«Фантастикалық әңгіме бос қиялға жетелемейді»



Дата27.01.2024
өлшемі97.8 Kb.
#489984
Бекқожа


«№ 2 жалпы білім беретін мектеп»


8 «Ә» сынып оқушысы Муса Бекқожа


«Фантастикалық әңгіме бос қиялға жетелемейді»
Адамзат баласы басқа жаратылғандардан ең көріктісі , ең көркемі.Санасы да өзге тіршілік иелерінен ерекше жаратылған тіршілік иесі. Табиғат құбылыстарына,алапат құйын, жел мен боран , әртүрлі табиғатта болып жатқан алапаттарға күші жетпесе де сана мен ақылды, қиял мен арманды, сансыз ойды басқара алатын жаратқанның ерекше жаратылысы болып табылады. Адамзат адамзат болып жаратылғалы жақсылықтан күдер үзбеді. Армандады, арманына жету жолында еңбектенді. Әрекет жасады. Қиялдады қиялының жемісін көркем бейнені ойы арқылы шындыққа айналдыра білді. Фантастика да- сол ойдың, қиялдың жемісі.Оған жетуге болады. Ертеде дана халқымыз жақсы күндер болса, жақсылықта өмір сүрсек деген сеніммен, үмітпен жүрген. Қазақта «арманың айқын болса, мұратыңа жетесің» деген сөз бар.Иә, фантастика дегенде көз алдымызға, санамызға, ойымызға аспанда қалықтап қанат бітіп ұшу, бұлтты ұстау, жұлдыздармен кездесу, жануарлармен тілдесу, секілді қияли нәрселер елестейді. Әрине ойға қонымсыз, бірақ дәл сондай арманның жетегі шындыққа ұласатыны айқын болды десем артық емес сияқты. Өйткені зымыран, ұшақты алайық ол аспанға ұшсам екен деген қиялдан туған нәрсе. Жұлдыздармен кездесу сияқты ойға қонымсыз болса да, зымыран , ғарыштық зерттеулер арқылы жұлдыздарды көруге де мүмкіндік туды емес пе?!Тіпті жақынырақ көруге болады. Ал жануарлармен тілдесу ше, ол да санаға сыймайтындай көрінеді , бірақ осы кезге дейін төрт түлікті шақыру арқылы басқаруды, үйреніп те меңгердік. Сонымен қатар, итпен қатынас түрлі командалар беру арқылы айнымас адамның досына айнала білгеніне адамзат баласының жануармен тілдесудің жемісі екеніне қуанасың. Сондықтан да фантастика да ,қиял да шын дәлелденген ойдың жемісі деп білемін. Фантастика арқылы дәлелденген нәрселер жетіп –ақ жатыр. Мысылы ертегідегі Толағайды алып қараңызшы, оның туылып, өсуінің өзінде адамның таусылмас арман мұраты жатыр . Халық армандаған , қиялдан туған ерекше күш иесі Толағай шөлдеген жұртына тауды көтергенін бәріміз білеміз. Ал қазіргі таңда Толағайдың тауды көтергені сияқты, соған туралатып зіл темір кір тасын көтеру спорт түрі ойлап табылды емес пе?! Менің айтпағым, фантастика шын өмірмен байланысты және технология қарыштаған заманда әлі де адамзат баласының қол жеткізер талай жетістіктеріне лайым сенемін. Әрине, барлығы жақсы нәрсемен, тура нәрсеге бағыталатын дүниелер болса деп армандаймын. Ата бабамыз қиялдан алысқа , болашаққа жетер ойдың жемісін көрмесе де, ұрпағы көрді.Адамзат баласына пайдалы, мұратқа жеткізер сан қиял жемісінің нәтижесі болашақтың еншісінде деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет