыз ерекше дарынды адамдарды дүниеге келтіріп отырады. Біздің санымыз аз болғандықтан, аса қиын сынақтармен байланысты мәселелерді ортақтасып шешуге қабілетті түлғалар ретінде қалыптасу әрқайсымыздың борышымыз болып табылады.

Осы түста Ишанбай ағаның тағы бір қыры көрінеді - педагогтың қыры.

Меніңше, ол — профессор Ишанбай ағаның еңбек сіңірген лайықты атағы, себебі ол медицина кадрларын даярлау мен оқытуға қыруар үлес қосты. Сонымен қатар, ол ұлттық өзіндік қалыптасудың профессоры болды. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...» - деп күңіренген Абай, өз халқының бодандық жағдайына, жүдеу тұрмысына налып, ащы сөздермен қазақтың намысын қайраса, ал Ишанбай аға өткір әзіл-қалжыңды қолданады. Әрбір жағымсыз жағдайды күлкіге айналдыра білді. Егер Ишанбай аға сияқты адамдар болмаса, онда біз тағдырдың тәлкегімен үнжырғасы түскен, жігерсіз ұлтқа айналар едік. Меніңше, қабағы қатулы, түнерген адамның бойында еркіндік сезімі тарылады, намысы мұқалады. Еркіндік дегеніміз табиғаты бойынша құстың қанатындай қалықтайтын жеп-жеңіл ұғым.

Бір әдемі әзілмен немесе жұп-жұмыр бірқақпайлармен ауыр күйді сейілтетін өткір сөз - ұлттың өзін-өзі сақтауының тамаша қаруы. Ишанбай ағадан асатын әзіл-қалжынға шебер адамды өз басым көрген емеспін. Тауып айтылған сөз керек десеңіз, ойлаудың құтқарушы тосындығы. Ишанбай аға осындай сөздердің хас шебері еді.

Осылардың барлығы Ишанбай ағаның жеке қасиеттері, ал оның ұлы да лайықты азамат.

Мектеп қабырғасынан бастап Ишанбай ағаның ұлы Болатпен дос болдым.

Оқушы кезімізде біздер нағыз кәнігі бұзақылар басқаратын, «бандалар» деп аталатын түрлі топтарға қосылатын едік, мұндай топтар қаланың әр ауданы бойынша жасақталатын. Құрамында ересек балалар бар осындай «бандалар» ұдайы өзара тәжікелесіп жүретін. Бір жолы мен аса қиын жағдайға тап болдым, сонда мені сөздің тура мағынасында Болат досым құтқарып қалды. Бір күні мен жалғыз келе жатқанымда, мені көп адам қоршап алып, қараңғы подъезге апарды, сірә менен өш алмақ болса керек. Менің де қаруым бар еді, бұл іс мен үшін де, олар үшін де насырға шауып кетуі әбден мүмкін болатын, әрине...

Мәселе ушығып кете жаздады. Дәл осы кезде подъезге оқша атылып, жетіп келген Болат барлығын тоқтатты. Ол да жасөспірім бозбала еді, бірақ гимнастикамен айналысқандықтан күшті де шымыр болатын, сондықтан барлығы оны тыңдайтын. Содан кейін біраз уақыт кездеспей жүрген біздер Мәскеуде қайта ұшырастық. Ол консерваторияда, мен Мәскеу университетінде оқитын едік. Екеуміз достасып кеттік.

Сірә, мен баяғы қиын жағдайдан арашалап қалғаны үшін ризашылық білдірсем керек. Сол достығымыз ондаған жылдарға созылып, күні бүгінге дейін жалғасып келеді. Бұл жай ғана достық емес. Оның тамаша зайыбы, аса көрнекті ақын Әбділда Тәжібаевтың қызы Зифаны жақсы білемін, олар сондай жарасымды да тату-тәтті отбасы, ұлағатты ата-ана. Ишанбай ағаның ұлы Болат - ғылым докторы, профессор. Ол музыкалық симметрология проблемаларын зерттейтін аса сирек мамандардың бірі. Мұндай мамандар әлемде саусақпен санарлықтай ғана. Олар бір-бірін жақсы біледі, өзара қатынас жасап тұрады. Осы тұста түріктер туралы айтқан орта ғасырдағы араб тарихшысының сөздері ойыма оралады, «түрік дегеніміз інжу-маржанға ұқсас асыл қазына», өз елінде бағасын жете білмесе де, сырттағылар оны қатты құрметтейді, қадірлейді. Міне, Болаттың жағдайы осындай. Ол айналысатын сала аса терең философия, математика, логика. Әрі ол қазақ музыкасын тамаша меңгерген ғалым. Қазақтың дәстүрлі музыкасын жанымен жақсы көреді.

Екі дос 1977 жылы Ақтөбе облысының Ойыл мекеніне бардық. Ойыл - Ишанбай ағаның дүниеге келген жері, атажұрты.

Біз экспедицияға жиналып жатқанымызда, Ишанбай аға достарының бірімен телефонмен хабарласып, жас саяхатшыларға көмек көрсетуді сұрады. Меніңше, ол бізге - романтиктер ғой, мейлі өздері білсін, - деп мысқылмен қараған сияқты. Қаланың жігіттері даланы көргілері, музыка тыңдағылары келеді... Ал Болат сол кездердегі жақсы магнитофонын алды да, біз қазақтың халық музыкасының «жауһарларын» іздеуге аттандық. Біздің жолымыз болды, әсіресе бұрын ешкім жүрмеген жерлермен сапар шектік. Ол ядролық сынақтар жүргізіліп жатқан Капустин Ярдың маңындағы Батыс Қазақстан өлкесі. Біз одан бейхабар едік. Бір кездері хан сарайы орналасқан тамаша қала, қазір тұрғындары сиреген Ордада, Жәнібекте болдық... Батыс Қазақстанның аса көрнекті күйші домбырашыларымен, сазгерлерімен даңқы жайылғанын білетін біздер, сондай да-рынды музыканттың қайда тұратынын сұрастыра жүріп, ел араладық. Еңбегіміз зая кетпеді, біз тамаша халық домбырашылары Сабыр Мұқатовты, Есіл Қазиевті, Өтеген Жұмалиевті және тағы да басқа бірнеше адамды кездестіріп, солардың орындаған күйлерін таспаға жазып алдық. Содан кейін Орал облысынан Ақтөбе облысына бардық.

Керемет Ойыл өзенінің жағасына киіз үй тігіліпті, соған бір жұмбақ адам келді. Жалпы, бұл өте қасиетті топырақ. Ойыл жері ғажайып өнерлі адамды сақтапты, ол осы киіз үйдің ішінде, сол кездерде тиым салынған қазақтың батырлар жыры - «Қарасай Қазиді» орындады.

Ескі наным бойынша осы жырды ұзақ орындау табиғаттың тылсым қүбылыстарын шақыруы мүмкін екеніне қарамастан ол ұзақ жырлады. Жыраудың жырын таспаға жазып отырған Болат, ауық-ауық магнитофондағы таспаларды ауыстырды. Сол екі арада тосын оқиға болды. Жыршы жырлап отырғанда, кенеттен күшті дауыл соқты. Шайқалып кеткен киіз үйді құйын аспанға көтеріп әкететіндей.

Тыңдаушылар киіз үйді ұстап қалу үшін бау-басқұрларға, керегелерге жармасты. Ал әлгі адам жырын тоқтатқан жоқ.

Миығынан күліп отырған сияқты. Зәресі кеткен тыңдаушылардың өтініші бойынша жырын доғарғанда, далаға шыққан біз дауылдың жұрнағын да көрмедік. Осы күнге дейін мен бүл құбылыс жырдың әсері болса керек деп ойлаймын. Бірақ оны кесіп айту қиын. Киіз үйдің ішінде көп адам болды, басқаларын былай қойғанда, Болат екеуміз мұны растай аламыз...

Содан кейін біз үйге қайттьқ. Болат жазып алғандарын ұзақ өңдеді. Ол кездегі технологиялар күрделі болатын. Жазып алғандарын Затаевич сияқты нотаға түсірді. Тамаша музыкатану кітабын шығарды. Әрі ол әлемдік деңгейде музыка теориясы бойынша еңбек етеді, ал жаны ұлттық қазақ мәдениетімен егіз, әрине бұл Ишанбай ағадан ұлына тікелей дарыған қасиет. Болат пен Зифаның отбасында Әмір мен Манас есімді жас арыстан екі ұлы бар. Олар Тәжібаевтар мен Қарақүловтар әулетінің ұрпағы. Әмір аса дарынды, атағы шыққан кинорежиссер. Бала кезінен әдемі өлеңдер жазатын. «Желтый желудь -желтый гном» деген ерекше бейнелі сөзі бар. Кішкентай кезінен-ақ зерек бала болатын. Фильмдері де ешкімді бей-жай қалдырмайды. Түрлі фестивальдарда беделді сыйлықтар алып жүр. Маған әсіресе «Жылама» фильмі қатты үнайды. Бүкіл қазақ дүниесіне сүйіспеншілікпен қарайды. Әкесі мен анасынан, аталары мен әжелерінен, арғы ата-бабаларынан сіңген қазақ рухы фильмнен айқын аңқып түрады. Манас та сондай. Музыка жазады, сазгер ретінде танымал. Екеуінің де өз балалары бар. Міне осы тереңнен келе жатқан әулеттік рухани сабақтастық, тектілік, имандылық, өнегелі қадыр-қасиет ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Сондықтан, әрине, Ишанбай ағаның жүзжылдық мерейтойы - оның осындай қадыр-қасиеті туралы айтуға тілге тиек болады. Әр адамның тағдыры өзінше тамаша және әр адам кездейсоқ емес. Бірақ Ишанбай аға сияқты абзал азаматтар тіпті қалаулылардың арасында да көп емес. Ишанбай аға әулетінің ұзақ та баянды өмір сүрулерін, өсіп-өне берулерін шын жүрегіммен тілеймін. Ишанбай ағаның есімін жетінші ұрпағы да қадірлеп-қастерлейді, мақтан түтады. Оған кәміл сенемін.



Қазақта «сегіз қырлы бір сырлы» деген тамаша сөз бар. Ишанбай аға тек қалаулы ғана емес, осындай таңдаулы адамдардың бірі. Медицинамен қатар гуманитарлық салада да шоқтығы биік тұлға. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сияқты Ишанбай аға нақ осы тұрғыдан Мұхтар Әуезовтің жандүниесі мен дүниетанымына жақын жандар болды.
Каталог: download -> DBases -> E A Buketov -> Files
Files -> Сәрсеке, М. Мәскеу-"жзл" сериясы. 7-ші кітап/ М. Сәрсеке; әңгімелескен Ж. Аупбаев //Егемен Қазақстан. 2007. 28 қараша (№367-370)
Files -> Е. а букетова в развитие Казахстанской науки советского периода/ А. Е. Даниярова //Степной край Евразии историко-культурные взаимодействия и современность. Тезисы
Files -> Уәлиев Д. Академик Бөкетов есімі орталық көшеге лайық / Д. Уәлиев // Орталық Қазақстан. 2004. 23 желтоқсан
Files -> Жақсыбаев А. Жарқын тағдыр тауқыметі/А. Жақсыбаев//Егемен Қазақстан. 2008-№168-169 (5)
Files -> Исабаев, Қ. Адал достық: Е. Бөкетовтің туғанына 80 жыл / Қ. Исабаев // Орталық Қазақстан. 2005. 13 қазан
Files -> Литература о жизни и трудах Е. А. Букетова // Евней Арыстанович Букетов (23. 03. 1925 13. 12. 1983): Библиограф указ. Қарағанды, 1992. С. 141-147
Files -> «Алыстан сермеп, жүректен тербеп» Ебіней Бөкетовтің хаттары бойынша эссе [Мәтін]/ М. Сәрсеке // Егемен Қазақстан. – 2013. – 30 қаңтар
Files -> Бөкетов, Қ. Асыл аға бейнесі / Қамзабай Бөкетов // Жастар əлемі. 2006. 21 наурыз (№4)
Files -> Каренов Р. Өмірі де, өзі де өнеге еді / Р. Каренов // Орталық Қазақстан. 2005. 3 наурыз
Files -> Оразалықызы, Г. Тұғырлы тұлға / Гүлсім Оразалықызы // Ақиқат. 2006.№11-12. 98-105 б


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет