Факультет: Физика-математика



бет11/18
Дата18.11.2022
өлшемі4.67 Mb.
#465140
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
жоба Мф-31 1-топ

Кометалар. Күн жүйесінің пнриферийінде шамамен 100 000 а.б. қашықтықта Оорта бұлтында кометалар тобы шоғырланған. Мұндай бұлт 100 млрд кометалар ядросына ие болуы мүмкін. Планеталардың, Күннің тіпті жақын жұлдыздардың тартылыс күштерінің әсерінен кейде олардың кейбіреулері Күн жүйесінің ішіне кіріп кетіп, Күнге қарай қозғала бастайды. Олардың аспан механикасының заңына бағынатын қозғалыстары өздеріне тән әр түрлі болады. Барлық планеталар Күнді айнала бір бағытта дөңгелек орбита бойымен (тік бағытта) шамамен бір жазықтықта (эклиптикада) айналады. Ал кометалар тіке бағытта да, яғни қарсы бағытта да өте созылыңқы орбита (эксцентрлі) бойымен эклиптикаға әр түрлі көлбеу бұрыш жасай айналады. Оның қозғалыс сипатынан құйрықты жұлдыз екенін айыруға болады.
Кометаның негізгі салмағы (1.16-сурет) оның ядросында жинақталған. Ол ядро кәдімгі мұздан, қатып қалған газдардан, қатты бөлшектерден, көмір қышқылының қоспасы бар су мұзынан, аммиактан және тозаңнан тұрады. Ядроның ұзындығы бірнеше ондаған километрге жетеді, ал салмағы 1022 г-ға дейін барады.

1.16-сурет. Жұлдызды аспандағы комета
Күнге жақындаған сайын Күн сәулесінің әсерінен мұз еріп булана бастайды да ядроның жанында газ-тозаңды бұлт пайда болады. Ол Күн сәулесін шағылдырады (кома) және қайта сәулелендіреді. Сондық- тан біз құйрықты жұлдызды қатты жарқырайтын дене түрінде көреміз. Кометаның соңынан Күн сәулесінің қысымынан әр уақытта Күнге қарсы бағытталған газ бен тозаңнан тұратын бөлшектер ілеседі. Оның ұзындығы жүздеген миллион километрден астам. Құйрықты Жұлдыз массасының миллионнан бір бөлігінен де аз шамасы оның құйрығында жинақталғанына қарамастан, ол жарықтың 99%-ын, ал ядро 0,1%- ын ғана шығарады. Мәселе мынада: ядро өте жинақы, оның үстіне оның шағылдыру коэффициенті төмен (альбедо).
Ұзақ периодты құйрықты жұлдыз (орбиталық периодтары 200 жылдан астам) ең алыс орналасқан планеталардан мыңдаған есе әрі шалғай аймақтардан ұшып келеді. Олардың орбиталары эклиптикамен барлық мүмкін болатын бұрыштар жасайды. Қысқа периодты құйрықты жұлдыздар (периодтары 200 жылдан аз) сыртқы планеталар аймақтарынан эклиптикадан алыс емес орбиталар бойымен тура бағытта қозғалып келеді.
Кометаның жарық ағыны шамасының қашықтыққа байланысты өзгерісі қарапайым формуламен беріледі:
Ф = (1.2)
мұндағы r+ - кометадан Жерге дейінгі а.б.-пен берілген қашықтық,r- Күннен кометаға дейінгі қашықтық, Ф0 шамасы r• а.б. болғандағы жарық ағыны, n көрсеткішінің орташа мәні 4-ке тең.
Жай көзге жақсы көрінетін жарықтығы күшті құйрықты жұл- дыздар сирек, жүз жылда оншақтысы кездеседі. Бақыланатын әйгілі кометалардың бірі Галлей. Адамзат оны екі ғасыр бойы бақылап келеді. 1995 жылдың тамыз айында Хейл-Бопп кометасы (оларды тапқан әуесқой астрономдар Хейл жөне Бопп есімдерімен аталған) көрінді. Оның ядросының диаметрі шамамен 40 км-ге тең. Түнгі аспандағы ең жарық жұлдыз Сүмбіледен де жарық болып көрінген комета жерден 200 млн км қашықтықта өтті.
Кометалардың жарқырауын, қозғалыс ерекшеліктерін зерттеп және сырларын аша отырып әлем құрылысының құпиясын білеміз. Бірінші рет 1986 1999 жылдары кометалардың ядросы зерттелді. Галлей кометасының ядросына жіберілген зонд 600 км қашықтыққа жақындады. Ядроның өлшемі 8 х 13 км шамасындай, қара түсті, бетінде кратерлер болды және құрылымы әр түрлі.
Күн жүйесінің ішкі аймағына енген Құйрықты жұлдыз уақыт өткен сайын бірте-бірте Күн жылуының әсерінен ыдырайды да ядроның газы планетааралық газға айналады, ал қатты бөліктері көптеген ұсақ метеорлық бөлшектерге бөлініп кетеді, олар бірте-бірте құйрықты жұлдыз орбитасы бойымен жалпақ ағын ретінде шашы- лады. Жер осындай ағынмен қиылысқанда ұсақ бөлшектер 11 км/с жылдамдықпен атмосфераға кіреді де тез қызып балқиды, сөйтіп, бірнеше километр биіктікте ұсақ бөлшектерге жарылып шашырап кетеді. Олардың тежелуі кезінде бөлініп шыққан энергия ауаның жарқырауын арттырады, осылайша түнгі аспанда Жерден бөлшектің жарық ізі көрінеді, бұл құбылысты метеорлар дейді. Ол заттың жерге жеткен бөлшектерін метеориттер деп атайды.
Метеориттер ғарыш денелерінің үлгілері. Оны зерттеу ғылымға үлкен үлес қосады. Сондықтан метеоритті көрген, оны тапқан әрбір адам ол жөнінде ғылыми орындарға хабарлауы керек.
Ірі метеориттер барлық планеталар мен олардың серіктерінің беткі қатты қабаттарына құлағанда із қалдырады. Жерде көптеген ірі кратерлер сақталған. Бірақ уақыт өткен сайын жер атмосферасының әсерлері (жел, жаңбырлар) олардың іздерін жасырады. Жерге күн сайын усақ метеориттер түсіп жатады. Жер бетіне ғарыш кеңістігінен бір тәулік ішінде жауатын заттардың толық массасы бірнеше жүз тоннаға жетеді (негізінен, өте кішкене бөлшектер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет