160
III
Бөлім: Экономикалық секторлар қызметіндегі экологиялық пайымдардың есебі жəне тұрақты дамуды
көтермелеу
Заңнамалық жəне нормативтік негіз, ұйымдық құрылым
Қазақстандағы энергетика саясатына жауапты негізгі мемлекеттік құрылым Энергетика жəне
минералды ресурстар министрлігі болып табылады. Министрліктің қарауына дəстүрлі де,
сондай-ақ баламалы да көздерден алынатын энергия ресурстарын басқару, олардың қауіпсіздігі
мен сақтау мəселелері жатады, сондай-ақ энергетикалық кешен "Қазмұнайгаз" (ҚМТ)-ең кемі
өнімді бөлу туралы барлық келісімдер бойынша өндірудің жартысына иелік ететін мемлекеттік
мұнай газ компаниясы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі экологиялық таза энергия
көздерін насихаттауға,
Экологиялық салдарлар мен қоршаған ортаны қорғау мəселелерін энергетикалық саясатқа
енгізуге жауапты.
Энергияны ұтымды пайдалану мəселелерін мемлекеттің
заңнамалық негізіне енгізу
мақсатымен, 1997 жылы «Энергия үнемдеу туралы» Заң қабылданды. Заңда бірқатар
басымдықтар мен ынталандырулар белгіленеді, алайда іске асырудың əлсіз тетіктері мен айқын
белгіленген мақсаттардың болмауы оны пəрменді қолдануға бөгет жасайды. Соның
салдарынан, осы салада жаңа заңнамалық актілердің жасалуы күтілуде. Екінші жағынан,
бірнеше бастама жергілікті деңгейде ойдағыдай жүргізілді. Бұған мысал ретінде жергілікті
өзін-өзі басқару органдарының, тəжірибелік жобалар арқылы энергияны ұтымды пайдалану
мен сақтау бағдарламаларын насихаттауға арналған энергиятиімділік
орталықтарын құруын
келтіруге болады. Осы мақсаттар үшін энергиясервистік компаниялар (7.1 Ендірмені қараңыз),
құрылыстардың
экологиялық
талаптарға
сəйкестігін
сертификаттау,
сондай-ақ
энергиүнемдеудің жаңа технологияларын енгізу ұйымдастырылуда. Соған қарамастан,
энергияны тиімді пайдалануға қатысты жалпы мемлекеттік бағдарламаның жəне мəселен, жаңа
құрылыстарға қолданылатын, міндетті нормативтері бар ойластырылған заңнамалық негіздің
жоқтығы сезіледі.
Ал енді энергетикалық сектор туралы айтатын болсақ, Қазақстан Тəуелсіздік алғалы бері
электр энергиясын реформалау үшін маңызды бірқатар қадамдар жасалды. 1996 жылы
электрэнергетикалық саланы жекешелендіру мен қайта құрылымдау жөнінде мемлекеттік
бағдарлама қабылданды. Электр желілерін басқару жөніндегі
Қазақстандық Компанияның
(KEGOC) қарауында электр тарататын (бөлетін) желі бар. 2000 жылы электр энергиясын
орталықтандырған сатуды бақылау мақсатымен рыноктың жаңа операторы – «Электр
энергиясы мен қуаты рыногының Қазақстандық операторы» құрылды.
Қазақстандағы электр станцияларының көпшілігі жекешелендірілсе де, бөлу (тарату)
желілерінің үлкен бөлігі KEGOC бақылауына жатады. KEGOC бірнеше жеке компанияға
басқару құқын берді. Алайда бұл ретте АҚ жоғары кернеудегі электр беру желілеріне, қосалқы
станциялар мен орталық инженерлік-техникалық қызметке бақылауын сақтайды. Бұл орайда,
биліктер энергия желісін жекешелендіруді əрмен қарай жалғастыруды жоспарлап отыр. 2004
жылғы «Электрэнергетика туралы» Заң жəне 1998 жылғы «Монополиялар туралы Заң» осы
үрдіске септігін тигізетін маңызды заңнамалық құралдар.
Жалпы, қолданыстағы заңдарды орындау зəру жəне шешілмеген мəселе болып қалуда.
Энергия ресурстарына бағалар белгілеу (қалыптастыру) жəне экономикалық
құралдар; олардың қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты дамуды ынталандырудағы маңызы.
Электрге белгіленетін тарифтер ЭБЖ берудің құнын өндіруші алатын, KEGOC-қа жəне/немесе
тиісті аймақтық кəсіпорындарға төленетін бағаға, сондай-ақ
бөлуге белгіленетін тарифке
байланысты болады.
2007 жылы тұтынушыларға арналған ақырғы тариф (бір отбасына есептегенде) 4,9-дан 6,1
тенге/кВт.с-ға дейін ауытқып отырды (от 0,04 до 0.05 ам. доллар/кВт.с). Өндірушілердің
тарифтері реттелмейтін рынок арқылы белгіленеді. Электр энергиясын беру тарифтерін
7 Тарау: Энергетика жəне қоршаған орта
161
KEGOC белгілейді, бірақ оларды табиғи мнополияларды реттеу жөніндегі Агенттік (ТМРА)
алдын-ала бекітуі тиіс. Кемсітушілікті (алалауды) болдырмау жəне бүкіл халыққа электрмен
жабдықтау қызметтеріне қолжетімдікті кепілдеу үшін ТМРА-ға жалпы өкілеттіктер берілген.
Бөлуге арналған тарифтерді өнеркəсіп министрлігінің бөлімшесі-бəсекені қорғау жөніндегі
комитет бақылайды. Бөлетін ұйымдар электр беру желісін бақылайтын не жалпымемлекеттік
(< 220 кВ) кəсіпорындармен жасалатын келісімдерге қол қояды, жеткізуші ұйымдардан
электр энергиясын сатып алады жəне оны тұтынушыларға сатады. Жоғары вольтті
электр беру
жүйесіне
қосылған
ірі
өнеркəсіптік
кəсіпорындардың
өндірушілермен
тікелей
келісімшарттарға қол қою мүмкіндігі бар.
Халықтың табысы аз жіктерін электр энергиясымен сəйкес жабдықтауды қамтамасыз ету жəне
өндірістік секторды шаруашылық жағынан қалпына келтіруге сеп болу үшін əлеуметтік-
экономикалық жағдайлар күрделі болып есептелгендіктен, үкімет электр энергиясына
белгіленетін тарифтерді қатаң бақылауға алады. Алайда мұндай саясат электр станциялары
мен инфрақұрылымды жаңартуға көмектесетін күрделі қаржы жұмсалымдарының түсіміне
кедергі жасайды. Қуат көздеріне белгіленген төмен бағалар Қазақстанда электр энергиясын
ұтымды пайдалану үшін күрделі бөгет болып табылады, өйткені кемітілген (төмен) бағалар
тұтынушыны энергияны үнемдеуге жəне өндірушіні-тиімді де
экологиялық таза
технологияларға жұмсайтын шығындарға ынталандырмайды. Бірақ үкімет қазба отын
түрлерінің өндіріске субсидия (жəрдем ақша) беруін тоқтатты (Жамбыл газ
электрстанциясымен байланысты кəсіпорындарды субсидиялау қазір кезек бойынша
қысқартылуда).
Жедел экономикалық өсу мен халықтың өсе түскен нақты табысын ескергенде, қуат көздеріне
бағаларды көтеру қажеттілігі барған сайын жиі мойындалуда. Шын мəнінде, кейінгі
жылдарда электрге белгіленетін бағалар біршама өсті жəне болжамдар бойынша 2015 жылға
қарай америкалық 7-8 цент деңгейіне жетеді. Бұдан бөлек, жуырда жылу тарифтері де
көтерілді. Мəселен, Алматыда жылумен жабдықтауға иелік ететін үш кəсіпорынға 2006 жылғы
қаңтардан 2007 жылдың қыркүйегіне дейін тарифтерді шамамен 10%-ға өсірудің сəті түсті.
Достарыңызбен бөлісу: