Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесінің төрағасы


Өсімдік майларының физико-химиялық көрсеткіштері



бет35/55
Дата20.09.2022
өлшемі0.72 Mb.
#460991
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55
Квалиметрия

2 Өсімдік майларының физико-химиялық көрсеткіштері
Қышқылдық сан (қ.с.) - 1 г майдың құрамындағы бос май қышқылдарын бейтараптауға қажетті калий сілтісінің (КОН) мөлшерін көрсетеді. Қышқылдық саны майдың жастығын сипаттайды. Ол бос май қышқылдарының сақтау үрдісіндегі майдың ыдырау санын көрсетеді. Қышқылдық сан көп болған сайын майдың жастығы төмен болады. Қышқылдық саны МЕМ СТ 5476-81 «Өсімдік майлары. Қышқылдық санын анықтау тәсілі» талабы бойынша анықталады.
Қышқылдық сан майдағы бос май қышқылдарының санын көрсетеді, олар сақтау процесінде әсіресе жарықтың жерінен глицеридтердің гидролиздік ыдырауынан және тотығу өзгерістерінен болады.
Бос май қышқылдары майдың дәмін нашарлатып, тотықтану процесін катализдеп, өнімнің сапасын бұзады.
2.1 Өсімдік майларының қышқылдық санын анықтау
Жұмыстың барысы: Ашық майларды зерттегенде өлшеп алынған 3-5 г майға 50 мл спирт пен диэтилэфирдің (1:2) бейтараптаған қоспасын құйып, 5 мл фенолфталеин тамызып, 0,1 н сілті (NaOH, KOH) ерітіндісімен қызғылт түске дейін титрлейді.
Қаралау майларға (тазартылмаған мақта майы) индикатор ретінде типофталинді қосып сілті ерітіндісімен сарыдан немесе қызылдан жасыл-қызыл немесе аздап көкшіл түске дейін титрлейді.
Қышқылдық санды мына формула бойынша есептейді:
Қ.с. = 5,611*к*v / m;
мұндағы: 5,611 – 0,1 сілті ерітіндісінің титрі;
к – 0,1 н сілті ерітіндісіне түзету;
v – титрлеуге кеткен 0,1 н сілті ерітіндісі;
m - өнімнің салмағы, г.
Қышқылдық санның (мг КОН/г) мөлшері майлардың түрлеріне байланысты келесі:

  1. тазартылған майларда 0,35-0,4; 2) гидратталған майларда 1,5-6,0;

  1. тазартылмаған майларда 1,5-6,0.

2.2 Ылғалды және ұшқыш заттарды анықтау
Майдағы ылғал мөлшерін МЕМ СТ 11812-86 «Өсімдік майлары. Ылғалды және ұшқыш заттарды анықтау тәсілдері» бойынша анықтайды.
Тәсіл өлшегішті тұрақты салмаққа дейін құрғатуға арналған. Ол үшін алдын-ала құрғақ болса 5 г май салып, 100-105 °С-та 30 минут ішінде тұрақты салмаққа дейін құрғатады. Эксикаторда суытылып, ылғалдың және ұшқыш заттардың массалық мөлшері мына формуламен есептеледі:
Х = (м-м1)*100 / м2;
мұндағы: Х – ылғал және ұшатын заттардың массалық мөлшері, %;
м – кептіруге дейінгі сынамасы бар бюксаның салмағы, г;
м1 - кептіруден кейінгі сынамасы бар бюксаның салмағы,г;
м2 – майдың салмағы, г.
Ылғал және ұшқыш заттардың массалық үлесі келесі:
1) тазартылған майларда 0,10 %;
2) тазартылмаған майларда 0,20-0,30 %;
3) гидратталған майларда 0,10-0,30 %.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет