«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Дата16.06.2016
өлшемі101.61 Kb.
#138582




Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы «___» ________

№ _______ бұйрығына

2-қосымша




«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Аэроғарыш комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

2) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлікті беру кезінде -5 (бес) жұмыс күні;

куәліктің телнұсқасын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күні;

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап, екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық емес факті белгіленген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші аталған мерзімде бұдан әрі өтінішті қараудан дәлелді түрде бас тартады;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты -15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік), куәліктің телнұсқасы, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжделген бас тарту туралы жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін қағаз тасығышта алуға жүгінген кезде куәлік электрондық нысанда рәсімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметі беруші басшысының қолтаңбасы мен мөрімен куәландырады.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі -көрсетілетін қызметті алушы) ақылы көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін тіркеу алымы төленеді, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес:

1) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін - 14 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК), республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы АЕК мөлшері негізге алына отырып;

2) ғарыш объектілерінің және оларға құқықтардың мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжаттың телнұсқасын бергені үшін - 3,5 АЕК құрайды.

Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуге алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады, олар төлемнің көлемі мен күнін растайтын түбіртек немесе төлемдік тапсырма береді.

Портал арқылы мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда, тіркеу алымын төлеу «электрондық үкімет» төлем шлюзі арқылы (бұдан әрі - ЭҮТШ) жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерден басқа, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге:

куәлікті алу үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;

ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат;

куәліктің телнұсқасын алу үшін (куәлік жоғалған, бүлінген жағдайда, егер бұрын берілген куәлік қағаз түрінде рәсімделген болса):

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес өтініш;

куәліктің телнұсқасын бергені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат;

2) порталға:

куәлікті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі;

ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын электрондық құжат;

куәліктің телнұсқасын алу үшін (куәлік жоғалған, бүлінген жағдайда, егер бұрын берілген куәлік қағаз түрінде рәсімделген болса):

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

куәліктің телнұсқасын бергені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын электрондық құжат.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, көрсетілетін қызметті алушының дара кәсіпкер ретінде тіркелгені туралы, тіркеу алымын ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) төлеу туралы, ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы, дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін:

көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз тасығышта өтінішті қабылдағаны туралы растау оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген кеңседе тіркелгені туралы белгі болып табылады;

порталға – «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылдағаны туралы мәртебе жолданады.

10. Мыналар:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;

3) ғарыш объектісіне билік етуді шектейтін немесе жоятын ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалығының болуы;

4) ғарыш объектісіне билік ету құқығын шектейтін немесе жоятын заңды күшіне енген сот шешімі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 12-кіреберіс, 349-кабинет мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына, не көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жіберіледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылдағанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, түскен шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпарат бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы қолжетімді.

Шағымды портал арқылы жолдаған кезде «жеке кабинеттен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның – оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы;

2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошталық байланыс арқылы жолданады, не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады.



4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын
өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің телефоны: 8 (717 2) 74-25-82, Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефоны: (1414).

«Ғарыш объектілері және 
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрлігінің

Аэроғарыш комитеті




Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы
өтініш

______________________________________________________________тиесілі (мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және оның тіркелген жері) _____________________________________________________ ғарыш объектісін



(ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)

Ғарыш объектілерінің тіркеліміне және ____________________________________________________________ негізінде

(құқық белгілейтін құжаттың атауы)

оған құқықты* тіркеуіңізді сұраймын.

Ғарыш объектісінің ұшырылатын (болжамды ұшырылатын) күні және жері: ________________________________________________«___»_______________

Орбитаның негізгі параметрлері: апогей, км _____ перигей, км ________

еңіс бұрышы, град._________________ айналу кезеңі, сек. ________________

Қосымша мәліметтер:____________________________________________


____________________________________________________________________

Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін: __________________________________________________________________


ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді

____________________________________ ___________ ____________________


(өтініш беруші) (қолы) (Т.А.Ә.)

М.О.
20___ ж. «___» ___________

Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне қатысты толтырылады

«Ғарыш объектілері және 


оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу» мемлекеттік   
көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрлігінің

Аэроғарыш комитеті




Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің

телнұсқасын алуға өтініш

__________________________________________________________ғарыш



(ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)

объектісіне 20___ жылғы «___» ___________ № _____ Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беруіңізді сұраймын.


Телнұсқаны сұраудың себебі:__________________________________________ ____________________________________________________________________

Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:___________________________

____________________________________________________________________

(өтінішке көрсетілген жағдайларды растайтын құжаттар)


ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді
____________________________________ ___________ __________________
(өтініш беруші) (қолы) (Т.А.Ә.)
      М.О.
20___ ж. «___» ___________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет