2
Тарау: Құқық сақтау жəне құқық қолдану тетіктері
57
2.1 Ендірме: Тұрақты даму жөніндей Қазақстандық бизнес-кеңес (ТДҚБК)
ОДБҚК өндірістік кəсіпорындар, ҚОҚМ,жəне донорлар қауымдастығының
бірлескен бастамасы
нəтижесінде құрылды. Өнеркəсіп өкілдерінің қатарына Евразиялық өндіріс ассоцияциясы, Қазмұнайгаз,
Қазцинк, Ақтөбедегі хром қоспалары заводы,
Қазақмыс, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинаты,
Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг, АЭС Екібастұз, Тенгизшевройл жəне «Қазақстан алюминийі» кіреді.
Бұл кеңестің қызметі экологиялық заңдылықты дамытып оны іске асыру, сондай-ақ, сəйкес жаң жобалары,
заң күші бар актілер жəне саяси құжаттарға байланысты талдау өткізіп, кері байланысты қамтамасыз ету
2003–2006 жж.ОДҚБК елдің экологиялық заңдарының сақталу проблемасы жөнінде бірнеше семинар
ұйымдастырды. ОДҚБК Экологиялық Кодексті жасап-жетілдіруде белсенді рөл атқарды. 2007 жылғы
наурызда ҚР Үкіметі мен іскер топтар ҚОҚМ мен тұрақты даму жөніндегі Ұлттық Кеңестің (ТДҰК)
қолдауымен ұйымдастырылған бизнес-форумда бас қосты. Мұның өзі жасампаз диалог үшін жəне
тəжірибе алмасу үшін тұғырнама мен бастама болды. ОДҚКБ сондай-ақ өзінің мүшелері үшін оқу-үйретуді
ұйымдастырады жəне ұлттық жəне халықаралық деңгейлерде бірлескен жұмысқа əрқашан қолдау
көрсетеді.
Экологиялық мониторинг жəне кəсіпорындардың есеп беруі
Экологиялық өзіндік мониторинг пен кəсіпорындардың есеп беруі ірі өнеркəсіптік
кəсіпорындарда бұрыннан бері қалыптасқан. Мониторинг
бағдарламаларының көпшілігі
осыдан 3-5 жыл бұрын қолға алынса да, байырғы кəсіпорындардың кейбірінде ондай
бағдарлама 1970-ші жылдардың ортасынан бері бар. Э
кологиялық кодекстің қабылдануымен,
өзіндік мониторингтың заңдық негізі қалыптасты. Оған халықаралық іс-тəжірибенің көптеген
элементтері, мəселен, ірі кəсіпорындар үшін, ШжоК жəне тек
таза өндіріспен айналысатын
кəсіпорындар үшін түрлендірілген мониторинг ауқымы енгізілді. Мұның сыртында, əкімшілік
жəне Қылмыстық кодекстерінде бұрмалаушылық пен салақтықты азайтуға бағытталған
ережелер бар.
Реттелетін қауымдастық(іс жүзінде ең ірі кəсіпорындар) барлық орталар үшін мониторингтің
жекелеген бағдарламаларын қалыптастыру жəне оларды құзырлы органдардың бекітілуіне
тапсыруға жауапты. Кəсіпорындар осы бағдарламаларды іске асыруға жауапкершілікті (жəне
шығындарды) көтереді. Сондай-ақ керекті білім мен тəжірибе,
құрал-жабдық пен
сараптамалық құралдарды қамтамасыз етуі міндетті. Кейбір ретте мұндай қызмет мердігерлік
негізінде іске асады.
Өзіндік мониторингтің нəтижелері тұрақты(статистикалық) есептер түрінде жəне де, төтенше
жағдай немесе апат бола қалған жағдайда шұғыл түрде құзырлы орындарға тапсырылып
отырады. Кəсіпорындар ауа, су жəне зиянды(улы) қалдықтар жөнінде үлгі бойынша
статистикалық есеп беріп отырулары қажет. Олардың өзі
кеңес заманынан қалған есеп
үлгілеріне негізделген. Ауаның тазалығын қорғау жөніндегі есеп статистика (санақ) агенттігіне
жолданады. Су туралы есеп бассейндерді басқару құзыры бар ұйымдарға да ұсынылады.
Кəсіпорындардың статистикалық есеп беру міндеттілігі толық жария етуге жатпайды жəне
жұртшылық осы турасында тек жалпылама мəліметтермен таныса алады. барлық іскер
адамдар(тіпті ең ұсақтары да) осындай есептерді дайындап, оларды ҚОҚАБ-ның бекітуін
сұрауы керек жəне оларды салық төлеу жөніндегі
тоқсандық есептермен қоса, салық
органдарына жолдауы қажет.
Экологиялық Кодекс кəсіпорындардың мониторингын жетілдіруге себеп болса да мұндай
жүйенің тиімділігіне бірқатар проблемалар кедергі болып отыр. Реттеу шеңберіндегі кейбір
тұстар, оның ішінде негізгі ұғымдардың көмескі анықтамасы мен 2-ші сатыдағы заңдылықтың
дамымауы сияқты түйткілдер шешімін таппай қалуда. Əдетте
құзырлы орындар
кəсіпорындардан келетін шығынды немесе пайданы есепке алмай, барынша көп өлшемдер
бойынша мониторинг жүргізуін қажет деп санайды. Есеп берудің өзі тармақталып кеткен,
күрделі сипатта болып отыр. осы екі арада құзырлы органдарда
жиналған деректерді
бақылауға алып, немесе сұрыптап отыратындай тиісті құралдар болмай отыр. деректердің
сапасы да күдік тудырады немесе мемлекеттік сараптаушы зертханалар мен кəсіпорындар
зертханалары жүргізген өлшем-пішімдер арасында айырмашылық болатын кездері ұшырасып
жатады. Мұндай олқылық өлшемдердің сапасы нашар болуы жəне деректерді бұрмалаудан