Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Механика және мұнайгаз ісі кафедрасы
Методикалық әдістемелер
Курстық жұмыс
Гидравлика және гидро-пневможетек пәні бойынша
050712 және 5В0712– Машинажасау
050732 және 5В0732 – Стандарттау, метрология және сертификация
мамандықтарындағы студенттер үшін арналған
Павлодар
Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты мен көлемі
Курстық жұмыстың мақсаты жонғыш станок және көтергiш тетiктiң гидрожетектерін есептеу мысалдарында әр түрлi машиналар мен тетiктердiң гидравликалық жетектерін есептеуінің әдiстемесiн меңгеру болып табылады.
Курстық жұмысты орындаудың кеңес берiлетiн тiзбегі
Курстық жұмысты орындаудың келесi тiзбегі ұсынылады
1 Берілген гидрожетектің схемасын баламалы алмастыруы (3 бөлімді қара).
2 График координаттарының өстерінен алынған шамалардың масштабын таңдау және сораптың мінездемесін құру.(1 бөлімді қара).
3 Әрбiр жай құбыр үшiн мiнездемелердiң теңдеулерiн құрастыру және оған кіретін құбырлардың коэффициенттерiнiң баламалы схемасын анықтау (2.1 және 2.2 бөлімдер).
4 Жай құбырлардың мінездемелерін құру жәнекүрделі құбырдың жалпы мінездемесін алу
(2.3 бөлім).
5 Гидрожүйенің жұмыс нүктесін анықтау және есептің шарты бойынша талап етілген шамаларды есептеу (3 бөлім).
Курстық жұмысты орындаудың негізгі талаптары
Орындалған ЕГЖ-тың түсіндірме хатының құрамы;
1 Гидрожетек схемасы,шарттары мен сұрақтары,кейбіреуіне есеп шарты бойынша жауап алуы тиіс.
2 Гидрожетектің баламалы есептік схемасы.
3 Жұмыстың аналитикалық бөлімі,күрделі құбырдың барлық ауданындағы керек күштің теңдеуін құру және оның коэффициенттерін есептеу.
4 Жұмыстың графикалық бөлімі,берілген сұрақтарға жауап беретін мәліметтерді анықтайтын А4 форматты миллиметрлік қағазында орындалған график.
5 Тапсырма шарты бойынша параметрлерді есептеу.
6 Гидрожетек бойынша кітаптардан гидросораптардың, гидромоторлардың ,гидроцилиндрлердің, клапандардың,дроссельдердің,гидрореттеуіштердің суреттерін қосу және олардың жұмыс жасауын сипаттау.
Титулдық бет МИ ПГУ 4.01.2-07 оқу құжаттарын жасау бойынша орындалады және де студенттің аты-жөні,тобының нөмірі мен тапсырманың нұсқасы көрсетілуі тиіс.
Орындалған құрастырмалардың графигі түсіндірме хатқа қосылады.
Қолданылатын шамалардың белгіленуі
– сораптың білігінің айналу жиілігі;
– гидромотор білігінің айналу жиілігі;
– гидроцилиндр піскегінің қозғалыс жылдамдығы;
–сораптың жұмыс көлемі;
– гидромотордың жұмыс көлемі;
– гидромотор арқылы өтетін жұмыс сұйықтықтың шығыны;
– аудару клапаны арқылы шығын;
– сораптық қою берілісі;
– сораптың теориялық берілісі;
– сораптағы көлемді шығынның коэффициенті;
– гидромотордағы көлемді шығынның коэффициенті;;
– аудару клапанының мінездемесінің коэффициенті;
– сораптың реттеуішінің мінездемесінің коэффициенті;
– сораптың қолданылатын қуаты;
– гидрожетектің шығу буынының қуаты;
–гидрожетектің ПӘК-і;
– сораптың механикалық ПӘК-і;
– гидромотордың механикалық ПӘК-і;
– цилиндрдің механикалық ПӘК-і;
– гидромотордың көлемді ПӘК-і;
– сораптың көлемді ПӘК-і;;
– гидроцилиндрдің көлемді ПӘК-і;
– сораптың реттеуішунің күйге келтіру қысымы;
– аудару клапанының күйге келтіру қысымы;
– штоктағы күш;
– жылдамдық;
– құбырдың фактілі ұзындығы;
– құбырдың өтпелі қимасының диаметрі;
– реттеуіш дросселдің өтпелі қимасының ауданы;
– ұзындығы бойынша үйкеліс шығынының коэффициенті;
– фильтрдегі жоғалтуға баламалы жоғалтулы құбырдың ұзындығы;
– реттеуіштегі жоғалтуға баламалы жоғалтулы құбырдың ұзындығы;
жергілікті кедергінің жоғалту коэффициенті;
– гидродросселдің шығын коэффициенті;
– жұмыс сұйықтығының кинематикалық тұтқырлығы;
– жұмыс сұйықтығының тығыздығы.
ЕСКД бойынша гидрожетек элементтерінің белгіленуі
Белгіленуі
|
Элементтің атауы
|
|
Реттелмейтін және реверсті емес сорап
|
|
Реттелмейтін және реверсті сорап
|
|
Реттелетін және реверсті сорап
|
|
Біржақты штокпен біржақты әрекетті гидроцилиндр
|
|
Біржақты әрекетті телескопиялық гидроцилиндр
|
|
Біржақты штокпен екіжақты әрекетті гидроцилиндр
|
|
Екі жақты штокпен біржақты әрекетті гидроцилиндр
|
|
Реттелмейтін және реверсивті гидромотор
|
|
гидропневмоаккумулятор
|
-
|
реттелмейтін гидродроссель
|
|
реттелетін гидродроссель
|
|
Сақтағыш және аудару гидроклапаны
|
|
редукциялық гидроклапан
|
|
кері гидроклапан
|
|
Қолмен басқарылатын,төрт сызықты ,екі позициалы гидрореттегіш
|
|
ашық гидробак
|
|
фильтр
|
|
жылуалмастырғыш (суытқыш)
|
1 Тапсырма нұсқалары
1 Токарлы білдектің негізгі қозғалысының гидрожетегі
Сурет 1 – Токарлы білдектің гидрожетегінің сұлбасы
Гидрожетекте сорап 1 фильтр 2 және гидрореттегіш 3 арқылы жұмыс сұйықтықты,шығу білігі токарлы білдектің шпинделімен 5 жалғасқан гидромоторға 4 жібереді.Кесу күшінен М моментімен жүктелген, шпинделдің айналу жиілігі,реттегіш гидродроссельдің 6 өтпелі қимасының ауданының өзгеруі арқасында реттеледі.Және де гидрожетекте сақтауыш клапан 7 мен гидробак 8 қолданылады.
Анықтау керек:
1 Шпинделдің айналу жылдамдығын (гидромотор білігінің).
2 Гидрожетектің пайдаланылатын қуатын және оның ПӘК-ін.
3 Берілген моментте М максималды мүмкін шпинделдің айналу жиілігін,және де гидрожетектің ПӘК-ін.
Есептеу үшін бастапқы берілгендері:
;
.
Момент М және гидродросселдің өтпелі қимасының ауданының мәндері нұсқаның нөмірі бойынша 1 кестеден алынады.
Кесте 1 – Токарлы білдектің гидрожетегін есептеу үшін бастапқы берілгендері
Нұсқа
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
, Н.м
|
38
|
40
|
30
|
35
|
25
|
, мм2
|
2,5
|
2
|
5
|
4
|
3
|
2 Фрезерлі білдектің үстелінің гидрожетегі
Сурет 2 – Фрезерлі білдектің үстелінің гидрожетегінің сұлбасы
Гидрожетекте сорап 1 гидрореттегіш 2 арқылы жұмыс сұйықтықты, штогы фрезерлі білдектің үстелімен 4 байланысқан гидроцилиндрге 3 жеткізеді.Үстелдің қозғалыс жылдамдығы реттегіш гидродроссельдің 5 өтпелі қимасының ауданының өзгеруі арқасында реттеледі.F гидроцилиндр штогының күші кесу күшімен шартталған және үстелдің қозғалысына қарсы бағытталған.Және де гидрожетекте сақтауыш клапан 6 , фильтр 7 мен гидробак 8 қолданылады.
Анықтау керек:
1 Үстелдің қозғалыс жылдамдығын (гидроцилиндр піскегі).
2 Гидрожетектің пайдаланылатын қуатын және оның ПӘК-ін.
3 Берілген күште F максималды мүмкін үстелдің қозғалыс жылдамдығын,және де гидрожетектің ПӘК-ін.
Есептеу үшін бастапқы берілгендері:
.
Күштің және гидродросселдің өтпелі қимасының ауданының мәндері нұсқаның нөмірі бойынша 2 кестеден алынады.1-5 нұсқаларында гидрореттегіш 2 ,А позициясында орналасқан,ал 6-10 нұсқаларында Б позициясында.
Кесте 2 – Фрезерлі білдектің гидрожетегін есептеу үшін бастапқы берілгендері
Нұсқа
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
, кH
|
10
|
9
|
8
|
7.5
|
10
|
9
|
11
|
10
|
7.5
|
8
|
, мм2
|
2
|
3
|
4
|
5
|
4.5
|
3
|
4
|
4.5
|
5
|
6.5
|
3 Пресстің гидрожетегі
Сурет 3 – Пресс гидрожетегінің сұлбасы
Пресстеу кезінде (А позициясындағы гидрореттегіш 2)жұмыс сұйықтығы реттегіш сораптан 1 плунжерлі гидроцилиндрге 3 беріледі,керекті пресстеу F жасап,ал 2 бірдей гидроцилиндрден 4 және 5 шығарылған сұйықтық,өтпелі қимасының ауданы пресстеу кезіндегі пресс жабдығының қозғалыс жылдамдығымен анықталатын реттегіш гидродроссель 6 арқылы құйылады.Пресстің жұмыс жабдығын көтеру үшін,гидрореттегіш 2,Б позициясына ауысады.Сонда сұйықтық гидроцилиндрлерге 4 және 5 қарапайым кері клапан 7 мен,гидродроссельден 6 өтіп жеткізіледі.
Анықтау:Пресс жабдығының қозғалыс жылдамдығын (3,4 және 5 гидроцилиндрлердің плунжерін) және пресстеу мен көтеру кезіндегі гидрожетектің ПӘК-ін .
Есептеу үшін бастапқы берілгендері:
Фильтр мен гидрореттегіштің кедергісі –
Сұйықтықтың тұтқырлығы мен тығыздығы – ;
Кері клапанның 7 кедергісін,гидрожетектегі көлемді шығындар мен үйкеліс күштерін ескермеу .
және гидродросселдің өтпелі қимасының ауданының мәндері нұсқаның нөмірі бойынша 3 кестеден алынады.
Кесте 3 –Пресстің гидрожетегін есептеу үшін бастапқы берілгендері
Нұсқа
|
16
|
17
|
18
|
19
|
20
|
, кH
|
170
|
230
|
200
|
250
|
130
|
, мм2
|
0,25
|
0,4
|
0,3
|
0,2
|
0,15
|
Достарыңызбен бөлісу: |