10-тақырып. Компьютердің тілін табу — өнер
1-2-сабақ
Сабақ тақырыбы:
|
Компьютер қалай пайда болды?
|
Білімділік:
|
Қазақ тіліндегі нақты хабарламалар арқылы оқушыларға компьютер, ғаламтор жайлы ақпарат беру.
|
Дамытушылық:
|
Жаңа тақырып аясында қазақ тілінен түрлі тілдік тапсырмаларды орындату арқылы шығар- машылыққа баулу.
|
Тәрбиелік:
|
Қарапайым сөйлеу үлгілері арқылы оқушыларға рухани-мәдени тәрбие беру.
|
Сілтеме:
|
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.
|
Жетістік критерийлері:
|
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қазақша компьютер жайлы ақпарат береді.
|
|
Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): қазақ тілінде компьютердің қалай пайда болғанын айтады, сыныптастарымен пікір алмасады, тілдеседі.
|
|
Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен қазақша мәтін құрайды.
|
Жаңа сөздер:
|
Есептеуіш құрылғы, дербес, мәліметтер базасы, төлемақы, тасымалдау.
|
Сабақта қолданылатын материалдар:
|
Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, плакаттар, маркерлер, парақшалар, желімқағаздар.
|
Оқыту әдістері:
|
Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, «Жүректен-жүрекке» тренингі, полилог, диаграмма, «Броундық қозғалыс» әдісі, «Аквариум» тәсілі, жағдаяттық тапсырма, «Жағымды сөздер» тәсілі, «Шағын шолу» тәсілі.
|
Дереккөздері:
|
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
|
Тапсырмалар:
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу
|
Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде «Жүректен-жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушыларға А4 парағын таратып береді.
|
Жақсы сөз — жанды жадыратар. Мұғаліммен бірге параққа жақсы сөздер жазады. Сабақ соңында талданады.
|
Өткен сабақты тек- серу
|
Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.
|
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
|
І. Қызығушылықты ояту
|
Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында интерактивті тақтадан компьютер, ғаламтор әлеміне қатысты дайындаған слайдтарды көрсетеді, «компьютер» сөзіне ассоциаграмма құрғызады.
|
Слайдтарды сипаттайды, ассоциаграмма құрады.
|
128
10-тақырып. Компьютердің тілін табу — өнер
Тапсырма
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
ІІ. Мағынаны тану
|
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстыра-
ды, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.
|
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.
Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
|
2. Мәтіналды жұмыс.
А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1, 3-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым.
Ақпараттық технологиялардың қолданылатын орындары туралы айтады,
«Егер компьютер болмаса»тақырыбында пікір алмасады, полилог құрады.
|
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Диаграмма толтырады.
|
3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мә- нерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады.
|
Тыңдалым.
Оқылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады.
|
Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 5, 7-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Сөздердің аудармасын дәптеріне жазады, мәтін мазмұны бойынша жоспар құрып жазады, тірек сөздерді анықтайды.
|
Б) Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтан- дыру үшін 6-тапсырманы орындатады.
|
Оқылым. Сөйлемдерді толықтырып оқиды.
|
В) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 8,10-тапсырманы орындатады.
|
Айтылым. Мәтін мазмұнын қысқаша айтады, «Аквариум» тәсілі бойынша жағдаяттық тапсырманы орындайды.
|
4. Сергіту сәті. Күнделікті сергіту жаттығуын жасатады.
|
Сергіту жаттығуын жасайды.
|
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 11-тапсырманы орындатады.
|
Жазылым. Өзі пайдаланып жүрген жүрген компьютер туралы жазады.
|
ІІІ. Ой толғаныс
|
Оқулықтағы 12-тапсырманы орындатады.
|
Тапсырманың шартын орындайды.
|
IV. Бекіту
|
Топтық жұмыс. «Броундық қозғалыс» әдісі. Оқушыларға мәтін құрау үшін «Компьютердің қызметі» деген тақырып береді.
|
Аталған тақырыпқа қатысты сыныпты аралап ақпарат жинайды. Басқалар мен ой бөліседі. Мәтін құрайды.
|
V. Бағалау
|
Формативті бағалау. «Шағын шолу» тәсілімен парақ- шалар таратады.
|
Тақырып аясында өзінің есінде қалған сөздерін, сөйлемдерін параққа жазады.
|
VI. Үйге тапсырма
|
Оқулықтағы 9-тапсырманы орындау.
|
|
VII. Рефлексия
|
Мұғалім «Жағымды сөздер» тәсілі бойынша сабақтың қалай өткендігін анықтайды. Ол үшін балаларға мына- дай сұрақ қояды: — Балалар, сабақ барысында қандай жағымды сөздер естідіңдер? Жауаптың нәтижесі бойын- ша сабақ қорытындыланады.
|
Сабақ барысында мұғалім, сыныптас- тары тарапынан айтылған жағымды сөздерді еске түсіреді, айтады. Желімқа- ғаздарға жазады, тақтаға жапсырады.
|
129
Достарыңызбен бөлісу: |