|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ИНСТИТУТЫ
Физика, механика және кәсіптік оқыту кафедрасы
|
«Бекітемін»
Математика, физик және информатика
институтының директоры
__________ М.Ж.Бекпатшаев
"___" ____________ 2015 ж.
«6D060400 - Физика» мамандығы бойынша
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Алматы, 2015
Құрастырушылар:
ф-м.ғ. д., профессор Тлебаев К.Б., п.ғ.д. _____________
профессор Молдабекова М.С. ____________
Физика, механика және кәсіптік оқыту кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды: № ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі __________ Тлебаев К.Б.
Қабылдау емтиханының бағдарламасы Абай атындағы ҚазҰПУ МФжИИ Ғылыми Кеңесімен мақұлдады: № ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.
Кіріспе
Докторантураға қабылдау емтиханы «Жаратылыстану ғылымдарының докторы PhD» «6D060400 – Физика» мамандығы бойынша академиялық дәрежесін ізденушілерді арнайы даярлаудың университетте дәстүрлі аттесттау түрі болып табылады.
Қабылдау емтиханының мақсаты жалпы тұлғалық мәдениетін, магистратура деңгейінде пәндік құзырлығын және келешек докторанттың ғылыми зерттеу, білім беру, ұйымдастыру - басқарушылық және жобалау аналитикалық саласында іс-әрекетін қызметіне дайындығын анықтауға бағытталған.
Оқыту кредиттік технология мен модульдік білім беру бағдарламасы бойынша өтеді, 3 жыл. Лекциялық курстарды жүргізу үшін Абай атындағы ҚазҰПУ, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, ғылыми-зерттеу институттарының және шет елдегі ЖОО-дан белгілі профессорлар мен мамандар қатыстырылады.
Докторантураның білім бағдарламасын табысты меңгерген және докторлық диссертация қорғаған тұлғаға, «6D060400 – Физика» мамандығы бойынша «жаратылыстану ғылымдарының докторы PhD» академиялық дәрежесі беріледі.
1. Ұсынылған әдебиеттер
-
Кульман А.Г. Строение атома. – М.: Наука, 1995.
-
Гольданский В.И. На границе физики и химии. –М.: Наука, 1997.
-
Старостин В.В. Материалы и методы нанотехнологии. –М.: Бином, 2008.
-
Уорден К. Новые интеллектуальные материалы и конструкции. –М.: Техносфера, 2006.
-
Карапетьянц М.Х. Строение вещества. –М.: Высшая школа, 1998.
-
Томпсон М. Дефекты и радиационные повреждения в металлах - М.: Мир, 1971. 368 с.
-
Лейман К. Взаимодействие излучения с твердым телом и образование элементарных дефектов. - М.: Атомиздат, 1979. - 296 с.
-
Gary S. Was. Fundamentals of Radiation Materials Science. Metals and alloys. - Springer, 2007.
-
Ибрагимов Ш.Ш., Кирсанов В.В., Пятилетов Ю.С. Радиационные повреждения металлов и сплавов. - М.: Энергоатомиздат, 1985.- 240 с.
-
Ляшков В.И. Теоретические основы теплотехники: Уч.пособие для вузов. -М.:Высш.шк., 2008.- 318 с.
-
Цветков Ф.Ф., Григорьев Б.А. Тепломассообмен: Уч.пособие для вузов.-М.: Из-во МЭИ, 2005.- 550 с.
-
Михатулин Д.С., Чирков А.Ю. Конспект лекций по тепломассообмену. (Электронная версия): Уч.пособие.- М.: МГТУ им. Н.Э.Баумана, 2009.- 148 с.
2 Қабылдау емтиханына дайындалу үшін ұсынылған сұрақтар тізімі
2.1. Материалтануға кіріспе
-
Макроәлемдегі тығыздықтар флуктуациялар
-
Микроәлемдегі тығыздықтар флуктуациялар
-
Метагалактика ұғымы.
-
Микроәлем мен макроәлемнің байланысы
-
Макроәлемдегі қашықтықтың өлшем бірлігі.
-
Макроәлемдегі энергияның өлшем бірлігі.
-
Микроәлемдегі энергияның өлшем бірлігі.
-
Макроәлемдегі массаның бірлігі.
-
Микроәлемдегі массаның бірлігі.
-
Ядролық уақыттың анықтамасы
-
Микроәлемнің басты тұрақтылары
-
Макроәлем және микроәлемдегі энергия өрнегі
-
Энергия сәулелену кезіндегі дененің массасын өлшеу
-
Энергия жұтылу кезінде дененің массасын өлшеу
-
Материя мен қозғалыстың сақталу заңы
-
Химиялық және ядролық реакцияның ерекшеліктері
-
Субатомды бөлшектер. Субмикроәлем.
-
Субмикроәлемдегі бөлшектердің өзара әрекеттесуі
-
Гравитациялық әрекеттесудің кұшті әрекеттесуге ауысуы
-
Атомның құрамдас бөліктерінің қасиеттері
-
Вероятность перехода составных частей атома между собой. Атомның құрамдас бөліктерінің өзара ауысу ықтималдығы
-
Фотон, пайда боллуы, қасиеттері, әрекеттесуі
-
Ньютонның көзқарасы бойынша жарықтың табиғаты
-
Гюйгенстің көзқарасы бойынша жарықтың табиғаты
-
Жарықтың затқа түсіретін қысымы
2.2. Қатты дененің радиациялық физикасы
-
Атом аралық байланыстар мен кристалдардың типтері
-
Кристалдардаң ақаулардың классификациясы
-
Атомдық ығысулар. Ығысулардың пайда болуының шектік энергиясын анықтау әдістері
-
Зарядталған бөлшектердің энергияларының иондалғандағы жоғалуы
-
Зарядталған бөлшектердің серпімді шашырауы
-
Зарядталған бөлшектердің әрекеттесу қимасымен потенциалдары
-
Нейтронды сәулелеу кезіндегі ығысқан атомдардың пайда болуы
-
Атомдық ығысулардың каскадтары
-
Ығысулардың каскадтарындағы ақаулардың пайда болуы
-
Радиациялық ақаулардың аннигляциясы және қыздырып босаңдатуы
-
Нұктелік ақаулардың балланс теңдеуі
-
Радиациялық ынталандыру диффузияның механизмдері
-
Сәулелеудің әр түрлі температурасында ақау құрылымның дамуы
-
Металдар мен қоспалардың радиациялық беріктелуі
-
Радиациялық беріктелу мен морттықтың барьерлік үлгісі
-
Радиациялық жылжығыштық (ползучесть). Радиациялық жылжығыштың кезеңдері.
-
Радиациялық ісіну. Вакансиялық және газ тәрізді ісіну.
-
Радиациялық ісінуді бәсеңдету тәсілдері
-
Радиациялық зарядталған диэлектриктің көлемдік разрядтары
-
Протондар мен сәулеленген шынылардағы разряд кезіндегі электрлік жарылыс
-
Космостық корпускулалық сәуленің оптикалық материалдарға әсері
-
Вакуумда және диэлектриктер бетіндегі эмиссиялық және разрядтық құбылыстар
-
Космостық аппараттардың материалдар мен ионосферадағы бөлшектердің әрекеттесуі
-
Космостық аппараттардың өзіндік сыртқы атмосферасының материалдары мен жабдықтарына әсері
-
Радиациялық зарядтау кезінде ядролық қондырғылардың изолляциялық материалдарының электр разрядтық бүліну қауіптілігі
2.3. Жылумассаалмасу теориясы
-
Негізгі анықтамалар. Жылуалмасу: жылуөткізгіштік, конвекция, жылулық сәулелену.
-
Сұйықтар мен газдардың көлемдік қасиеттері. Идеал және нақты Ван-дер-Ваальс газының көлемдік қасиеттерін талдап, олардың айырмашылығын түсіндіріңіз.
-
Тығыздық, изотермдік сығылғыштық коэффициенті, көлемдік ұлғаю коэффициенті.
-
Сұйықтар мен газдардың тұтқырлығы.
-
Үзіліссіздік теңдеуі. Сығылмайтын сұйық үшін үзіліссіздік теңдеуі.
-
Жылуөткізгіштік, Фурье заңы. Жылуөткізгіштік коэффициенті.
-
Стационарлық жылуөткізгіштік. Ішкі жылу көзі жоқ біртекті жазық беттің жылуөткізгіштігі.
-
Стационарлық емес жылуөткізгіштік. Процестердің сипаттамасы және классификациясы.
-
Суудың (қыздыру) жүйелі тәртібі (режим).
-
Бірфазалық ортадағы конвективтік жылуалмасу. Қозғалыстағы орта үшін энергияның сақталу заңы.
-
Ағынның орташа жылдамдықтары үшін энергияның дифференциалдық теңдеулері.
-
Ұқсастық теориясының негіздері. Ұқсастық теоремалары. Ұқсастық критерийлері. Мысалдар.
-
Табиғи конвекция кезіндегі жылуалмасу процестерінің ұқсастық шарттары.
-
Жылулық сәулелену. Кирхгоф заңы. Ламберт заңы.
-
Газдардың жылулық сәулеленуі. Стефан-Больцман заңы.
-
Диффузия. Массаның молекулалық және конвективтік тасымалдануы.
-
Диффузиялық бароэффект.
-
Бірлескен жылумассаалмасу процестері. Масса тасымалдауы болғандағы конвективтік жылуалмасудың дифференциалдық теңдеулер жүйесі.
-
Жылумассаалмасу процестерінің үйлестігі.
-
Жылуөткізгіштік коэффициенті, температура мен қысымға тәуелділігі.
-
Қозғалыстағы орта үшін энергияның сақталу заңы.
-
Жылуөткізгіштік есептерін шешу үшін бірмәнділік шарттары.
-
Параллелепипедтің суу қарқынымен температураөткізгіштік коэффициенті арасындағы тәуелділік.
-
Жылуалмасу бетіндегі жылу ағыны тығыздығы және жылу беру коэффициенті.
-
Фурье-Кирхгоф теңдеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |