Факультет: филология Кафедра: «Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы» 303 топ



бет3/3
Дата03.03.2022
өлшемі46.23 Kb.
#455945
1   2   3
Ишанова Ақниет 303 2 СӨЖ

Оразбек Сәрсенбай. Осы уақытқа шейін 20-дан астам жеке кітаптар бастырған. Оның әдеби сын, көркем публицистика, тарих, мәдениет, философия саласындағы жарияланымдары оқырманға кеңінен таныс.
Оразбек Сәрсенбай шығарманы бірнеше принцип ұстау арқылы жазады. Ең алғашқысы, ол өмірде болған, нақты адресі бар деректі жазу. Бірақ та, бұл жерде өмірден толық фотографиялық көшірме жасау деген сөз емес. Жазушы ең алдымен суреткер, сол үшінде фантазияға, ойдан шығаруға жүгібей тұра алмайды.
Жазушы бұл сұхбатында шығарманы жазуға арқау болатын оқиғалар болатынын айта кетіп. Өзінің «Жалғыз күрке» атты повесіндегі кейіпкері Дәуқара өмірде болған адам деп, мынандай мәлімет айтып кетеді: «Осы Дәқара туралы ел ішінде мынадай әңгіме бар. Ол жасында бір озбыр кісіден қиянат көреді. Кейін Дәуқара сол кісі қайда барса да соңынан қалмайтын болған. Тіпті, басқа жаққа қоныс аударып көшіп кетсе де, іздеп тауып алып, ол кісінің кірген-шыққанын көріп отыратындай жерге күркесін тігіп тұра береді екен.», - дейді. Міне, жазушының «Жалгыз күрке» повесінің жарық көруіне түрткі болған.
Ендігі кезекте Оразбек Сәрсенбайдың шығарма жазар алдында, барысындағы шығармашылық процесстерін сараласақ. Жазушы шығармаларын жаз және күз айларында, түстен кейінгі 2-3 аралықтарында жазады. Жұмыс орны таза, ерекше тыныш болуын алдын ала қарастырып, сапалық ақ қағазға, ұшқыр автоқаламмен жарақтанып. Өзінің туындысын жазуға бірден кіріспей, әрлі-берлі кезіп жүріп бірақ бастайды.
Қаламгер шығарманы жазу үстінде кейіпкерлердің аты-жөнін, түр түсін, қимыл-әрекетін, тіпті сөйлеу мәнерін қағазға жазып қоятын. Оның бірден бір себебі, жазу үстінде ұмытып қалмас үшін немесе қайталамас үшін жасалынатын жазушының шығармашылық процесстерінің бірі.
Сайын Мұратбеков.
Жазушы өзі шығармасын көп ойланып, толғанып барып жазатын қаламгерлердің бірі. Әр шығармасының бітуі де әр түрлі уақытты алады. Мысалы, жазушының «Біреу» деген шығармасын алатын болсақ, бұл туындының жазылып бітуіне 10 жыл уақыт кеткен. Ал, «Басында Үшқараның» атты хикаяты 2-3 күн уақыт алған. Сайын Мұратбеков күз бен қыс уақытында шығармаларын жазатын. «Жылдың бұл кездері маған өте тыныш, ыңғайлы, әрі көп ешкім мазаламайтын сияқты. Ойымда пісіп-жетілген шығармаларды осы кездерде жазуға тырысамын.» , - дейді.
Қорытындай келе, қандай туынды болмасын, оның астарында жазушының маңдай тері мен еңбегі жатыр. Жазушының шығармашылық процессі тек дерек көздерін іздеп, оны өндеп жаза салумен шектелмейді, жазушының шығармасының жарық көруінде – оның тақырыпты таңдауы, өзіндік толғанысы мен өмірлік факторлар, әр кейіпкердің образын жасап шығудағы әсер ететін ішкі және сыртқы факторларда орын алады. Жазушының шығармашылық еңбегі күрделі де қиын, оның бұралыңы да, асқар-асуы да көп.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ:

  1. Тарази Ә. Мұсалы Л. Көркемдік құпиясы.- Алматы: Санат, 2000-240 бет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет