Ф – об – 001/035 Танымдық сайыс «Ұрпаққа өшпейтін із қалдырған»



бет3/12
Дата13.05.2022
өлшемі197.5 Kb.
#456846
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
kur -tarih-sabagyndagy-oyyndar

Тақырыптың мақсаттары:
Тарих сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін және ойын элементтерін қолданудағы негізгі мақсаттар:
- отандық тарихты оқытудың басымдылық рөлі;
- отандық тарихты әлемдік даму контекстінде оқыту; ұлттық өзіндік сананы қалыптастыру;
- тарихи білімнің тұлғалық бағдары, догматикалык нышандардан бас тарту;
- мектептік тарихи білімнің нәтижеге бағдарлануы, оқушының дайын білімді енжар алушыдан білімдік процестің белсенді субъектісіне айналуын талап ететін білімдік модельді қалыптастыруға бағытталуы;
- мектепте тарихты оқытуға біртұтас көзқарас қалыптастыру, бұл тарихты оқып-үйренуге формациялық және өркениеттік тұрғыдан қарауды ұштастыруға негізделуге тиісті болуы;
- формациялық тұрғыдан қарау тарихи даму кезеңдерінің сабақтастығы мен ішкі байланыстарын бейнелеуі, әлеуметтік-экономикалық процестердің логикасын түсінуге мүмкіндік беруі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Тақырыптың міндеті:
Мектепте тарихи білім берудің негізгі міндеттері: оқушылардың адам-заттың ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі дамуының тарихи жолын, оның әлеуметтік, рухани-адамгершілік тәжірибесін айшықтайтын жүйелі білім алуы; оқушыларда тарихты оқып-үйренудің көпелшемділігі және тарихи процестің дамуының баламалы екендігі туралы түсінік қалыптастыру; қазақ хал-қының тарихы мен мәдениетіне, шығыстық өркениеттің қайталанбас ғажайып үлгілерінен ұрпақтарына қалдырған бабалар даналығы мен бейбіт жасампаздық құндылықтарына қызығушылығын арттыру және кұрметпен қарауды қалыптастыру; гуманизм мен адам құқықтарын құрметтеудің озық дәстүрлерін меңгерген құнды-бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу; оқушылардың тари-хи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау негізінде ой елегінен еткізе білу дағдыларын калыптастыру; Отаны мен халқы алдындағы жа-уапкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру осы жұмыстың басты міндеттері болып табылады.
Тақырыптың тарихнамасы:
Тарихи білім беру қазіргі қазақ қоғамын демократияландыруда басымдылық маңызға ие болады, өйткені тарих ғылы-мы бүгінгі күннің ақиқатымен тығыз байланысты. Тарихи білім мазмұнын өзгерту-дің негізгі бағыттары мыналар: тарихи процесті оқып-үйренуге формациялық және өркениеттік тұрғыдан қарауды оңтайлы ұштастыратын тарихты оқып-үйренудің негізгі әдіснамалыктұжырымдамасын жасау; Қазақстан тарихын және дүниежүзілік тарихты оқытудың қатар жүруі және сабақтастығы; Қазақстан тарихынан және дүние жүзілік тарихты оқытудың қатар жүретін пропедевтикалық курстарын енгізу; мәдениет дәстүрлер, этногенез, қоғамның рухани өмірінің тарихы бойынша тарауларды кеңейту; Шығыс елдері тарихы бойынша тарауларды кеңейту осы жұмыстың тарихнамасы болып табылады. || 1 ||




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет