Excel құралдарын қолдана отырып эксперименттік деректерді өңдеу әдістерін зерттеу. Жұмыс мақсаты



бет1/3
Дата02.01.2022
өлшемі1.58 Mb.
#453669
  1   2   3
4 Лабор.жұмыс-МКжҒЗН (3)


№ 4 зертханалық жұмыс. Excel құралдарын қолдана отырып эксперименттік деректерді өңдеу әдістерін зерттеу.
Жұмыс мақсаты:

1) эксперименттік зерттеулердің деректерін өңдеуге арналған Excel құралдарының мүмкіндіктерімен танысыңыз.

2) тәжірибелік деректерді өңдеу және график құру бойынша Excel құралдарын пайдаланудың практикалық дағдыларын үйрену және меңгеру.
1.1 негізгі теориялық мәліметтер

Дербес компьютердің Excel пакеті статистикалық деректерді өңдеу құралдарымен жабдықталған. Оған сипаттамалық статистика құралдары, айырмашылық критерийлері, корреляциялық және эксперименттік мәліметтерге қажетті статистикалық талдау жүргізуге мүмкіндік беретін басқа әдістер сияқты негізгі, ең көп қолданылатын статистикалық амалдар кіреді.

Функциялар шебері/Мастер функций немесе функцияны енгізу/вставка функции. Excel қолданушыны қажетті функцияны таңдаудан бастап барлық аргументтерді күйлеп алуға дейін басқаратын диалог терезелерінің тізбегі – функциялар шебері/мастер функций деп аталады. Excel 2013-де, Excel-дің бұрынғы нұсқаларынан айырықша, бұл диалогтық терезе функция шебері емес, функцияны енгізу деп атала бастады.

Температура, К

Время, час

294

2

305

4

312

6

324

8

333

10

Температура өзгеруінің қыздыру уақытының ұзақтығына тәуелділік графигін сызу қажет делік (1-кесте).
1-кесте – Қыздыру уақытына байланысты дайындама температурасының өзгеруі

Диаграмманы сызу үшін, ең алдымен, Excel жұмыс парағына (1-сурет) диаграммаға қажетті деректерді енгізу керек (1-кесте).



1-сурет – Excel ұяшықтарына тәжірибе нәтижелерін енгізу

Cодан кейін диаграмманың бастапқы деректері бар ұяшықтарды курсормен белсенді етіп белгілеу керек (2-сурет).

2-сурет – Деректері бар ұяшықтарды белгілеу

Әрі қарай, Енгізу/Вставка мәзірінде Диаграмма командасын таңдайсыз немесе стандартты құралдар тақтасындағы Диаграмма шебері/Мастер диаграмм түймесін басасыз (3-сурет). Қалай болғанда да, Excel Диаграмма шеберінің бірінші терезесін көрсетеді. Диалогтың төрт терезесінің көмегімен Диаграмма шебері/Мастер диаграмм диаграмманы сызу үшін Excel-ге қажет барлық ақпаратты жинайды.




3-сурет – Диаграмма шеберіндегі «Нүктелік»/ «Точечная» диаграмма түрін таңдау

Диаграмма шебері диалогының бірінші терезесі диаграмма түрін таңдауды ұсынады. Техникалық ғылымдар үшін диаграммалардың «Нүктелік»/ «Точечная» түрі жиі қолданылады (3-сур. қараңыз).

Диаграмманың «Нүктелік» көрінісі таңдалған сәтте диаграмманың өзі бірден сызылып шығады (4-Сурет) және Диаграммалармен жұмыс жасау терезесі ашылады.

Әрі қарай, егер Диаграммалармен жұмыс жасау терезесіндегі Конструктор түймесін бассаңыз, Excel диаграмманың орналасуы мен стилін таңдауды ұсынады. Техникалық зерттеулерде графиктің дәстүрлі көрінісіне сәйкес келетін диаграмма Макетін таңдау керек (4-сур. қараңыз).






Сурет 4-Диаграмма Макетін таңдау

Келесі әрекетпен "Х", "У" осьтерінің атауларын және графиктің тақырыбын енгізу қажет (5-сурет). Мұны істеу үшін тінтуірді/курсорды тиісті аймаққа апарып, шертіп қалып, одан кейін пернетақта арқылы атау мәтінін теріп, енгізесіз.



5-сурет-График пен оның осьтерінің атауларын енгізу

Әрі қарай, Макет терезесін басу арқылы біз Торлар/Сетки терезесін табасыз да, бері шыққан қалқымалы терезеде тордың Негізгі сызықтар- Аралық сызықтарды көрсету/Основные сеткиПоказать вертикальные линии таңдайсыз. Нәтижесінде сіздің диаграмма тордың жетіспейтін тік сызықтарымен толықтырылады (6-сурет).

6 сурет – График торының тік сызықтарын көрсету

Осыдан кейін біз тренд сызығын таңдаймыз. Бұл жағдайда, ең алдымен, түзу сызықты таңдау керек. Диаграммада түзу сызық (7-сурет) жасалады. Ол біздің мысалға сай келеді.

Сурет 7 – Тренд сызықтарын таңдау

Егер сіз Тренд сызығының/Линии тренда терезесінің Қосымша параметрлерін/Дополнительные параметры бассаңыз, онда тағы бір қалқымалы терезе шығады, онда сіз терезенің төменгі жағындағы екі параметрге – диаграммада теңдеуді көрсету/показывать уравнение на диаграмме және аппроксимациялау дәлдігінің шамасын диаграммаға орналастыру/поместить на диаграмме величину достоверности аппроксимации екеуіне қарама-қарсы түймелерді басып "۷" белгісін қоюыңыз керек. Сонда графикте тиісті жазулар пайда болады (8-сурет).

8 Сурет – Графикке теңдеу мен аппроксимациялау дәлдігінің шамасын-R2 салу


Енді графиктегі жазуларды орналастырудың ең оңтайлы нұсқасын табу, олардың орнын таңдау және диаграммадағы алдыңғы фонға шығару жұмыстарын істеу қалады (9-сурет).

9 Сурет – Теңдеу мен аппроксимациялау мәнінің

оңтайлы түрі мен тұратын орнын таңдау


Жұмыс алынған графикті Excel-ден Word мәтіндік құжатына ауыстырумен аяқталады (10-сурет). Бұдан былай бұл графикті ғылыми мақаланың мәтінінде қолдануға болады.

10 Сурет – Графикті Excel-ден Word мәтіндік құжатына көшіру






    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет