Ф. Ш. Оразбаева, Ж. Т. Дәулетбекова, А. Қ. Рауандина, Р. С. Рахметова, А. Н. Юсуп



бет71/82
Дата22.12.2019
өлшемі1.26 Mb.
#447743
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82
5 сынып Көкжиек ҚМЖ

5-сынып. Мұғалім кітабы




Тәрбиелік:


Шағын мәтіндер арқылы оқушылардың қазақша кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.



Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қарапайым тілдік үлгілер арқылы М.Мағауин жөнінде ақпарат бере алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): тақырыпқа қатысты сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы жазушының шығармашылығын сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі(ОЖЖ): жазушы жайлы мәтін құрайды.

Жаңа сөздер:

Заңғар, зерттеуші, игер.

Сабақта қолданы- латын материалдар:

Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, электронды оқулық, плакат, үлестірмелі мате- риалдар, парақшалар.

Оқыту әдістері:

Түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, диалог, диаграмма, «Сөзтізбек» ойыны,

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы.



Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік, Білгеннің пайдасы (Балалар әдебиетінен электронды кітапхана).


Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға пси- хологиялық ахуал туғызу

Мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады.

Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл- күйін сипаттайтын сурет (смайлик) (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап, т. б.) салады.

Өткен сабақты тек- серу

Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды.

Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұ- рақтарға жауап береді.

І. Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында мақсатында электронды оқулықтан М. Мағауиннің шығармаларынан үзінді оқып береді, интерактивті тақтадан жазушыға байланысты дайын- даған слайдтарды көрсетеді. Ой шақыру сұрақтарын қояды: — Балалар, жазушы М.Мағауин жайында не білесіңдер? Қандай шығармаларын оқыдыңдар?

Шығармаларды тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

ІІ. Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.






2. Мәтіналды жұмыс. А) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсыр- маны орындатады.

Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.




Ә) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 2-тапсырманы орындатады.

Жазылым. Мәтіннен болымсыз етістіктерді тауып жазады.

144


11-тақырып. Қазақстандағы ұлттар достастығы



Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




3. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді мәнерлеп, дұрыс оқуға машықтандыру үшін 3-тапсыр- маны орындатады.

Тыңдалым. Оқылым. Мәтінді тыңдайды, түсініп оқиды.




Ә) Айтылым. Оқылым. Оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Оқылым. Мәтінге сүйеніп, ақпа- раттың дұрыстығын тексереді, түсіндіреді.




4. Сергіту сәті. Күнделікті сергіту жаттығуын жасатады.

Сергіту жаттығуын жасайды.




5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс, сауатты жазуға машықтандыру үшін 6-тапсырманы орында- тады.

Жазылым. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жазады.




Ә) Айтылым. Дұрыс айтуға, жаңа ақпаратты қабыл- дауға машықтандыру үшін 7-тапсырманы орындатады.

Айтылым. Диалог құрады.

ІІІ. Ой толғаныс

Жұптық жұмыс. Оқулықтағы 8-тапсырманы орында- тады.

Жазылым. Жазушы туралы қосымша мә- лімет жинайды, сұрақтарға жауап береді, диаграмманы толтырады.

IV. Бекіту

Топтық жұмыс. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындата- ды. «Сөзтізбек» ойынын ұйымдастырады.

Екі топқа бөлінеді, Бірінші топ екінші топқа мәтін бойынша таныс бір сөз айтады. Екінші топ ойынды жалғастырады. Келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы әрпінен басталып отыруы қажет. Мысалы, жазушы ыдыс — сүт — туған — нан және т. б. Ең көп сөз айтқан топ жеңімпаз атанады.

V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VI. Үйге тапсырма

Оқулықтағы 5-тапсырманы орындау.




VII. Рефлексия

Күн шапақтары салынған парақ таратады.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.

7-8-сабақ




Сабақ тақырыбы:

Жетім балалардың тағдыры.

Білімділік:

Жазушының кітабының желісі бойынша Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жетім балалар тағдыры жайында ақпарат беру.

Дамытушылық:

Оқушыларды әдеби тіл нормасын сақтау, дұрыс ой қорытуға дағдыландыру.

Тәрбиелік:

Қазақша сипаттау мәтіндері негізінде оқушыларға адамгершілік тәрбие беру.

Сілтеме:

Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы.

Жетістік критерий- лері:

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): қарапайым тілдік үлгілер арқылы шығарманың желісі жайлы айтады.



145


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет